Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ибраһим Пайғамбар
14 қаңтар, 2015 жыл 2039 Басып шығару нұсқасы
пеавпаИбраһим Пайғамбар және Намруд патша туралы тарих.

Канаан ибн Кушаның отбасында ұл бала дүниеге келеді. Көреген әке баласының кәпір болып өсетінін сезіп, жұбайымен ақылдасып, баладан құтылу керек деп шешеді. Анасы баланы далаға апарып тастап кетеді. Баланың сырт келбетінен  жан-жануарлардың өзі қорыққан, оның жүзінде Тозақтың мөрі болған.

Баланы жол-жөнекей өткен адамдар алып, атын Намруд қояды. Ол өзінің әке-шешесін білмей қатыгез, өктем болып өседі. Күн сайын айналасындағы адамдарды өзіне бағындыруға құлышыныс артып, өзіне қарата бастайды.

Намрудтың өз ұлы екенін білмеген Канаан оның адамдарды қанап, жәбір көрсететінін естіп, әскер жиып қарсы күресуге шығады. Олар бір-біріне қарсы қимылдап, қанды ұрыс болады. Канаан әскері жеңіледі. Енді олар жекпе-жекке дайындалады. Соңында Намруд Канаанды жеңіп өлтіреді.

Содан бастап мемлекетті Намруд билейді. Ол өзін Құдай деп жариялап, өзіне бағынуды бұйырады.

Намруд бірде жаман түс көреді. Түс жорушылар оның түсін: «Билігіңді құлататын ұл дүниеге келеді» деп жориды. Намруд осы жылы туылған барлық ұл балаларды өлтіріп, жұбайларды ажыратуға бұйрық береді. Бірақ Намрдуттың бұйрығы он сегіз мың ғаламды жаратушы Алла Тағаланың шешіміне әсер ете алмайды. Алланың жазуы патшалардың қалауымен орындалмайды. Көп патшалар күші мен билігінен басы айналып, алданып қалған.

Намруд не істесе де болашақ ұлы Пайғамбар Ибраһимді Алла оның қаһарынан сақтайды. Оның анасы Лаюса жүкті екенін жасырып, айы-күні жеткенде ел көзіне түспей үңгірге кетіп қалады. Баласын босанғаннан соң Лаюса оны сонда қалдырып, үйіне оралады. Үш күннен кейін алып кетуге келгенде жүзі жарқыраған, аман-есен жатқан баласын көріп қуанып кетеді.

Қарны ашып, шөлдегенде бала май мен бал тамған саусақтарын сорған екен.

Ол үңгірде он бес күн болып ата-анасының үйіне Жәбірейіл періштенің жебеуімен келеді. Азар баласының тірі екенін белмейді. Лаюса босанғаннан кейін бала шетінеп кетті десе керек. Күтпеген жерден ұлдары үйлеріне оралғанда Азар қатты қуанып, Лаюсаны құшақтай алған екен.

Ибраһим күн санап өседі, ай соңынан ай, жыл соңынан жыл өтеді. Ата-анасына Алла туралы айта бастайды. Алланың хақ екенін мойындаудан бас тартқан, Намрудтан қорыққан Азар баласын ұрып жібереді. Содан кейін Ибраһимді билеушіге әкеліп, Намрудқа қауіп төндіретін баланың дәл өзі  екенін айтады. Ол сондай-ақ ұлының тірі екенін білмегенін айтып, болған жағдайды бастан-аяқ баяндап береді.

Намруд Ибраһимді шақырып, дінге деген сенімі жөнінде сұрай бастайды. Ибраһим бірден оның сөзін бөліп, оның (Намрудтың) құдай еместігін айтады. Қаһарлы билеуші Намруд баламен салғыласып тұруды намыс көріп, Азарға баласын қайтарып, оған дұрыс тәрбие беруді тапсырады. Алайда кішкентай Ибраһим ғаламды жаратқан Алладан басқа ешкімге бойұсынбау керектігі туралы талмай айта береді.

Ибраһимнің әкесі боялатын пұттар жасап, ұлын соларды сатуға жіберетін. Ибраһим пұттарды аяғына байлап алып, ауылды түгел айналып, оларды сатып алғаннан еш пайда болмайтыны туралы айғайлай жүріп, бірде біреуін сатпай қайтып келеді. Осылай ол он жетіге толады.

Ибраһимнің отбасы тұтатын тайпада мерекелік бір күн болатын. Ол күні елдің барлығы әзірленген тамақтарды пұттардың алдына қойып, далаға құлшылық етуге кететін. Бірақ Ибраһим бұл рәсімнен әр түрлі сылтау айтып бас тарта берді. Шынында тамақ желінген де кездер болған. Бірақ оны шайтан алып кеткен. Бұл туралы бірақ ешкім ойламайтын да еді. Мереке басталғанда Ибраһим құралдарын сайлап алып, жүз жетпіс пұтты қиратып тастайды да, ең үлкенінің басына балтаны іліп үйіне қайтып келеді. Құлшылықты аяқтағанан кейін адамдар барлық пұттың қиратылғанын көреді. Әлдекім Ибраһим есімді жас жігіттің пұттарды мойындамайтын айтады. Намруд  алдына Ибраһимді әкелуді бұйырады. Бірақ Намруд пұттарды кім қиратқанын сұрағанда Ибраһим мойынына балта ілінген үлкен пұтты көрсетіп, содан сұрау керектігін айтады. Бірақ жиналған жұрт не күші, не білімі жоқ пұт қалай сөйлейді деген талас тудырды.

Намрудтың маңайындағылар Ибраһимді отта өртеп жіберуді ұсынады.

Халыққа отын жинауға бұйрық беріліп, оған үш ай уақыт кетеді. Жиналған отын төбе болып үйіледі. Оны тұтатқанда түтін айналаның бәрін алып кетеді. Тіпті оттың ыстығы Дамаскіге дейін жеткен. Алда Ибраһимді сол отынға тастау міндеті тұр еді. Сол кезде шайтан  Намрудқа катапульта дайындауға кеңес береді. Билеуші шайтанның ақылын қабыл алады. Снаряд дайын болғанда оның қуанышында шек болмаған. Тағына отырып, Ибраһимді отқа қалай лақтыратынын рахаттана бақыламақ болады.

Көктегі періштелер Ибраһимді аяп, Алладан оған көмектесуін сұрайды. Аса мейірімді Алла періштелерге Ибраһимге көмектесуге рұқсат етеді. Сонда Ибраһимге Микаил періште келіп отты жаңбырмен өшіруге қалай қарайтынын сұрайды. Ибраһим бас тартады. Содан кейін Жәбірейіл періште келіп: «Саған менің көмегім керек пе?»-деп сұрайды. Ибраһим Аллаға тәуекел етіп: «Сенен маған еш көмек керек емес, маған Алланың білімі жеткілікті»-дейді. Жәбірейіл қанатын қағып оттың жалынын азайтады. Ибраһимнің жанында бұлақ пайда болып, анар ағашы өсіп шығады. Жәбірейіл оған жұмақтан тақ әкеліп, Ибраһимді әдемі киіндіріп сол таққа отырғызады. Бұл ғажайыпты көрген көпшілік сол күні тәубесіне келеді. Бірақ Намрудқа бұл оқиға әсер етпейді. Ол Ибраһимге өзінің иелігінен кетуді бұйырады.

Пайғамбар өзімен бірге жиені Лутаны және Сара есімді әйелді алып әл-Халил жаққа бармақ болады. Сара Ибраһимнің Пайғамбарлығына сенім келтіреді, Алланың қалауымен олар некелеседі. Олар әл-Халилде алаңсыз, баянды ғұмыр кешеді. Бірде Ибраһим Сарамен бірге Енгипетке сауда ісімен барады. Ол Египет билеушісінің халықты қанап отырғанын естіп, әйелі үшін алаңдай бастайды.  Ол Сараны сандық ішіне жасырып қойғанмен, барлаушы оны тауып алады. Сраны билеушіге жеткізеді. Билеуші оны әйелдікке алмақ болады, сонда Ибраһим оның тұрмыста екенін айтады. Алайда билеуші күшпен алмақ  болады. Ол Сараға қолсозғанда  оның қолы мен аяғы тартылып қалады. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанған. Сонда ғана билеуші өзінің қисынсыз әрекетін түсінеді. Билеуші Ибраһимді қонақ етіп, құрмет көрсетеді. Одан күң Хаджарды сыйға алып, Ибраһим мен Сара жолға шығады. Олар Сирияда Ваади-Сааба жеріне орнығады. Ибраһим Хаджарға үйленіп, ұлдары Исмайыл дүниеге келеді. Исмайыл дүниеге келгеннен кейін Хаджар Сарамен керісіп қала береді. Сара Хаджармен бір шатыр астында тұрудан бас тартады. Сонда Алла Тағала Хаджар мен Исмайылды Арабияға қалдырып, өзіне Сарамен бірге қалуды бұйырады. Ибраһим түйеге бар жүкті артып, Исмайыл  мен Хаджарды алып  Мекке жаққа қарай жол тартады. Сара ол келгенге дейін Сирияда қалады. Алла көрсеткен жерге келіп үйшікке ұқсас баспана салады. Қоштасу сәті келгенде Хаджар отбасын тастап кетуге рұқсат етілсе, тек Аллаға ғана тәуекел ететінін айтып, оған сәт-сапар тілеп қала береді. Ибраһим Алладан ұлы мен жұбайын қорғауын сұрап дұға етеді. Сондай-ақ оларды қалдырған жерге ел қоныстандыруын сұрайды.

Ол кезде Исмайыл төстен шықпаған жас бала болатын. Ибраһим Пайғамбар кеткеннен кейін екеуінің тамағы таусылып, Хаджар су іздеуге шығады. Жас сәби жылап мазасыздана бастайды. Хаджар Cафа төбесіне шығып Марва төбесіне қарай асығады. Солай Сафа мен Марва арасында су іздеп жеті рет жүріп өтеді. Судың сыбдырын естіп баласына қайтып келгенлде ұлының аяғының астынан аққан бұлақты көреді. Бұл зәм-зәм суы еді. Жер Ракзату аталады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары