Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шариғат үкімдері. Бірінші дәріс
05 ақпан, 2014 жыл 3677 Басып шығару нұсқасы

Шариғат үкімдеріФиқһ сөзінің түсінігі және оның бөлімдері.
Фиқһ сөзінің сөздіктегі мағынасы-түсіну немесе бір нәрсені білу.
Ал, фиқһ сөзінің негізгі мағынасы-анық дәлелдерден алынған, амал қылатын шариғат үкімдерін білу.
Пайдасы: екі дүниенің бақытына жету. Бұл дүниедегі пайдасын алсақ-қараңғылықтан білімнің шыңына шығып, Алла Тағаланың ризалығына бөленетіндей дұрыс амал қылу, яғни, адамдар өздеріне не бұйырылғанын және неден тыйылғандарын білу. Ал, ақіреттегі пайдасы мәңгі нығметке бөлену.
Шариғат үкімдерінің қысымдары
Біріншісі, парыз - парыздың парыз болуы, шүбәсіз, күмәнсіз нақты дәлелмен келеді. Мысалы: (бес уақыт намаз, зекет, қажылық т.б.) осы құлшылықтардың дәлелі Құран Кәріммен және мутауатир болған сүннет. Мутауатир сөзінің мағынасы-бір хадисті көптеген адам өздерінен кейінгі көптеген адамдарға жеткізу және де сол адамдар өзара келісіп, сол хадиске өтірік кіргізбейтіндігіне сенімді болу.
Парыздың үкімі-парыз болған амалдың, өзіне парыз екендігін міндет тұту және сену. Парыздың парыздылығына сенбесе, діннен шығады. Ал егер парыз болған амалдарды орындамаса, күнәһар болып, қияметте жазаға тартылады.
Парыз екіге бөлінеді. Біріншісі, парыз айн - оны, әрбір ақыл-есі дұрыс және балиғат жасқа толған адамның орындауын шариғат талап етеді. Мысалы: (бес уақыт намаз, қажылық және арамнан бойын аулақ ұстау т.б.)
Екіншісі, парыз кифая - оны, бір адамның өтеуі арқылы қалған адамдардың мойнынан шариғат түсіреді. Мысалы: (жаназа намазы және бір адамды жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыю). Егерде парыз кифая болған амалды көпшіліктің ішінен біреуі де өтемесе, көпшіліктің барлығы күнәда болады. (жалғасы бар)

 

Нурульизох кітабынан алынған шариғат мәселелері

 

 

Араб тілінен аударғандар:
Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары
Бекболат Зулжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы.

 

 

 

 


 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары