Имам Әбу Юсуф былай айтып береді:
Әкем қайтыс болғанында мен кішкентай едім. Хазреті Имам Ағзамның дәрістеріне қатысуды жалғастыра бердім. Бір күні анам ұстазымызға келіп айтты: “Ұстаз біз мұқтажбыз. Баламның жұмыс істеп ақша табуы керек.” Сонда ұстазымыз:
- Сен оған тиме. Ол мұнда сары май, пісте және бадам езбесін жеуді үйреніп жатыр. Оның табатын ақшасын мен беріп тұрайын.
Анам бұны мақұл көріп қайтып кетті. Аллаһу та’ала маған ілімде көп нәрселер нәсіп етті. Кейінірек маған қазылық лауазымы берілді. Бір күні Аббаси халифасы Харун Рашидпен дастархан басында отыр едік. Дастарханға сары май, пісте және бадам езбесін алып келді. Мен күлгенімде себебін сұрады. Хазреті Имам Ағзаммен байланысты болған осы оқиғаны айтып бердім. Харун Рашид “Шынында да ілім адамды биікке көтереді.” деп бұйырды.
Пікірлер