Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қазақтың шынайы мұсылмандығының дәлелі
01 қаңтар, 2016 жыл 1992 Басып шығару нұсқасы

y_35b72b6dҚазақ халқының мақал-мәтелдерінен, ел аузында жүрген сөз оралымдары мен өлең шумақтарынан имани ұғымдар мен ұстанымдардың жарқын мысалдарын таба аламыз. Мұның өзі Алаш жұртының салт-санасының, ақыл-ойынының асыл діненнен ажырамағандығын көрсетеді. Мысалдармен келтірсек:


Хадис: «Алланың атымен басталмаған әрбір маңызды сөз бен іс шолақ» (Әбу Дәуіт, Ахмет Әбу һурайрадан (р.а) риуаят еткен).


Қазақ мақалы: «Сөздің басы бісміллә, бісмілләсіз іс қылма».


Құран Кәрімде: «Мақтау-мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән» (Фатиха сүресі, 2-аят).


Қазақ мақал-мәтелдері: «Кірсіз – ай, мінсіз – құдай »; «Ей, айташы, Алланы айт».


Хадисте: «Қайда  болсаң да Алладан қорық» (Термези риуаят еткен).


Қазақ мақал-мәтелдері: «Халықтан ұял, Құдайдан қорық»; «Құдайдан қорықпағаннан қорық».


Хадисте: «Бірдеңе сұрасаң, Алладан сұра. Жәрдем тілесең, Алладан тіле» (Термези риуаят еткен).


Қазақ мақал-мәтелдері: «Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады, адамнан сұрағанның екі көзі шығады»; «Аллаға сиынған құстай ұшады, адамға сиынған мұрттай ұшады».


Құран Кәрімде: «Әлемдердің Раббысы Алла қаламаса, қалай алмайсыңдар» (Тәукир сүресі, 29-аят)


Қазақ мақалы: «Адамның дегені болмайды, Алланың дегені болады».


Құран Кәрімде: «Оған (Аллаға) ұқсас ештеңе жоқ! Әрі Ол – Естуші һәм Көруші!» (Шура, 11).


Мәшһүр Жүсіп иләһи сипаттар туралы былай деген:


Ол – Алла жисм, жауһар, ғариз емес,


Боларға басқа басқа бөлектенбес.


Алланы еш нәрсеге ұқсатуға,


Еш нәрсе Оған ұқсап жөні келмес.


Бар Құдай көкте де емес, жерде де емес,


Мекенін бір Алланың ешкім білмес.



Құран Кәрімде: «Қандай да бір жапырақ жерге түспесін, (Алла) оны да біледі...» (Әнғам сүресі, 59-аят).


Қазақ мақалы: «Құдайсыз қурай сынбас»; «Тағдыр – Тәңір ісі».


Құран  Кәрімде: «Ешбір жан ертең не істейтінін білмейді, ешбір жан қашан өлетінін білмейді» (Лұқман сүресі, 34-аят).


Қазақ мақал-мәтелдері: «Алдағыны Алла біледі»; «Өлім айтып келмейді».


Хадисте: «Қаламдар көтерілді, парақтар кеуіп кетті (яғни тағдыр тақтасына бәрі жазылды)» (Термези риуаят еткен).


Қазақ мақал-мәтелі: «Қуған жетпес, бұйырған кетпес»; «Тағдырдан қашып құтыла алмайсың».


Құра Кәрімде: «Алланың рахымынан күдер үзбеңдер...» (Зүмәр сүресі, 53-аят).


Қазақ мақал-мәтелдері: «Үмітсіз шайтан»; «Күніне тоқсан пәле көрсең дағы, Сонда жа күдер үзбе бір Алладан»;


«Дін мен дәстүр»

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары