Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жаман қателердің анасы жайында
30 желтоқсан, 2013 жыл 14 Басып шығару нұсқасы

(мақаланың Басы алғашқы бетте)


Жаман қателердің анасы жайындаҚойылған сауалдардың жауабы ретінде Расулулла (с.ғ.с.) былай дейді:


1. Басқарушылар халқына көрсеткен зұлымдықтарының себебімен тозаққа барады.


2. Арабтар нәсілге қарап кемсіту себебімен тозаққа барады.


3. Ауылды басқарғандар бұлар бойларын билеген тәкаппарлық себебімен тозаққа барады.


4. Саудагерлер, бұлар алдап сатқандары себебімен тозаққа барады.


5. Ауылдықтар, білім іздемей надандықтары себебімен тозаққа барады.


6. Білімділер білгенің өзгеге үйретпей, қызғаншақтық себебімен тозаққа барады. Олар тозақта оттан жаратылған ауыздықтармен жүгенделеді.


5) Басқаларына зиян тигізеді.


Дәл Ұлы құзырдан қуылған Шайтанның жамандығынан Аллаға сыйынуымызды әмір еткендей, Алла Тағала көреалмаушылық, қызғаншақтықтан да сыйынуымызды әмір етті,. Фалақ сүресінің 5-ші аятында былай бұйырды:


- „Күншілдердің кесірінен, ол күндеген сәтте, (сиынамын) де„.


Расулулла (с.ғ.с.) бір хадис-и шәрифінде былай бұйырды:


- „Мұқтаждықтарыңызды орнына келтіру үшін құпия ұстауға тырысыңыз, өйткені әр нығмет иесі қызғаншақтыққа ұшыраған„.


6) Пайдасыз шаршатады және қасіретке апарады. Сондай-ақ жаман істермен бірге күнә әкеледі.


Осы жайлы Ибн Самад (р.а.) былай деді:


-Көреалмаушылық жасағаннан басқа бейшарадай көрінген бір залымды көрмедім, қызғаншақ адам - айыпты жан, ақылсыз, айырылмас бір қайғының иесі.


7) Жүректі соқыр етеді.


Жүректің соқыр болғаны соншалықты, Ұлы Алланың үкімдерінен бір үкімді де көре алмайды. Осы мазмұнда Суфян ас-Сәуридің мына сөзі маңызды:


- Ар-ожданынның әлсіз болуын қаламасаң, қызғаншақтық жасама.


8 ) Кедейшілікке апарып, жағдайды нашарлатады.


Іші тар қызғаншақ адам ешбір мақсатына жете алмайды, дұшпанға қарсы да жеңіске жете алмайды. Қызғаншақ болған кісі бақытты бола алмайды, - делінген.


Біз мейлі шылқыған бай болайық, тақыр кедей болайық, сөз жетпес әдемі болайық, сұлулықтан ада болайық, бірақ Алланың алдында біз теңбіз. Осыны әрқашан жадымызда сақтап жүрелік. (соңы)


„Дурратул уайзин„ кітабынан үзінділер келтірілді


Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары