* Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бала күндерінің бірінде балалармен ойнап жатыр еді. Бұл кезде Ұлы Алла Жәбірейіл алейһиссәламға былай уаһи етті:
* Тез жәннатқа бар, ол жерден бір алтын леген, бір алтын құман ал. Ішін Кәусәр суымен толтырып Мұхаммедке (с.ғ.с) бар. Оның төсін жар, жүрегін шығар, құмандағы сумен жу. Содан соң ол жүректің ішін иманмен, хикметпен толтырып, орнына қой.
Жәбірейіл алейһиссәлам ауада ұшқан бір құс сияқты келіп, Расулуллаһты (с.ғ.с) балалардың арасынан алып кетеді. Бір жазық алаңға апарып, ағаштың астына алып келді. Қанатымен Алла елшісінің (с.ғ.с) төсін ұрып жарды, жүрегін шығарды. Содан соң жүрегін құмандағы сумен легенге жуып, ішіндегі жарамсыз нәрселерді шығарып тастады. Шығарып тастаған нәрселер үшін былай деді:
* Бұл шайтанның несібесі, сенде не ісі бар.
Содан соң, жүрегін орнынан орналастырып, былай деді:
* Бұл сондай жүрек болды. Алла барлық айыптардан тап-таза етті.
Кейін Жәбірейіл алейһиссәлам Расулуаллаһты (с.ғ.с) тұрған жеріне тастап кетеді. Алла Тағала Пайғамбарымызға салауат және сәлем етсін!
Мұндай оқиға Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Меккеде, қасиетті Қағбаның жанында көзі ұйқыда, көкірегі ояу жатқанда қайталанған. Бір топ періштелер келіп, Расулуллаһтың (с.ғ.с) жүрегін нұрға толтырып, арам қандардан тазартқан екен. Алла елшісі (с.ғ.с) жаратылысы мен ахлақ жағынан адамдардың ең ұлығы. Алла оған салауат және сәлем етсін!
Пікірлер