Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Пайғамбарларға тән 5 қасиет
20 мамыр, 2015 жыл 821 Басып шығару нұсқасы
 

Барлық Пайғамбарға сену - исламдағы сенім негіздерінің бірі болып табылады. Пайғамбар сөзі лексикалық тұрғыдан алғанда қандайда бір хабарды жеткізуші мағынасын білдіреді. Олардың шынында Алланың елшілері екенін олардың өзгелерден асқан артықшылығынан, ерекше қасиеттерінен, ғажайыптарынан білуге болады. Ғажайып - бұл әдетте кез-келген адам жасай алмайтын дүниелер. Оларды Алланың қалауымен Пайғамбарлар жасаған және олардың пайғамбарлық миссиясының шынайылығын көрсетеді.



Барлық Пайғамбарға тән болған 5 қасиет


 


Алла Тағаланың алғашқы Пайғамбары Адам (әлейхи уәссалам) болған. Соңғысы әрі ең ұлысы Мұхаммед Пайғамбар екенін білеміз. Осы себепті де Мұхаммед Пайғамбарды «Хатамуль-Анбийа» (пайғамбарлар мөрі) атайды. Екеуінің арасында көп пайғамбар болған. Нақты қанша екені Аллаға ғана аян. Бірақ қасиетті Құранда 25 Пайғамбардың аты аталады: Адам, Ыдырыс, Нұқ, Худ, Салих, Ибраһим, Лут, Исмайыл, Ысқақ, Якуб, Юсуф, Аййуб, Шуайб, Мұса, Харун, Дәуіт, Сүлеймен, Ілияс, Эльяса, Зулькифль, Юнус, Закарийа, Яхья, Иса және Мұхаммед (с.ғ.с).


Олардан бөлек Құранда тағы үш адамның аты аталады: Узейр, Лұқман және Зұлқарнайын. Бірақ әлімдер арасында олардың Пайғамбар болған болмағандары жөнінде келіспеушіліктер бар.


Әр Пайғамбардың өмірі - шынайылық пен ұлылықтың үлгісі болып табылады. Әсіресе олардың әрқайсына келесідей қасиеттер тән болған: шыншылдық, сенімділік, данышпандық, тазалық және Алланың діні мен ақиқатын тура жеткізу.  Осылайша:


1.Пайғамбарлар әділ. Олар барлық нәрседе шыншыл. Олардың ешқайсы ешқашан өтірік айтпаған.


2.Пайғамбарлар сенімді. Олардың әрқайсы пайғамбарлық сұрақтарында да, күнделікті өмірде де сенімді болған. Ешқайсы арамдық, жауыздық жасамаған.


3.Пайғамбарларға жоғары интеллект тән. Олар ерекше ақылымен, шешім қабылдай білу қабілетімен ерекшеленеді. Оларға бойкүйездік, қызбалық тән емес.




  1. Барлық Пайғамбар күнәсіз. Олардың тазалығы жоғары дәрежеде. Олар кез-келген жария және жасырын күнәлардан қорғалған.

  2. Барлық Пайғамбар өздерінің қауымына шариғат үкімдерін қандай күйде түссе сол күйінде жеткізген. Әлдебіреуінің шариғаттың қандайда бір шартын я үкімін не жасырып, не ұмытқанын елестету де мүмкін емес. Бұл пайғамбарлық деңгейіне тән емес және пайғамбарлық миссияға шоғырланған даналыққа қайшы.


Барлық Пайғамбарлар осы бес қасиетке ие болған. Бойынан бұл қасиет табылмаған жандардың Пайғамбар болуы, адамдар үшін жол бастауы мүмкін емес.



Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары