Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Менің мүмкіндігім...
14 қыркүйек, 2015 жыл 219 Басып шығару нұсқасы

Бірде Немруд Ибраһимді (алейхиссалам) отқа тастамақ болып, үлкен от жағады. Ол отқа тіпті ешкім жақындай алмай қалады. Сол кезде бір тақуа адам құмырсқаның аузына су толтырып алып жалынды сөндіру үшін алыстан тасып жүргенін, бірақ отқа жақындай алмай жанына төгіп жатқанын көреді. Тақуа сонда құмырсқаға жақындап келіп сұрайды:


– Сен не істеп жүрсің?


Құмырсқа сонда былай деп жауап береді:


– Сұрама, олар Алланың елшісін жағып жібермек. Мен отты өшіруге тырысып жүрмін.


Тақуа:


– Мынадай үлкен отты сен өзіңнің алып келген бір тамшы суыңмен қалай сөндірмексің?


– Шынында Алла Тағала әркімнен оның мүмкіндігіне қарай сұрайды. Менің мүмкіндігім осындай – деген екен құмырсқа.


Сонда екінші бір жағынан жылан жалынды одан ары өршітуге күш салып жатқанын көреді. Тақуа оған сұрақ қояды:


– Сен не істеп жатырсың?


Жылан:


– Бүгін мейрам! Бүгін Пайғамбарды өртейді - дейді.


Ол өз мүмкіндігінше жамандық жасауға тырысып жатқан еді.


Бұл Алла Тағаланың адамдардың да жануарлар сияқты екі түрін жаратқанын көрсетсе керек. Бірі отты өшіреді, екіншілері тұтатуға тырысады.


Алла бізді өрт пен жалынды сөндіретіндер қатарынан етсін дейік!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары