Қайырымды істер қай уақытта болмасын сөзден гөрі көп жайтты дәлелдейді. Мұндай үлгілі істер тарихтан бірнеше буынға тәрбие болып бүгінге дейін жеткен.
Қиын сәттерде адамға көрсетілген қолдау мен жұмсақтық, мейірімділік оны түзетуге, дұрыс жолды таңдауына себеп болуы мүмкін. Әбу Ханифаның мейірімділігі оның көршісінің дінге бет бұруына қалай себеп болғаны туралы тарих «Ан Хаят-ил Узама» кітабында келтіріледі.
Соны айтқымыз келіп отыр.
Әбу Ханифаның ішімдікке әуес көршісі болыпты. Күн сайын ішімдік ішіп алып ән айтады екен. Оның мұндай у-шуы, айғай-сүреңі күнде кешке басталып, таң атқанша жалғасса керек. Бұл осы уақытта Құдайға құлшылық етіп, Фикх бойынша сұрақтарды талдайтын имамға маза бермепті. Күндердің бір күнінде әлгі шу сап тиылады. Әбу Ханифа оның себебін сұрастырса, көршісінің ішетінін үйінің қасынан өтіп бара жатқан қарауыл біліп қойып, абақтыға қамап тастаған екен. Сонда имам өзінің танысымен ел басшысына келіп, көршісін босатуды сұрайды. Әбу Ханифаның сөзі өтіп, көршісін босатады. Абақтыдан шыққаннан кейін көршісі оған алғыс білдіре келеді.
Әбу ханифа оны көргенде, ол сол адамның қолын алып:
«Біз сені көмексіз қалдырдық па?»-деп, оған 10 динар беруді бұйырады.
Көршісі: Әбу Ханифаның мейірімділігі мен рақымдылығына таң қалып, алғысын білдіреді.
Осы оқиғадан кейін көршісі құлшылыққа ден қойып, ислам ілімін оқуға кіріседі, біраз уақыттан кейін үздің факихшілердің бірі болып шыққан екен.
Қарағанды облыстық орталық мешіті
Әмина Омарова
Пікірлер