Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құран Кәрім оқудын сауабы
26 қаңтар, 2015 жыл 351 Басып шығару нұсқасы

Ен-кунды-китапБірде Пайғамбарымызбен(с.ғ.с) Муғаз ибн Жабал(р.а.) алыс сапардан жол жүріп келе жатқанда Муғаз ибн Жабал(р.а.) Пайғамбарымыздан(с.ғ.с)  : «Я Расулалла(с.ғ.с.)! Маған бір өсиет айтыңызшы, сол өсиетпен амал қылып екі дүниеде де пайдасын көрейін»-деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз(с.ғ.с.): «Егерде бұл дүниеде бақытты, өлгенде шейіт, қияметтің қорқынышынан құтылып және тура жолда болуды қаласаңдар Құранды үзбей оқыңдар. Шындығында, ол Рахманның сөзі. Құранды оқып, шайтаннан қорғаныңдар» -деп өсиет айтады.


Басқа бір хадисте: «Менің (с.ғ.с.) үмметімнің құлшылығы Құранды оқығанымен абзал болады»- деді.


Абу Һурайрадан(р.а.) жеткен хабарда: «Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) заманында бір кісі қайтыс болады. Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) намазын шығарайын деп жатқанда кебін ішінен өзгеше қимыл байқалады. Кебінді ашып қараса, ішінде бір жылан мәйіттің етін жеп, қанын сорып жатыр екен. Жыланды көрген Абу-бакр сиддық(р.а.): «Өлтіремін» - деп ұмтылады. Сонда жылан Абу-бакрге (р.а.): «Менің еш күнәм жоқ болса да өлтіресің бе? Өз қалауым емес, маған осындай бұйрық келді. Қияметке дейін осылай жаса деген Раббымның әмірі»-дейді. Абу-бакрге (р.а.):




  • Бұл адам қайтыс болғанда осындай азаптанатындай  қандай күнәсі бар?


Жылан:




  • Бұл мәйіт үш күнәсі үшін осы азапқа түсті, біріншісі-намаз оқымады, екіншісі-зекетін бермеді, үшіншісі-ғұламаларды тыңдамады» - деп жауап берген екен.


Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жәннатқа кіргенімде есіктердегі үш жазуды көрдім.


Біріншісі -  «Лә иләһә иллалла Мухаммад расулалла». Екіншісі - «Алдыңғы істеген амалдарымызды таптық, жаманшылықтарымыздың есебін көрдік».Үшіншісі - «Күнәһар үммет мейрімді Алла»


Бұхар жырау аудандық мешітінің бас имамы: Аманбол қажы Мукаев

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары