Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Суреттің үйде болуы
22 желтоқсан, 2014 жыл 265 Басып шығару нұсқасы

копирование-рисунковҮйдің ішіне немесе сыртына жаны барлардың суреті немесе қуыршақтар болмау керек.  Расулуллаһ (с.а.у) үйіндегі бір жастыққа беейнеленген бір жануардың суретін көріп, хазіреті Айша (р.а) анамызға былай деді:


-"Иә, Айша, білмейсің бе? Ішінде жанды хайуанның суреті болған  бір үйге періште кірмейді. Ол суретті салған кісі қиямет күні азапқа ұшырап оған былай делінеді: "Салған суретке өзің жан бер" деп азапқа тартады.


Жаны барлардың суреті болған үйге кіре алмайтын періштелер кім дегенде, адамның  оң жағында және сол жағында хайыр мен шәрді жазуға дайындалған Кирамән Катибин, олар хафәзә (қорғаушы) періштелері деп аталатын періштелерді айтып тұрған жоқпыз. Өйткені, бұл екі періште адамның әр бір сөйлегенін және әр бір істегенін жазады және ешқақашан адамның қасынан кетпейді. Ал біз  жоғарыда әңгімелеп отырған рахмет періштелері мүминдерді зиярат етіп және зікірлерін тыңдап, үйлеріне құтты болсын ниетімен келген періштелер. Егер суреттің басы болмаса бұл үкім өтімді деп саналмайды және зияны да жоқ.


Үйдің айналасын және ішін таза ұстау керек.  Үйдің айналасын және ішін таза ұстау рызықты шақырып, мол болуына себепші болады.


Үйге кірген кезде сәлем беру керек, егер үйде ешкім болмаса үш рет ықылас сүресін оқу керек. Үйдегі ыдыс-аяқтар жуылып, үйде ешқандай кір ыдыс-аяқ болмау керек. Үйдің ішінде ит асырамау керек,  өйткені бір ахдис-шәрифте Расулуллаһ  (с.а.у) былай деген:


- "Ішінде ит болған үйге періште кірмейді".


Расулуллаһ  (с.ау) басқа бір хадис шәрифінде былай бұйырды:


Үйдің ішінде қонақ үшін белгілі бір бөлмені дайындап қою керек.


-"Әр нәрсенің бір зекеті бар. Үйдің зекеті болса, қонақтар үшін дайындалғанг бір бөлме"


"Уағызшылардың інжу-маржаны"

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары