Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла елшісінің өнегесі
18 ақпан, 2015 жыл 30 Басып шығару нұсқасы

    prorok_bАлла елшісіне он жыл қызмет еткен Әнәс ибн Мәлік: «Бала-шағаға деген мейірім-шапағатқа келгенде, хазірет Мұхаммедтен (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) асқан ешкімді көрмедім», – дейді. Ол жылаған баланы көрсе жанына барып, қосыла жылайтын. Әбу Хұрайраның жеткізуіндегі мына хадис соны білдіреді: «Мен намазда тұрғанымда оны көбіне ұзартып оқығанды қалаймын. Ал сол арада бір баланың жылаған даусын есітсем, ол дауысты естіген анасының жан қиналысын сезіп, намазды барынша қысқартамын».
Балаға деген сүйіспеншіліктің бір көрінісі – сыйлық беру. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бұл жайлы хадисінде былай дейді: «Балаларыңа сыйлық жасаңдар, жақсы тәлім-тәрбие беріңдер». Хазірет Айшаға айтқан өсиетінде осыны табыстап: «Көршілердің балалары қасыңа келген кезде, қолына бір нәрсе ұстат, себебі бұл достықты (сүйіспеншілікті) арттырады», – дейді. Өзі қасына келген балаларға міндетті түрде сый беретін. Бір уыс құрма болса да беріп, қасынан құр қол жібермеуге тырысатын. Алғаш піскен жемісті де бірінші соларға тарту ететін. Сахабалар жыл сайын бау-бақшасының алғашқы жемісін Пайғамбарымызға әкелетін. Бұл әдет олардың ыстық ықыласы мен терең сүйіспеншілігінің көрінісі еді.
Р.Жұмабайұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары