Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Омар ибн әл-Хаттабтың өмірінен
04 қараша, 2015 жыл 318 Басып шығару нұсқасы

Омардың жүрегіне Исламның қалай енгені туралы


 


Исламды қабылдағанға дейін Омар өте мықты, жаужүрек әрі халық арасында сыйлы адам болған. Мұсылмандарға жапа шектіріп, ізіне түскен. Омардың немере ағасы Саид ибн Зайд: «Алланың атымен ант етейін. Омар өзі Исламды қабылдамай тұрып, менің Исламға деген сенімімді күшейтті»-деген. Омардың Саидты Ислам дінінен бас тартқызу үшін байлап тастағаны туралы да айтылады. Бірақ Омардың сыртқы қатыгездігінің астарында мейірім жататын. Мұсылмандармен бірге Эфиопияға қоныс аударған Умм Абдуллах бинт Әбу Хасма: «Алланың атымен ант етейін, біз Эфиопияға қоныс аудармақ болғанда Әмір біздің әлдебір заттарымызды алып келуге кетті. Сол кезде пұтқа табынушы Омар келіп: «О, Умм Абдуллах кетіп барасыз ба?»-деп сұрады. Мен «Алланың атымен ант етейін! Біз Алланың жеріне кетіп барамыз. Алла бізге жол көрсеткенге дейін сіз бізге қысым көрсеттіңіз»-дедім. Сонда ол: «Алла сендерді қалдырмасын!»-деді. Сонда мен оның бойынан бұрын байқалмаған аяушылықты көрдім»-дейді.


Сол кездері Мұхаммад Пайғамбар (с.ғ.с) Алладан қатарларына Омарды қосып Исламдағылардың сенімін күшейтуді сұрап дұға ететін. Ибн Омар Алла елшісінің: «О, Алла! Өзің жақсы көретін Омар ибн әл-Хаттабты және Әбу Джахел ибн Хишамды қатарымызға қосып Исламды күшейте гөр»-деп жиі дұға жасайтынын жеткізген. Алла Тағала осы дұғаны қабыл етіп, мұсылмандар Эфиопияға бірінші қоныс аударғаннан кейін Омар исламды қабылдайды. Соның арқасында Ислам нығая түсіп, мұсылмандар пұтқа табынушылардан қорықпай Қағбада құлшылық жасауға мүмкіндік алады.


Омардың «әл-Фарук» лақап атын қалай алғаны туралы


 


Омар Исламды қабылдағаннан кейін, жасырын сенім келтіргені үшін жүрегі тыныштық таппай қояды. Бір күні Пайғамбарымызға (с.ғ.с) келіп: «О, Алланың елшісі! Ажал жетсе де, аман қалсақ та шындық жолында жүрген жоқпыз ба?»-дейді. Алла елшісі: «Әрине, менің жаным қолында тұрған Алланың атымен ант етемін! Ажал жетсе де, аман қалсаңдарда сендер шындықтың жолындасыңдар»-деп жауап қайырады. Сонда Омар: «Онда неге тығыламыз? Сені шындықпен жіберген Алланың атымен ант етемін. Біз міндетті түрде сыртқа шығамыз»-дейді. Осыдан кейін сахабалар үйден екі қатар болып шығады. Бір қатарды Хамза, екіншісін Омар бастап шығып, барлық жауларының көзінше Қағбаға кіреді. Сол кезде Хамза мен Омарды көрген құрайыштар қорлық көргендей күй кешеді. Дәл осы күні Алла елшісі Омар ибн әл-Хаттабқа «Әл-Фарук» лақап атын таңады. Бұл сөздің мағынасы «Шындықты күмәннан ажыратушы» дегенді білдіреді.


Омардың Хижрасы туралы


 


Ибн Аббас бұл оқиғаны былай баяндайды: «Омардан басқа барлық мұсылман құпия түрде қоныс аударды. Омар хижра жасамақ болғанда, қылышын асынып, садақ-жебесін алып, құрайыштар қаптап отырған Қағба жаққа бет алды. Аяғын нық басып, сенімді түрде Қағбаны жеті рет айналып, әл-Макам жерінде құлшылық жасағаннан кейін жаңағы отырған адамдарға барып: «Мына жүздер қандай әлем-тапырақ!  Алла Тағала сендерден басқаны қорламайды. Егер кімде-кім анасын баласынан, баланы әкесінен немесе әйелін ерінен айырғысы келсе менің алдыма шықсын»-дейді. Бұл оқиғаның қалай аяқталғаны туралы Әли: «Құрайыштардың арасынан ешкім бас көтермеді. Бас көтерген бірқатар ақымақтардың Омар сазайын тарттырды»-дейді.


Қарағанды облыстық орталық мешіті


Әмина Омарова

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары