Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбардың (с.ғ.с) күйеу баласы – Әбу әл-Ас ибн ар-Раби
26 желтоқсан, 2014 жыл 3575 Басып шығару нұсқасы

зять ПророкаӘбу әл-Ас ибн ар-Раби Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) күйеу баласы, оның қызы Зайнабтың жұбайы. Ол құрайыштардың келбетті, беделді, бақуатты адамы, сондай-ақ арабтардың адамгершілік қасиеттерді, ерлікті, адалдықты бір бойына жиған көрнекті тұлғасы болған.


Үйленуі


Хадиша анамыз Пайғамбарымыздан Зайнабты Әбу әл-Асқа тұрмысқа беруді сұрайды. Ол қарсылық білдірмейді. Бұл Алла елшісіне пайғамбарлық келмей тұрғанда болған. Әбу әл-Ас бұл кезде мұсылмандықты қабылдамаған. Бұл уақыт мұсылман әйел мен мұсылман емес ер адамның некелесуіне тыйым салынбай тұрған кез еді. Алланың елшісі Пайғамбар(с.ғ.с) атанғанға дейін басқа қызы Рукияны  Утбу ибн Әбу Ляхабқа тұрмысқа берген болатын. Ол Пайғамбар атанғанда Әбу Ляхаб Онымен жауласып, өзінің ұлы Утбуға Рукиямен ажырасуды бұйырады. Кейін Рукияға Усман ибн Аффан үйленеді. Осы оқиғаның ізін ала пұтқа табынушылар  Әбу әл-Асқа келіп: «Жұбайыңмен ажырас, біз сені құрайыштардың арасынан қалаған әйеліңе үйлендіреміз»-дейді. Сол кезде Әбу әл-Ас: «Алланың атымен ант етейін, мен жұбайыммен ажыраспаймын. Өз жұбайымның орнынан басқа әйелді көргім келмейді»-деген екен.


Тұтқыннан босауы


Әбу әл-Ас ибн ар-Раби Бадре соғысында меккеліктердің жағында болады. Ол Мединеде Алла елшісінің тұтқынына түсіп қалады. Тұтқынға түскендерді босатып алу үшін меккеліктер пұл жөнелтеді. Сол кезде Зайнаб та өзінің ерін босатып алу үшін пұл жібереді. Ол қандай пұл еді? Зайнаб Әбу әл-Асқа тұрмысқа шыққанда анасы Хадиша бағалы әшекей сыйлаған еді. Ерін босатып алу үшін оның осы әшекейден басқа бұйымы болмайды. Зайнаб сол бұйымды жібереді. Алла елшісі сол әшекейді көргенде әкелік махаббатынан көзіне жас алып сахабаларына: «Зайнаб Әбу әл-Асты босатып алуға пұл ретінде мына әшкейді жолдапты. Егер мүмкін болса оның жұбайы мен осы пұлын өзіне қайтарыңдар»-дейді. «Әрине, біз солай істейміз Алланың елшісі»-деп жауап қатады сахабалар. Алайда Алла елшісі Әбу әл-Асты жіберерде қызы Зайнабты қайтаруын талап етеді. Меккеге келгеннен кейін ол Зайнабқа жолға дайындалуын бұйырады. Бадре жанындағы жеңілістен кейін құрайыштардың көзіне түсуден сақтанып, бірнеше күннен кейін Зайнабты Мединеге аттандырады.


Исламды қабылдауы


Әбу әл-Ас сауда-саттықпен айналысып, керуенмен Сирияға барады. Оның адалдығына сенетін меккеліктер оған өз тауарларын тапсыратын. Бірде өзінің жұмыстарын аяқтап, қайтып келе жатқан жолында Алла елшісінің жасағына тап болады. Оның дүние-мүлкі сол арада қалып қояды да, өзі қашып құтылады. Мединеге жасырын кіріп, Зайнабтан көмек сұрайды. Зайнаб оны өзінің қамқорлығына алады. Пағамбар сахабаларымен құлшылық етіп жатқанда Зайнаб: «О адамдар! Мен Әбу әл-Ас ибн Рабиді қорғауыма алдым»-дейді. Құлшылық аяқталған соң Алла елшісі: «О адамдар, менің естігендерімді сендер естідіңдер ме?»-дейді. Сахабалар: «иә»-деп жауап қатады. Пайғамбар (с.ғ.с) сөзін жалғастырып: «Алланың атымен ант етейін, мен бұл туралы білген жоқпын, Өздерің естігенді өздеріңмен бірге естідім»-дейді. Әр мұсылманның барлық мұсылмандардың атынан әр адамға қамқорлық танутыға хақы бар. Сол себепті Алла елшісі оған құрметпен қарауды бұйырады. Бірақ Зайнабқа мұсылман емес жұбайымен бұрынғы ерлі-зайыптылық қарым-қатынасты жалғастыруына тыйым салады. Бұл кезде мұсылман әйелдерінің мұсылман емес ерлермен некелесуіне тыйым салынған уақыт болатын. Содан кейін Алла елшісі Әбу әл-Астан тартып алынған керуенді қайтаруды сұрайды.  Ол өзінің сахабаларына: «Сендер керуенін тартып алған бұл адам біздің жерлесіміз. Егер сендер оның керуенін қайтарып жақсылық жасасаңдар, бұл бізді қуантады. Егер қайтарудан бас тартсаңдар, онда сендердің хақыларың»-дейді. Сол кезде сахабалар: «Жоқ Алланың елшісі, біз оған бар мүлкін қайтарамыз»-деп, керуенін қайтарып береді.


Әбу әл-Ас Меккеге оралғаннан кейін өзінің жұмыстарын аяқтап, қарыздарын қайтарып, Исламды қабылдайтынын жария етеді. Меккеге қайтып келіп, барлық тауарды құрайыштарға өткізгеннен кейін: «Мен сіздерге барлығын қайтардым, енді Алладан басқа тәңір жоқ екендігіне, Мұхаммед Оның елшісі екендігіне куәлік етемін. Алланың атымен ант етейін, Исламды Мединеде қабылдамаған себебім, сіздердің дүние-мүліктеріңізді алып қалмақшы деп ойлап қалуларыңыздан қорықтым. Енді бәрін қайтардым, Исламды қабылдадым»-дейді.


Мұхаммед Пайғамбар(с.ғ.с) ол туралы: «Ол менімен сөйлескен кезде шыншыл сөйлейтін, уәде берсе уәдесін орындайтын»-деген екен.


Қазақшаға islam.ru сайтынан аударылды

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары