Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Уруаһ ибн Әз-Зүбәйр
21 желтоқсан, 2015 жыл 67 Басып шығару нұсқасы

«Кімде-кім жәннат тұрғындарының жүзін көріп көзайым болғысы келсе, Уруаһ ибн Әз-Зүбәйрге қарасын».

 

(Абдүлмәлик ибн Мәруан)

 

 

Батуға таяп қалған күннің соңғы шапағы Алланың қасиетті үйін алтынмен апталған өрнекті қабырғадай безендіріп тұр. Кәғбаны тауаф қылып жүрген Алла елшісінің (с.ғ.с) жер бетінде қалған сахабалары мен үлкен тәбиғиндердің «Алладан басқа тәңір жоқ» деген тәһлилдері мен әлемдердің Иесін дәріптеген үндері ауаға әтір шашып тұрғандай болды, олардың салих дұғалары шартарапты толтырып жатты. Мешіттің ішінде адамдар ұлығ Кәғбаны айнала қоршап, ерекше құрмет білдіріп отыра бастады. Ауыздарынан ешқандай бос сөз немесе күнәға бастар сөз шықпай, әңгіме-дүкен құрып отырғандардың Кәғбаға көзі тоймай қараған сәттегі, жанарларынан тек қана көне үйді көруге болатын еді. Кәғбаның «Иемен тірегі» деп аталатын қабырғасына таяу жерде жүздері нұрлы төрт жігіт отыр. Аппақ киім киген, үстерінен әтір иісі аңқыған, бір-біріне деген көңілдері кіршіксіз таза осы бір әулеттің жігіттері мешіттің ақ көгершіндері сияқты еді.

 

 

Олар – Абдұллаһ ибн Әз-Зүбәйр, оның інісі Мұсғаб ибн Әз-Зүбәйр және олардың екі бауыры Уруаһ ибн Әз-Зүбәйр мен Абдүлмәлик ибн Мәруан. Тақуа жастар баяу үнмен шүйіркелесе сөйлесіп отырды. Кенет, олардың бірі «Әркім Алладан тілегенін сұрасын», - деді. Олардың қиялдары көк әлемінде самғап, армандары жәннат бағын кезді.

 

 

Біраз уақыттан кейін тыныштықты Абдұллаһ ибн Әз-Зүбәйр бұзды.

 

 

–Менің тілегім – Хижаз аумағына иелік қылып, Халифаһ болу, - деді ол. Оның бауыры Мұсғаб:

 

 

 


  • Менің арманым – екі Иракқа, яғни Куфа мен Басраға басшылық ету, бұған ешкім дауласпаса екен, - деді. Сонда Абдүлмәлик ибн Мәруан:

  • Сендер осы айтқандарыңмен қанағаттансаңдар, менің арманым жер бетіне ие болып, Мұғауияһ ибн Әбу Суфяннан кейін Халифаһ болу, - деді.


  •  

 

 

 

Уруаһ ибн Әз-Зүбәйр үн қатпады, ешнәрсе айтқан жоқ. Достарының бәрі енді соған қарады.

 

 

 


  • Сен не сұрадың?

  • Дүние ісі бойынша сұрағандарына Алла береке берсін. Ал мен Алланың кітабы Құран мен Пайғамбардың (с.ғ.с) дәстүрі – сүнеттің білімін тарататын, адамдарға Ислам дінінде тәлім беретін ғалым әрі тақуа болуды және ақыретте Тәңірдің ризашылығына бөленіп, жәннатқа кіруді тіледім, - деді Уруаһ.


  •  

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары