Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жүрек таза болсын
31 қаңтар, 2015 жыл 701 Басып шығару нұсқасы

журекТірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.а.у):"Ақиқатында,адам денесінде бір кесек ет бар. Ол жақсы болса,барлық дене жақсы болады. Ол бұзылса,бүкіл дене бұзылады. Шын мәнінде, ол-жүрек"-деген.
Жүрек-имандылық пен күпірліктің мекені. Жүрек-басқарушы орталық. Адамның сезімдері мен дене мүшелері осы орталыққа бағынады, орталықтан алған бұйрық бойынша әрекет етеді. Егер жүрекке иман ұяласа адамның бойында имандылық, көркем мінез көрініс табады. Ал, жүректі күпірлік мекен етсе адамның бойында имансыздық пен жаман қасиеттер пайда болады. Яғни жүрек-жақсылық пен жамандықтың қайнар көзі.


Құран Кәрімде жүрек жайлы 130-ға жуық жерде айтылады екен. Бұл жүректің маңыздылығын айрықша аңғартса керек.


Сайтқа дайындаған:М.Шағырбаева

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары