Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Махшардағы 12 қауым...
12 желтоқсан, 2013 жыл 12 Басып шығару нұсқасы
 

Махшардағы 12 қауым...Қиямет күні адамдардың қандай күй кешетіні Қасиетті Құранда да, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде де аз білдірілмеді. Қиямет күні ғалымды Алла тағаланың хұзырына алып келгенде Алла Тағала Жәбірейілге (ғ.с.) Пайғамбарына алып бар деп әмір етеді. Жәбірейіл (ғ.с.) ғалымды Пайғамбарымыз Мұхамедке (с.ғ.с.) алып келгенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ыдыспен шапағат көлінен үмметіне су үлестіріп жатады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Жәбірейіл (ғ.с.) алып келген ғалымға алақанынан су ішкізеді. Сонда Жәбірейіл (ғ.с.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Үмметіңізге суды ыдыспен, ал ғұламаларға неге алақаныңызбен бересіз», – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жұрт өмірін дүние жиюға жұмсағанда, бұлар өмірлерін білімге сарп етті», – деп жауап береді. Бұл да Қиямет күні шарапатқа бөленетін, шапағатқа қауышатын адамдардан бір мысал. Бірақ, мынандай да жағдайға душар болатын адамдар бар. Олардан да хабардар болғанымыз және сондай жандардың қатарынан табылмас үшін төмендегі хадистен ғибрат алғанымыз жөн.


Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Муғаз ибн Жабал риуаят еткен хадисінде үмметім қиямет күнінде 12 түрлі бейнеде тіріледі деген.


1. Қабірлерінен аяқ-қолсыз тірілетіндер. Мұндайларға Алла тарапынан: «Олар осы жалғанда көршілерімен жақсы қарым-қатынаста болмағандар және сол күнәларына тәубә қылмағандар!» – деген дауыс келеді.


2. Қабірлерінен шошқа бейнесінде тірілетіндер. Оларға да: «Бұлар намаз оқығанымен, намаздарына селқос, немқұрайлы қарап, тәубелеріне келмеді, олардың барар жері – тозақ», ­– делінеді.


3. Қабірден қарындары таудай болып, іші жылан-шаянға толған адамдар шығады. Мұндайларға: «Бұлар жинаған байлықтарынан зекет бермегендер және сол күнәлары үшін тәубә етпегендер. Олардың да баратын орындары – тозақ», – деген үн қатылады.


4. Ауыздарынан қан ағып, от шыққан, милары жерге аққан адамдар. Қабірден шыққан бұл адамдарға: «Олар саудада алдап-арбап арам жеп, тәубәларына келмегендер», – деген Рахман тарапынан дауыс келеді.


5. Іштерінен мүңкіген, жаман иіс шыққан адамдар болады. Ондайларға: «Бұлар күнәларын Алладан қорықпай, ал адамдардан жасырын жасап, сол күнәларына тәубә етпеді, барар орындары – тозақ», – деген дауыс келеді.


6. Тілдері кесілген, тамақтары желкелерінен шыққан қауым болады. Оларға да: «Мыналар жалған куәлік беріп, тәубе етпегендер. Бұлар да тозақы», – делінеді.


7. Қабірден тістері жоқ аузынан ірін аққан адамдар да шығады. Оларға: «Бұлар дүниеде көрген нәрселеріне куәлік етпей, жасырғандар және тәубә қылмағандар. Олардың орны – тозақ», – деген дауыс келеді.


8. Бастары төмен түскен, жыныс мүшелерінен ірін аққан адамдарға: «Мыналар зина жасап, тәубе қылмады. Барар орындары – тозақ», – деген дауыс келеді.


9. Жүздері қара, көздері бадырайған, іштері отқа толған адамдар қабірлерінен шыққанда: «Мыналар жетімдердің малына қол сұғып, зұлымдық қылып, тәубә жасамағандар. Мекендері – тозақ», – деген Алла тағала тарапынан дауыс естіледі.


10. Денелерін алапес басқан адамдарға: «Мыналар ата-аналарын сыйламай, тәубәсына келмей дүниеден өткендер. Орындары – тозақ», – делінеді.


11. Көздері және жүректері соқыр, тістері сиырдың мүйізіндей, қастары кеуделеріне түскен, тілдері іштеріне түскен, іштері тізелеріне түскен, іштерінен ірін аққан қауымға: «Мыналар арақтан тыйылмай тәубәсына келмей дүниеден өткендер, мекендері – тозақ», – деген дауыс келеді.


12. Қабірлерінен жүздері 14-ші күннің толған айындай жарқыраған адамдар шығып, қыл көпірден найзағайдай жарқ етіп өтіп кетеді, осы уақытта Алла Тағала тарапынан: «Міне мыналар ізгі амал істеп, күнәдән тыйылып, намаздарына ықыласты болып жамағатпен өтеп, ақырғы демі «Раббым мені кешіре гөр» деп шыққандар. Олар Аллаға риза, Алла оларға риза! Олардың баратын мекендері – жәннәт», – деген дауыс келеді.


Адамдар белгілі болған жерлеріне жеткеннен кейін Алла Тағала бүкіл жан-жануарды, яғни малдарды топыраққа айналдырып жібереді. Мұны көрген кәпірлер шіркін біз де топыраққа айналсақ қой», – деп армандайды.


Арабшадан аударғандар:
Дархан Асылтайұлы, Бекболат Зүлжаладдинұлы,
Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары


www.ihsan.kz


 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары