Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла елшісі күн көріске қаражатты қалай тапқан?
01 маусым, 2015 жыл 169 Басып шығару нұсқасы
Жауап:

186369-20043Алла елшісі жас кезінде өзінің ағасы Әбу Тәлибтің қолында болып, оған сауда ісінде көмектескені белгілі. Түрлі елдер мен қалаларға керуенмен сапарға шыққанда Әбу Тәлиб оны да өзімен бірге ала жүретін.

Алла елшісі бақуатты әйелдердің бірі болған  Хадиша анамызға үйленгеннен кейін де саудамен айналысуды жалғастырады. Алла елшісі Пайғамбарлық миссиясының меккелік кезеңінде де саудамен айналысса керек. Құранда пұтқа табынушылардың таң қалып: «Бұл не қылған Пайғамбар? Ол тамақ ішеді және базарда жүреді»-дегені баяндалады. Осы аятқа қарап Алла елшісі базараларда Исламға шақыра жүріп, саудамен айналысқан деген ой қорытуға болады.

Пайғамбар бола тұра, Алла елшісі бұл міндеттері үшін ешқандай ақы алмаған. Құранда: «Сен бұл үшін олардан ақы сұрамайсың, себебі бұл – әлемдер үшін Ескерту ғана»-делінеді  (Юсуф 12/104).

Алла елшісінің күн көрісінің қаражат көзі болды:

  1. Әл-Анфал сүресінің 41 аятында айтылғанға сәйкес Алла елшісі олжаның 1/5 алып отырған. Одан бөлек соғыстарға өзі қатысқан жағдайда олжаның 1/5 бөлігіне қоса, қатысушалар арасында бөлінетін қалған олжаның 4/5 бөлігінен өз үлесін алып отырған.

  2. Алла елшісі сыйлықтар қабылдаған. Сондықтан оған сый ретінде әкелінген заттар да қаражат көзі болып табылады. Мысал үшін Ұхұд қасындағы соғыста мұсылмандармен бірге Бану Надир тайпасынан Мухайрик есімді иудей де соғысқан болатын. Өлерінен бұрын өзіне тиесілі 7 бақты Алла елшісіне өсиет етіп кетеді.

  3. Жерден алынатын кіріс, мәселен жерден алынатын Федеке табысын айтуға болады. Бұрын пұтқа табынушыларға тиесілі болған жерлер мұсылмандар меншігіне бейбіт жолмен өткен-ді.


Алла елшісінің материалдық мұрасын жылжымалы мүлік және жылжымайтын мүлік деп бөлуге болады. Жылжымалы мүлікке оның ақшасын, жеке заттарын, малдарын жатқызуға болады. Алла елшісі ауырып жатқанда өзінің ақшасын кедейлерге таратуды бұйырады. Оның малы мен үйіндегі бірқатар заттар Әлидің отбасына беріледі.  Жамылғысы, қылышы мен сақинасы мемлекетке өткізіледі.

Ал жылжымайтын мүлкіне келер болсақ, яғни жер телімдері. Алла елшісі ол жерлерден түскен пайданы өзінің отбасына қажетіне, сондай-ақ қоғамдық қажеттіліктерге, мұқтаж жандардың қажеттіліктеріне жаратып отырған.

Алла елшісінің жұбайлары тұрған бөлмелер оның өсиетіне сәйкес жұбайланырының меншігінде қалған.

Ал барлық мұсылманға қалдырған мұрасы – Қаситетті Құран мен сүннеті еді.

 

 

Қарағанды облыстық орталық мешіті

Әмина Омарова

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары