Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Зайд бин Сабит — Алла елшісінің жас сахабасы
25 маусым, 2015 жыл 234 Басып шығару нұсқасы

Мұсылман үмбетінің шоқ жұлдыздары – саңлақ сахабаларЗайд бин Сабит Мусаб бин Умайрдың алдында оқып жүріп мұсылмандықты қабылдайды. Алла елшісі Зайб бин Сабитпен ол он бір жаста болған кезде танысқан. Ол кезде он бір жастағы бала Құранның он жеті сүресін жатқа білетін. Жас Зайд өзінің маңайына өз қатарластарын жинап, сол кезде Ислам туралы өз білгендерін үйретеді. Зайд өзінің ерекше қабілеттерімен, қоғамдық істердегі белсенділігімен ерекшеленеді.


Алла елшісінің алдына келген кезде қобалжығаннан орнында отыра алмай қалады. Алла елшісі оны қасына отырғызып, басынан сипайды. Оны көрген сахабалардың бірі:
«О, Алланың елшісі! Бұл бала Наджар тайпасынан. Оның есте сақтау қабілеті керемет және ол Құранның аяттарын жатқа біледі» - деген екен.  Сол кезде Алла елшісі Зайдтан Құран оқуын өтінеді. «Әрине, қуана-қуана айтамын» - деген  Зайд дауыстап «бісмілләні» айтып, «Каф» сүресінен аят оқи бастайды.  Алла елшісі бала бойындағы шынайылықты, ерекше қабілетін көріп, оны қысқа уақыт ішінде сол кезде еврейлер сөйлеген тілді үйренуге міндеттейді.


Зайд асқан дарындылық танытып, бірнеше айдан кейін Алла елшісінің жеке хатшысының міндеттерін  атқаруға кіріседі. Түрлі тайпалар мен мемлекеттерден келген хаттарға жауап беріп, түсірілген аяттарды жазып отырады  (Ибн Саад, 'ат-Табакатуль-Кубра', 2, 358; Ибн Абдиль-Барр, 2, 538; Ибнуль-Асир,2, 579).


Зайд уақыт өте келе ислам ғылымын терең меңгереді. Алла елшісі:  «Сендердің араларыңда фардтарды (міндеттерді) ең жақсы білетін Зайд»-деген. Халиф Әбу Бәкір мен Умардың биілігі тұсында  оған Құранның барлық сүрелерін бір кітапқа жинау тапсырылады.  Халиф Умар мен Усман шаруаларымен Мединеден шыққан кездерінде өз орындарына Зайдты қалдырып отырған. Халиф Осман Зайдты қатты жақсы көрген деседі. Бұл кезде Зайд бин Сабит мемлекеттік қазынашы лауазымын атқарады.


Зайд бин Сабиттің қай уақытта қайтыс болғаны туралы деректер қарама-қайшы. Хижраның 45-ші жылы Мединеде 54 жасында қайтыс болған деген дерек бар. Зайд Алла елшісінің 92 хадисін жеткізген.



Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары