Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бір сұрақпен бір қауымды иманға үйіру...
19 тамыз, 2014 жыл 49 Басып шығару нұсқасы

Бір сұрақпен бір қауымды иманға үйіру...Бір күні Әбу Язид Бистамидің ұстазы Бистамиге: «Бүгін өзге дін өкілдерінің діни мерекесі, дәрет алып сен соған бар, Алла Тағаланың бір хикметін көресің», – дейді. Ұстазының сөзін екі етпейтін Әбу Язид Басрадағы ұстазы айтқан жерге барады. Барса, әлгі қауымның басшысы жиналған көпшіліктің алдына шығып, сөз алып: «Ей, қауымым! Сендердің араларыңда Мұхаммедке (с.ғ.с.) ерген бір адам бар, сол адам араларыңнан шықпайынша мен сөйлей алмаймын», – дейді. Сонда қауымы: «Сен оны қайдан білдің?» – деп сұрайды. Сонда әлгі басшы: «Олардың белгісі көп сәжде қылғаннан маңдайларында белгісі болады», – деп, Әбу Язидке «шық!» деп әмір етеді. Сол кезде Әбу Язид оған: «Екеуіміздің арамызды Алла Тағала ақиқатымен айырмайынша мен кетпеймін», – дейді. Сонда басшы тұрып: «Әбу Язид, онда біз саған бірнеше сұрақ қоямыз, егер де бір сұраққа болсын жауап бере алмасаң, осы жерден мәйітін шығады, ал егер барлық сұраққа жауап берсең, сенің пайғамбарыңа иман келтіреміз», – дейді. Әбу Язид: «Қалағандарынды сұраңдар», – дейді. Басшы тұрып:
1. «Ол жалғыз, екіншісі жоқ?
2. Олар екеу, үшіншісі жоқ?
3. Олар төртеу, бесіншісі жоқ?
4. Олар бесеу, алтыншысы жоқ?
5. Олар алтау, жетіншісі жоқ?
8. Олар жетеу, сегізіншісі жоқ?
7. Олар сегіз, тоғызыншысы жоқ?
8. Олар тоғыз, оныншысы жоқ?
9. Олар он және одан да асып көбейеді?
10. Бауыр кім?
11. Он екі нәрседен тұратын мұғжизаны ата?
12. Біреуі тұрып, біз он үшпіз?
13. Алла тағаламен тілдескен он төрт нәрсе?
14. Не нәрсе жаны жоқ бола тұра, дем алады?
15. Қандай қабір иесімен бірге көшіп жүреді?
16. Не нәрсені Алла Тағала жаратып, Ұлы деді?
17. Не нәрсені Алла Тағала жаратып, жек көрді?
18. Нені Алла Тағала ата-анасыз жаратты?
19. Өтірік айтып жәннатқа кіретіндер кім?
20. Шындық айтып тұрып, тозаққа кіретіндер кімдер?
21. Он екі бұтақтан тұратын ағаш бар, әр бұтағында отыз жапырақ бар, әр жапырағында бес жемістен бар. Жемістің екеуі күннің жарығында болса, үшеуі түнде, ол не?
22. Зәрияти зәруа, уәл хәмиляти уйқро, жәрияти юсро. Уәл мұқассимати әмро? Осы сұрақтардың жауабын бер», – дейді.
Сонда Әбу Язидтің жүрегіне Алла Тағала тыныштық орнатып, Сұрақтарына жауап бере бастайды.
1. Ол жалғыз, екіншісі жоқ дегенің –  Алла Тағала.
2. Олар екеу, үшіншісі жоқ дегенің – Күн мен Түн.
3. Олар үшеу, төртіншісі жоқ дегенің – Мұса (ғ.с.) мен Қызырдың арасындағы үш мәселе: біріншісі, Мұса екеуінің қайыққа мініп, Қызырдың қайықты тесуі, екіншісі баланы өлтіруі, үшіншісі бір ауылға келгенінде, оны ешбір үйдің қонақ қылмауы.
4. Олар төртеу бесіншісі жоқ дегенің – төрт кітап: Тәурат, Забур, Інжіл, Құран.
5. Олар бесеу, алтыншысы жоқ дегенің – Алла Тағала парыз қылған бес уақыт намаз.
6. Олар алтау, жетіншісі жоқ дегенің – шындығында, Алла Тағала «Аспан мен Жерді алты күнде жараттық» дейді. Осы кезде басшы Әбу Язидті тоқтатып: «Неге аяттың соңында Алла Тағала «жеті қат Аспан мен Жерді жаратқанда біз шаршамадық» деп айтты», – деп сұрады. Сонда Әбу Язид: «Себебі, яһудилер «Алла Тағала алты күнде жаратып, жетінші күні, яғни сенбі күні демалды» деген. Алла ондай кемшіліктен пәк болғаны үшін солай деді», – дейді.
7. Олар жетеу, сегізіншісі жоқ дегенің – жеті қат аспан.
8. Олар сегіз, тоғызыншысы жоқ дегенің – Қиямет күнінде Алла Тағаланың Аршын сегізі көтереді (Хақ сүресі).
9. Олар тоғыз, оныншысы жоқ дегенің – Мұса (ғ.с.) мұғжизалары: 1. қол, 2. таяқ, 3. теңіздің қақ жарылуы, 4. топан су, 5. жылан. 6 шегіртке, 7. бит 8. бақа 9. қан.
10. Олар он, және одан да асып көбейеді дегенің – кімде-кім жақсылық істесе, Алла Тағала сауабын он есе қылып береді, кімге қаласа, оған одан да арттырады.
11. Он бір бауыры кім дегенің – Жүсіп пайғамбардың (ғ.с.) он бір бауыры.
12. Он екі нәрседен тұратын мұғжиза дегенің – Мұса (ғ.с.) тасты ұрғанында, он екі рудан тұратын қауымына он екі бұлақтың ағуы.
13. Біреуі тұрып, біз он үшпіз дегені – Жүсіп пайғамбардың (ғ.с.) ата-анасы және он бір бауыры.
14. Алла Тағаламен тілдескен он төрт нәрсе – жеті қат Аспан мен жеті қат Жер. Алла Тағала «өздерін бойұсынып келесіңдер ме, әлде мен күштеп бойұсындырайын ба?» дегенде, «өзіміз келеміз» деген.
15. Не нәрсе жаны жоқ бола тұра, дем алады – Құранда Алла Тағала: «Демалған таңмен ант» деген.
16. Қандай қабір иесімен бірге көшіп жүрді дегенің – Жүніс пайғамбарды (ғ.с.) жұтқан балық.
17. Не нәрсені Алла Тағала жаратып, Ұлы деді – әйелдердің айласы.
18. Не нәрсені Алла Тағала жаратып, жек көрді – есектің дауысын.
19. Қандай нәрселерді Алла Тағала ата-анасыз жаратты – Адамды (ғ.с.), періштелерді, Исмайлге (ғ.с.) берілген қойды, Солихке (ғ.с.) берілген түйені.
20. Өтірік айтып жәннатқа кіретіндер кімдер? Жүсіп пайғамбардың (ғ.с.) бауырлары.
21. Шындық айтып тұрып, тозаққа кіретіндер кімдер? Насар мен яһудилер. Себебі, екеуі бір-бірінікін дұрыс емес деп айтады.
21. Он екі бұтақтан тұратын ағаш бар, әр бұтағында отыз жапырақ бар, әр жапырағында бес жемістен бар. Жемістің екеуі күннің жарығында болса, үшеуі түнде дегенің – жыл, он екі ай, отыз күн, бес уақыт намаз. Оның таң, шам, құптан намазы түнде болса, бесін, аср намаздары – күндіз.
22. Зәрияти зәруа – жел, уәл хәмиляти уйқро – жауын суын арқалаған бұлттар, уәл жәрияти юсро – көлде жүрген кемелер, уәл мұқассимати әмро – Алла Тағала біздің ырзығымызды сауабымызды, күнәмізді жазуға әмір еткен періштелер.
Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін, қауымның басшысына бұрылып, мен саған бір-ақ сұрақ қоямын, соған жауап бер дейді де: «Жәннаттың кілті не?» – дейді. Қауымның басшысы үндемей қалады. Артында тұрған қауымы: «Ол сенің қаншама сұрағыңа жауап бергенде, сен оның бір сұрағына жауап бере алмайсың ба?» – деп айқайлайды. Сонда басшы тұрып: «Алланың антымен ант етемін, мен бұл сұрақтың жауабын білемін, мен тек сендерден қорқып, жауабын айта алмай тұрмын», – дейді. Қауымы сонда қорықпа біз сенің соңыңнан ереміз, айт жауабын», – дегенде, басшы: «Жәннаттың кілті – «Лә иләһә илалла, Мұхаммед Расулалла», – дейді.


Қадірменді мұсылман қауым! Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Алла Тағала әр жүз жылда дінінің мәртебесін көтеретін яғни, жат нәрселерден тазалап, дінді дұрыстайтын ғалымдар жібереді», – деген. Сондықтан, өз заманының көрнекті ғалымы атанған Бистамидің (рахматуллаһ ғаләйһи) өмірінен ғибрат алайық!


Арабшадан аударғандар:
Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары: Бекболат Зүлжаладдин,  Дархан Асылтайұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары