Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Біз бұларды білдік пе?
12 сәуір, 2016 жыл 622 Басып шығару нұсқасы
  1. Камераның атасы – Ибн Хайсам

Әлемде алғаш рет сәуленің линзадан сынып өтуімен заттың көрінетінін ашқан 10 ғасырда өмір сүрген мұсылман ғалымы – Ибн Хайсам болды. Ол оптикада бейненің қалай пайда болатынына қатысты теориясын да алға тартқан. Фотоаппараттың алғашқы моделін және қараңғы бөлмеде бейнелерді көруді де алғашқы болып тәжірибе еткен Хайсам болатын. Қараңғы бөлме ішінде қабырғадағы линзадан өткен сәуленің қабырғаға төңкеріліп түсетінін алғаш болып ашқан математик Хайсамның бұл жаңалығы бүгінде камераларда кеңінен пайдаланылуда. Сол себепті, Ибн Хайсамды «камераның атасы» дейміз.

1


  1. Алғашқы рак ауруына ота жасаған ғалым ­– Ибн Аббас

Әли ибн Аббас (? – 994) мың жыл бұрын алғаш рак ауруына ота жасаған мұсылман ғалым. Ол 10 ғасырда жамбас қатерлі ісігі жайында жазбалар жазғаны секілді отасын да жасады. Яғни, күніміздегі қатерлі ісік отасының негізін қалаған осы Әли ибн Аббас. Сондай-ақ, капилляр тамырларының жүйесін де алғаш ұсынған ғалым.

2


  1. Ұшақ алғашқы тәжірибешісі – Аббас ибн Фирнас

Тарихта алғаш рет ұшуды тәжірибе жүзінде жүзеге асырған және сол үшін арнайы ұшатын машина жасап шыққан адам – Аббас ибн Фирнас. Ол 9 ғасырда қанаты бар, құсқа ұқсаған бір «ұшақ» жасап шығарады. Бұл «ұшағын» ол алғаш Құртубада сынап көреді. Ұшақ ауада бірнеше минут қалқып барып құлайды. Аббас ибн Фирнас да бұдан белінен зақым алады. Десек те, мұсылан ғалымы ұшақты ең алғашқы тәжірибе еткендерден болды. Ал Леонардо да Винчидің осыдан соң жүздеген жылдардан кейін ғана бір ұшақтың дизайнын сызғанын, бірақ еш тәжірибе жасап ұшпағанын білеміз.

3


  1. Сабын – мұсылмандардың тапқаны

Бүгінгі күні қолданып жүрген сабынымызды өсімдік майларын қоспа ретінде пайдалана отырып алғаш жасап шыққан арабтар болды. Крест жорығындағы Христиан әскерлерінің өте сирек шомылатындықтан сасып жүрулері мұсылман әскерлері тарапынан қатты таңырқататын. Ежелгі Мысырда сабын пайдаланылатын еді, бірақ арабтар өсімдік майын қоса отырып күнімізде пайдаланып жүрген хош иісті сабындар шығарды. Шампунды да ойлап тапқан арабтар болды. Ал Англияға шампун алғаш рет 1759 жылы ғана барды.

4


  1. Хирургия саласында алғаш «энциклопедия» жасап шыққан – әл-Заһрау

1000-шы жылдарда доктор әл-Заһрауи хирургия саласында бір энциклопедия саналған суреттерімен 1500 беттік үлкен бір еңбек жазып шығарады. 500 жыл бұрынғы уақытқа дейін бұл еңбек Еуропада да пайдаланылып келді. Хирургия саласындағы көптеген жаңалықты ашқан, оның ішінде қойдың ішегінен жасалған жіппен жараларды тігу, жазылған соң тігістерді алу техникаларын алғаш қолданған да әл-Заһрауи.

5


  1. Иір ойықты оқтарды тапқан ­– Мехмет Фатих Сұлтан

Минометті алғаш ашқан және иір ойықты зеңбірек оқтарын ойлап тауып, құйғызған, Пайғамбарымыздың мұғжизасын жүзеге асырып, Константинополді жаулап Ыстамбұл қылған падишах Мехмет Фатих Сұлтан болды. Фатихтің өзі ойлап тауып «шахи» есімі берілген 17 тонналық зеңбірегі 1,5 тонналық болаттан құйған оғын 1 шақырымға дейін атып жеткізуімен ерекшеленді. Бұл зеңбіректерді тек 100 өгіз, 700 әскермен ғана тарта алатын еді.

6


  1. Дәрігерлердің сұлтаны – Ибн Сина

Ибн Сина (980 – 1037) ­– еңбектері Еуропа университеттерінде 600 жыл бойы негізгі кітап ретінде оқытылып келген дәрігер. Ибн Сина жастайынан өз заманының барлық білім саласын жетік меңгерген. Ең көп пәлсапа мен медицина саласына қатысты жазған еңбектерімен танылған. Математика, астономия, геометрия және медицина саласына үлкен еңбектер сіңірді. Оның «Әл-Қанун фит-Тыб» (Медицина заңы) есімді еңбегі 16 ғасырға дейін Батыс елдерінде, ал 19 ғасырға дейін мұсылман елдерінде оқытылып келді.

7


  1. Кофе.

Кофе ағашының отаны саналған Эфиопияның Каффа қаласы араб тілінде «Қаһуа» деп аталады. Сол себепті арабтарда кофе осы кофе шыққан «Қаһуа» жерімен байланысты аталады. Негізінен кофе шықпастан бұрын да арабтар көңіл күй сыйлайтын ішімдікке «қаһуа» сөзін қолданған. Кейін бұл сөз Еуропаға «кофе» болып өзгеріп тараған. Англияға кофені алғаш апарған да, алғаш кофехана ашқан да Pasqua Rosée есімді түрік еді. Шын есімі – Паша Риза.

8
 

  1. Компьютердің атасы ­– Жәзәри.

Жәзәри (1136-1206) алғашқы жүйелік инженер және алғашқы кибернетик, сондай-ақ электроника маманы, компьютердің атасы. Толық аты – Жизралы Әбул-Из (Әбул Из Исмаил Ибни Раззаз әл-Жәзәри). Еуропада әл-Жәзәри есімімен танымал. Жәзәри 12 ғасырда автоматтандыру және автоматтандырылған жүйенің құрушы саналған адам. Ең танымал кітабы – «Механика құрылысы үшін пайдалы ақпараттар мен бағдарламалар». Бұл еңбегінде ол 50 құралдың қолданыс схемасы сызып көрсетілген.

9


  1. Әуеде ұшқан алғашқы түрік – Хазерфен Ахмет Челеби

  2.  

Хазерфен Ахмет Челеби планеризм спортының алғашқы бастамашысы. Ол 1632 жылы құс қанатына ұқсатып қолдан жасаған ұшағымен Ыстамбұлдағы Галата мұнарасынан секіреді. Осылайша Босфор бұғазының үстінен кесіп өтіп, 3358 метрлік қашықтықты бағындырады.

11


  1. Вакцина Ислам әлемінде пайда болған




  2.  
  3.  
  4.  

Шешек ауруына қарсы вакцина Еуропадан 50 жыл бұрын Османлы мемлекетінде балаларға қолданылған. Бұл вакцинаны көрген Англия елшісінің әйелі Lady Montagu бұны өз еліне апармақ болады, бірақ ғылым адамдары мен шіркеу қызметкерлері тарапынан наразылық көреді.

12
 

  1. Көз дәрігері Хунәйн бин Ысқақ
     

Хунәйн бин Ысқақ көз дәрігерлерінің алғашқысы. Оның әкесі дәріханашы еді. Әкесінің зертханасындағы құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер оның бұл салаға деген қызығушылығын оятады. Ол бағдатқа барып, Яхия бин Мәсәуәиһтан және басқа да ғалымдардан медицина саласынан ілім алады. Осылайша ол көз саласында мәшһүр болады. Көзге қатысты еңбектері осы саладағы ең құнды еңбектердің қатарнан орын алды. Бұл салада алғашқы еңбек жазу мәртебесі Хунәйнға бұйырып, өз заманында медицина саласындағы ең жоғарғы дәрежеге жетеді.

13
 

  1. Тригонометрия қолданған және Жердің айналатынын айтқан Бируни
     

Бируни Жердің айналатынын алғаш тапқан ғалым. Сондай-ақ, Жақсы Үміт Мыс, Америка, Жапонияның бар екенін сөз еткен Бируни Кристофор Колумбтан 500 жыл бұрын Американың бар екенін білдіріп кеткен. Математика, геология, география, медицина, философия, физика, астрономия секілді салалардың маманы болған Бируни тригонометрияны қолдана отырып, таудың биіктігін өлшеген. Сосын биіктігін білген бір нүктеден көкжиектің құлау бұрышын өлшеу жолымен меридиан сызықтарының ұзындығын есептеуде де геометриялық бір әрекет жасаған болатын.

14
 

  1. Химияның атасы – Жәбир ибн Хаййан
     

Сұйықтықтарды әр түрлі температурада қайнатып, бір-бірінен айыруды да алғаш тапқан мұсылман ғалымы Жәбир ибн Хаййан болатын. Эмпирикалық зерттеу аса мән берген ғалымның ең маңызды зерттеуі – қышқылдармен жұмыс істеу. Бұрынғы заманда сірке суынан асқан қышқыл бары белгісіз еді. Күнімізде химия индустриясының маңызды дүниелеріне айналған күкірт және азот қышқылдарын да осы Жабир тапты.

15

  1. Күмбез бен арка
     

Күмбез бен арка Еуропаға Ислам әлемінен барған сәулет. Әзіресе күмбез тәріздес сәулет Еуропаға Ислам сәулетшілері арқылы жеткен. Әсіресе ағылшын королі 5 Генрих сарайының сәулетшісі мұсылман екенін де атап өтуіміз керек.


16


  1. Жел диірмені

  2.  

Жер диірмені алғаш рет Иранда пайда болып, араб өлкелерінде жетілдірілген. Еуропа болса тек 500 жылдан кейін ғана қолдана бастаған.


17


  1. Танымал теңіз саяхатшысы – Пири Реис

  2.  

Америка құрлығының барын Кристофор Колумбтан бұрын білген танымал теңіз саяхатшысы. Түркияның Гелиболу аймағында туған Пири Реис қаншама жылдар бойы Ақ теңізді кезеді. Барлық порттар мен жағалауларды мұқият зерттейді. Барлық әрекетін тіркеп, жазып отырған. Пири Реис Китаби Бахрия атты еңбегінде Егей және Ақ теңіздің жағалауларындағы қалалар мен елдерді анықтап, бәрін сурет түрінде карталарын сызған. Сондай-ақ, теңіз және кеме мәселесінде маңызды мәліметтер қалдырған.

18


  1. Кілем

  2.  

Кілем тоқу техникалары да мұсылмандар тарапынан Еуропаға жеткен.

19


  1. Піл сағаты моделі

  2.  

Мұсылман ғалымы Әл-Жәзәридің кітабынан алынған піл сағаты. Пілдің қарнында орналастырылған сумен жұмыс істейтін бір механика әрбір жарты сағат сайын пілдің ең басында отырған адамды бір жанына қарай жантайтып, жоғарыдағы қос құстың тұмсығынан домалақ тас шығып, астындағы жыланның аузына түседі. Жыланның басы бұл домалақ тастың себебінен төмен қарай жайлап түсіп, төменде тұрған кеселерге түседі. Осы кезде пілдің басында отырған адам дабыл соғады, ал пілдің үстіндегі күйменің ішінде отырған адам қолындағы сағаттың тілі рөліндегі қаламмен жарты сағатқа ілгері жылжып айналады.


 20


  1. Жер және Күн


9 ғасырда Ислам ғалымдарының көбі Жердің Күнді айналып қозғалатынын айтқан. Яғни, Галилеодан тура 500 жыл бұрын. Сол кездегі болжамды өлшем бойынша Жердің диаметрі 40 мың 253 километр еді. Қазіргі өлшемнен 200 километр аз болған.

21
 

  1. Микробтарды алғаш білген ғалым – Ақшамсәддин


«Мүддәт’ул-Хайат» атты еңбегінде былай деп жазады: «Аурудың адам бойында жеке басында шығады деген ұғым қате. Ауру адамнан адамға жұғады. Бұл жұғу көзге көрінбейтін кішкентай, бірақ жанды бір тұқымдардың себебімен болады». Осылайша ғалым 500 жыл бұрын микробты анықтайды. Пастердің арнайы аспаптармен анықтай алған микробтарынан Ақшамсәддин одан 4 ғасыр бұрын хабар береді. Бұған қарамастан бұл жаңалық Пастердің қанжығасында кетті.

22


  1. Сәулет кемеңгері – Мимар Синан

  2.  

Мимар Синан – дәрежесіне бүгінгі күні де ешкім жете алмаған кемеңгер сәулетші. Мимар Синан Осман Империясының ең күшті шағында өмір сүрді. Сүлейман І (Кануни), Сәлим ІІ, Мұрат ІІІ падишаһтарының заманында сәулетшілік өнерін асқақтатқан, өзіндік сәулет өнерін қалыптастырған, жоғарғы дәрежедегі сәулетші. Оның бұл өнері осы күнге дейін жалғасуда. Түркияның бүгінге дейін салынып жатқан мешіттері Мимар Синан сәулетінің жалғасы десек болады. Түркиядағы мәшһүр Сүреймания, Шахзаде, Селимия мешіттері осы Мимар Синанның қолтуындылары.

23


  1. Қаламұш

  2.  

Қаламұшты алғаш 953 жылы қолдарына сия жағылып, кірлете бергеннен кейін Мысыр сұлтанының тапсырысымен пайда болды.

24


  1. Астрономия саласының алғашқысы – Әл-Баттани




  2.  
  3.  
  4.  

Әл-Баттани әлемдегі мәшһүр 20 астрономның бірі және тригонометрияның ашушысы. Астрономиялық өлшеуіш құралы болған «Саби кестелерімен» танылған Әл-Баттани жұлдыздардың каталогын дайындап жатқанда, «еуропалықтар» астрономиялық кестелерді есептеу былай тұрсын, Мұсылмандардікіне тең келетін обсерваториялар да жасай алмаған еді. Әл-Баттанидің жаңалықтарын «еуропалықтар» қаншама ғасырлардан кейін қолданып, иемденіп алған. Әл-Баттанидің еңбектерін батыста көп пайдаланған, оны кемеңгер ғалым ретінде қабылдаған және еңбектерін латыншаға аударғанда әл-Баттаниді есімін Albategni немесе Albategnus деп атаған.

 25


  1. Социологияны құрған ойшыл – Ибн Халдун

  2.  

Ибн Халдун тарих пәлсапасыны құрған ислам тарихшысы. 14 ғасырдың ойшылы, мемлекет қызметкері. Фықһ, Құран, математика, мантық (логика) және кәләм ілімдерін алған Ибн Халдун Тунис, Алжир, Марокко, Андалусия елдерін шарлап, бұл елдердің қоғамдық жүйесін, халықтардың әдет-ғұрып, дәстүрлерін, өмір салттарын зерттеп, қоғам арасындағы ерекшеліктер мен айырмашылықтарды көріп, осылайша тарих пәлсапасына аналитикалық-тәжірибелік көзқараспен қараған. Тарихи мәліметтерді қателіктерден арылту мақсатында жасаған қоғамдық бақылаулары нәтижесінде алған ілімімен социология ғылымының іргетасын қалады.

26

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары