Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Балаға білімді қалай беру керек?
18 қыркүйек, 2023 жыл 64 Басып шығару нұсқасы

   «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді», – деп, оқуға бұйырған («Ғалақ» сүресі, 1-5-аят).

Біздің қоғамда баланың біліміне көңіл бөлу жалпы қабылданған үлгіде жүреді. Барлық отбасы күзде мектепке беріп, жаз келгенде мектепті тәмамдап, жыл бойына алған білімге разы. Соңғы уақытта мектептен бас тарту деген халық арасында сөз тарап жүрген жайы бар. Тіпті кей отбасылар балаларын мектептен шығарып алып, онлайн түрде үйде оқытып жатқаны бар. Керісінше мектептегі алған білімді толықтыру үшін қосымша курстарға беретін де отбасылар көбейіп жатыр. Ойлана келе балаға білімді қалай берген дұрыс деген сауал туады. Қоғам қалыптастырған жүйе бойынша жүрсек әрине адаспаймыз. Дегенмен білім алудың да өз талабы, шарты бар.  Пайғамбарымыздан келген хадисте (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

طَلَبُالعِلْمِفَرِيْضَةٌعَلَىْكُلِّمُسْلِمٍ

«Білімді талап ету – әрбір мұсылманға парыз», – деп, білім алудың әрбір ер және әйел мұсылманға міндет екенін айтқан (имам Ибн Мәжа).

Білім алудың дұрыс жолына түсу үшін алдымен реттілік керек. Яғни, уақытты жоспарлау маңызды. Ең алдымен баланың уақытын оның мүмкіндігіне орай жоспарлау қажет. Күнделікті алған білімді жиі қайталау арқылы санаға сіңіру керек. Әл нәрсені үйреткенде алдымен Аллаға мадақ айтып, пайғамбарымызға салауат айтуды әдетке айналдырсақ баланың санасында ислам туралы түсінік қалыптаса бастайды. Алланы мақтау, сүю, пайғамбарымызды құрметтеу деген түсінік қалыптасады. Үй жұмысын жасап болған соң немесе бір тапсырманы жаттап алғанда Аллаға шүкір айтуды үйретсеңіз де керемет болады. Оң солын толық танып білмеген балаға бірден Ислам туралы терең білім беру қателік болуы мүмкін. Өйткені бала көзбен ұстаған нәрсені ғана танып білетін болғандықтан біз ислам туралы терең білімді бірден үйрете алмаймыз. Оның ең оңтайлы жолы жоғарыда атап өткендей Алланы мадақтап, шүкір айта отырып үйрету.

Білім аларда өзіндік бір әдетті қалыптастыру да нәтижелі болады. Білім алуда пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен үйренсек болады. Жәбірейіл періштенің  Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адам кейіпінде келіп, «Ислам», «Иман» және «Ихсан» жайында сұрайтын баршамызға белгілі хадисте, Жәбірейіл періштеге қатысты:

فَأَسْنَدَرُكْبَتَيْهِإِلَىرُكْبَتَيْهِوَوَضَعَكَفَّيْهِعَلَىفَخِذَيْهِ

«Ол (Пайғамбарымыздың) тізелеріне тізелерін тигізіп, (қарсы) отырды да, екі қолын сандарына қойды», – деп айтылған. Жәбірейіл періште (оған Алланың сәлемі болсын) сұрақ қоярдың алдында бұлай отыруының өзіндік мән бар. Ғалымдарымыз хадистің бұл тұсында ұстаз бен шәкірттің қарым-қатынас әдебі көрсетілгенін айтқан. Яғни шәкірт ұстазымен қаншалықты жақын болса, соншалықты оның бойына білімнің, тәлім-тәрбиенің сіңуіне ықпал етеді.

Осы оқиғадан үйренер тағы бір маңызды тұсы білімді беруде сұрақ қою арқылы үйрету тәсілі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларына бірнәрсе айтар тұста алдымен оларға сауал қойған. Сосын сол сауалға өзі жауап беру арқылы тақырыпты түсіндірген. Егер осы әдісті қолданар болсақ баланың ойлау қабілеті артады, өзіндік ізденіс пайда болады, білмейтін дүниеге жауап іздеп үйренеді.

Кезінде Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбар Бәни исраил қауымына өте әсерлі бір уағыз айтқан екен. Сонда адамдардың ішінен біреуі: «Адамдардың ішіндегі ең білімдісі кім?» – деп сұрақ қояды. Сол кезде Мұса: «Адамдардың ең білгірі – менмін», – деп жауап қатады. Алайда, Алла Тағала оған: «Екі теңіздің қосылған жерінде сенен де білімдірек құлым бар», – деп уахи етеді. Сол кезде Мұса (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбар қасиетті Құранда айтылғанындай:

لَآأَبْرَحُحَتَّىٰٓأَبْلُغَمَجْمَعَٱلْبَحْرَيْنِأَوْأَمْضِىَحُقُبًا

«Екі теңіздің қосылған жеріне дейін тоқтамаймын. Немесе жүріспен жылдар өткіземін», – дейді. Бұл аят бізге білім алуға деген құштарлықтың, үйренуге деген талап-талпыныстың қаншалықты деңгейді жоғары болу керектігін үйретеді.

Сондықтан балаға білім беруде көптеген әдістерді қолдана отырып, дініміз жайлы білімді сіңіре отыруға тырысыңыз. Алла Тағала перзенттеріңізге хайырлы білімді нәсіп етсін!

 

Жекеев Ермек

Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары