Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дүниені тәрк етуді қалай түсінеміз?
25 желтоқсан, 2013 жыл 5 Басып шығару нұсқасы

Дүниені тәрк етуді қалай түсінеміз?Әбу Һурайра мен Аммар ибн Ясир (р.а.һума) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) риуаят етеді: «Шындығында Алла Тағала бір періштені жаратып, қиямет күніне дейін Менің (с.ғ.с.) қабірімнің жанына қойды. Сол періштеге Алла Тағала бүкіл адам баласының дауысын естіртеді, енді кімде-кім Маған (с.ғ.с.) салауат айтса, сол періште ол адамның атын және әкесінің атын Маған (с.ғ.с.) жеткізеді» - деді.


Иса (ғ.с.) айтты: «Дүние үш күннен: 1. Сен амал қылып, қолыңа алған кешегі күн. 2. Ертеңгі күнің бірақ, ол күнге жетер-жетпесіңді сен білмейсің. 3.Сенің бүгінгі күнің. Дүние үш сағаттан: 1. біріншісі, Өткен сағатың яғни сол сағаттағы амалыңа ие боласың; 2. Екіншісі, келер сағатың, сен ол сағатқа жетер-жетпесіңді білмейсің; 3. Үшіншісі, сен өмір сүріп жатқан сағатың, сен сол сағатқа ғана иесің. Дүние үш демнен: 1. Өткен демің; 2. Келер демің, сен оны алатын-алмайтының белгісіз; 3. дем алған уақытыңнан тұрады» - деді. Шындығында біз күнге де, сағатқа да ие емеспіз, біз тек қана дем алған уақытымызға иеміз. Сондықтан біз алтын уақытымызды зая кетірмей пайдаланайық.


Осы мәселеге ұқсас Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бірде - бір уағызында бір кісіге 5 нәрсе келмей тұрып, 5 нәрсені пайдалан 1.Жастықты - кәрілік келместен бұрын пайдалан; 2.Байлықты-кедейлік келместен бұрын пайдалан; 3. Қол бос уақытыңды-бір іске кірместен бұрын пайдалан; 4. Денсаулығыңды - ауру келместен бұрын пайдалан; 5. Өміріңді - ажал келместен бұрын пайдалан» - деді.


Абдулла ибн Омар (р.а.) бірде мектептен жылап келеді, сонда әкесі Омар: - Ей, балам не үшін жыладың? - деп сұрайды. Сонда баласы тұрып: - Мектепте балалар менің киімімнің жыртық-жамауын санап, «міне біздің Патшамыздың баласының түрін қараңдар» - деп мазақ қылды. Сонда Омар (р.а.): «Мемлекет қазынашысына хат жазады. Балама 4 дирһам бер, келесі айлығымнан ұстап қаласың дейді, сонда Қазынашы Омарға (р.а.): «Егер сен бір ай өмір сүретініңе кепілдік берсең, берейін» - деп жауап хат жазады. Хатты алған Омар (р.а.) жылап, баласына: «Мен ертеңгі күніме жауап бере алмаймын, сондықтан сен осы киіміңмен жүре бер» - деген екен. Айша (р.а.) риуаят етті: «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) пайғамбарлық келгеннен кейін үш күн қатарынан тамақты тойып ішкен емес, егер де Алла Тағаладан сұраса ойына келмеген нәрселерді беретін еді». Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с) маған келіп: «Ей, Айша (р.а.), маған (с.ғ.с) Алла Тағала қаласа Меккенің даласын алтыннан қылып, соныңнан қайда барсаң еретін қылайын ба деп сәлем айтты. Сіз (с.ғ.с.) не деп жауап бердіңіз дегенімде, жоқ керек емес бір күн аш болғанымда дұға қылып сұрап жүрем, бір күн тоқ болғанымда шүкірлік қыламын дедім» - деп жауап берді. Басқа бір риуаятта Жәбрәил (ғ.с.) келіп: «Я, Мұхаммед (с.ғ.с.)»- деп тағы да бір мәрте дәл осындай ұсыныс айтқанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сәл төмен қарап тұрып, Жәбреилге(ғ.с.): «Дүние - ахиретте үйі жоққа пана, ахиреттен үміті жоққа байлық, дүниені ақылы жоқ адам жинайды» - деп жауап бергенде риза болған Жәбрәил (ғ.с.) қадамың бекем болсын - деп дұға қылыпты.


Қадірменді мұсылман қауым! Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтқан хадистерінен түсінгеніміз, адамның қанша дүниесі болса да, сол дүниеден адамның жүрегі бос болу керек екен. Себебі, Абу Ханифа (р.а.) үлкен саудагер адам болған. Бірде имамға бір адам келіп: «сіздің керуеніңізді қарақшылар шауып тонап кетіпті» - дейді, сол кезде имам үндемей тұрып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін әлгі кісі келіп «кешіріңіз, біз қателесіппіз сіздің керуеніңіз аман» дегенде де имам тағы да үндемей қалады. Осы имамның қылығына таңданған әлгі адам имамнан үндемеуінің сырын сұрайды. Сонда имам: «бірінші үндемегенім, керуенім тоналды дегенде, сол сәтте жүрегімді тыңдадым онда еш өкініш жоқ екен, екінші үндемегенім керуенімнің амандығы туралы хабар естігенімде тағыда жүрегіме үңілдім, жүрегімде еш қуаныш болмады» - деді. Осы хадис әңгімелерден түсінгеніміз, қолымыз - кәсіпте, жүрегіміз - Құдайда болу керек екен.


Арабшадан аударғандар:


Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары


Дархан Асылтайұлы, Бекболат Зүлжаладдинұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары