Тілдік нұсқа
Радио

мақала

«Бисмилляһқа» құрмет көрсеткен маскүнем...
22 желтоқсан, 2015 жыл 254 Басып шығару нұсқасы

Башир-и Хафия бір күні мас болып үйіне бара жатқан кезде жолдың үстінен Бисмиллаһ деп жазылған қағаз тауып алды. Жүрегі сыздап оны жерден көтереді. Сүйіп, бетіндегі балшықтарды сүртіп тазартып, әдемі иіс сулар сеуіп, үйінің дуалына іліп қойды.


Сол кеште Алым әрі Уәли бір кісінің түсінде:


* «Барып Баширге айт! Есімімді тазалаған сияқты сені де тазарттым. Есімімді ұлық тұтқандай, сенің дәрежеңді көбейтемін. Есіміме әдемі иістер сепкеніңдей, сені де сәндеймін. Ізетіме ант етемін, сенің есіміңді дүниеде және ақыретте тазартамын және әдемілеймін », - деп айтылды.


Бұл түс үш рет қайталанды. Содан соң ол кісі Башир-и Хафияны іздеп шарапханадан тапты. Өте маңызды жаңалығым бар деп оны қасына шақырды.


Башир келіп: – Не жағдай болды, кімнен хабар бересің? – деді. Ол кісі былай деді:


* Саған Алла Тағаладан хабар беремін.


* Маған ашуланып жатыр ма? Өте қатты азап береді ме? – деді Башир. Ол кісінің көрген түсін тыңдап болған соң, достарына қарап:


* Әй, достарым! Мені шақырып жатыр, бұдан былай мені жаман жерлерден көре алмайсыңдар! – деді де түс көрген алым кісінің қасында бірден тәубеге келді. Сол уақытта аяқ киімі болмағаны үшін ол ешқашан аяқ киім кимеді. Жалаң аяқ жүргені үшін Хафи (тақуа) атағын алды. Себебін сұрағанда: – Ұлы Алла Субһанә Тағалаға тәубе етіп, күнә істемеуге сөз берген кезімде жалаң аяқ едім. Сол кезде кимеген аяқ киімді қазір киюге ұяламын, – деп жауап берген екен.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары