Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Бал ашуға бола ма?
23 желтоқсан, 2013 жыл 6272 Басып шығару нұсқасы

Бал ашуға бола ма?Бал ашу – түрлі әдіс-тәсілдер арқылы болашақтан, ғайыбтан хабар беру, адамның жаратылысындағы беймәлім ерекшеліктерді ортаға салу өнері деген сөз. Араб тілінде «бал» «ырым-сырымды көрсететін белгі» деген мағынада қолданылады.


Басқа себептері болса да адам баласы құпия, беймәлім жағдайларға деген қызығушылықпен тарих бойы өзінің һәм өзгенің беймілім жайттарын білуге, келешегі туралы мәлімет алуға, сондай-ақ өз тағдырына билік жүргізуге тырысқан. Бұл үшін бал ашу мен сол сияқты түрлі тәсілдер қалыптастырған (Меһмет Айдын, «Бал» тармағы, Диянет Ислам Анциклопедиясы,12/135 ).


«Бал/бақ/шанс оқтары» жәһилдік кезеңдегі араб әдеті бойынша адам қандай да бір іске кіріспей тұрып сол ісінің жағдайы, ақыры қандай болмақ, жолы бола ма, болмай қала ма деген оймен дорбадан оқ таратқан. Бұл оқтарды пайдалану ісі құмармен байланысы болып, тәухид сеніміне керағар ұстанымдар болып табылады. Алладан өзгеге құлдық ұру деген ұғымды бейнелейтін және адамның іскерлік рухын негізсіз сенімдерге тірейтін мұндай ұстанымдар арақ пен құмардан кейін айтылып, Алла разы болмайтын және мүминге жараспайтын жиіркенішті істер деп саналған. Қазіргі таңдағы құмалақ ашу, бинго ойынын ойнау жәһилдік кезіндегі бал оқтарымен тең болып табылады.


Бал ашудың Исламдағы үкіміне келетін болсақ, Құран Кәрім ғайб, сезім мүшелері жете алмайтын, біле алмайтын мәліметтердің Аллаға ғана тән екендігін жариялаған (Қараңыз, Әлү Имран, 179; Араф,188). Адамдардың бұл туралы мәліметтерге тек Алланың қалаған құлының ғана және Оның қалауы бойынша жете алатындығы, сонымен қатар мұның жолының да уахи ғана екендігі айтылған. Болашақтағы мәліметтерді біле алмайтын жадыгөйлерге, балгерлерге сену жәһилдік арабтардың пұттарынан медет күткенімен бірдей болып табылады. Шын мәнінде, Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с.) балгерге барып­­­, олардың айтқандарын құптаған адамның кәпір болатынын білдірген (Әбу Дәуіт, Тыб,21; Термези, Тахарат, 102; Ибн Мәжә, Тахарат,122).


Адамдардың себептерге жүгінуіне кедергі жасайтын жақсы-жаман ырымдар түсінігі Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с.) тәблиғ еткен Ислами негіздерге керағар болып табылыды. Өйткені Исламда адамның еркі мен күші, ынтасы оның жауапкершілігінің негізін құрайды. Ырым түсінігі адамның өз еркі мен күшін жоққа шығару деген сөз болғандықтан Ислам мұны қабылдамайды. Сондықтан Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с.) қажеттілігінің салдарынан ырымға жүгінген адамның Аллаға серік қосқаны деп айтқан ( Бұхари, Тыб, 43-45; Әбу Дәуіт,Тыб,23-24).


Бал ашу мен балгерлікке тыйым салған Ислам бұның орнына истихара (кеңес) мен истихараны бұйырған (Инб Кәсир,21). Истихара – «атқармақ болған ісі жақсылық әкелсін деп Алладан жәрдем тілеу» деген мағынаны білдіреді. Истихара Хазіреті Пайғамбар сүннеті болып адам өз ақылымен бағалап, жоспарлаған ісі туралы білімі мен тәжірибесі бар адамдармен кеңескеннен кейін әлі де бір шешімге келе алмаған жағдайда жүгінетін тәсілі болып табылады. Истихарасы жасалған істің жақсылыққа жеткізетіндігі сол істің атқарылуына қарай жүректе пайда болатын бейімнен, көңіл тыныштығы мен рахаттықтан және сол іс туралы жақсы сезімдерден түсінікті болады (Бұл туралы қараңыз, Бұхари, Тәһәжжуд,25; Дәауәт,49).








Қарағанды облыстық орталық мешітінің


баспасөз хатшысы


Райымбекова Ақерке

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары