Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Имам әл-Ғазали: «Дін туралы білім өте керек»
13 қараша, 2020 жыл 2041 Басып шығару нұсқасы

EWTdt4FForcӘбу Мұхаммад әл-Ғазали 20 жасқа толған шағында яғни хижраның 470 – ші жылы ілім іздеп Горгон қаласына жол тартса керек. Сол жолы өзімен бірге Әбу Насыр Әл Йсмаилдің «Мұсылман құқықтары бойынша түсініктемелері» деген бірнеше томдық кітабы болады. Осы жолда сол кітаптармен қызықты оқиғаға тап болады. Ол жайында өзі былай деп баяндайды: «Жолда біздің керуенге қарақшылар шабуыл жасады, менің де барлық заттарымды тартып алды. Артынан олар кете бастағанда мен де арттарынан ілестім. Сол уақытта олардың басшылары мені көзі шалып қалып: «ей, бейбақ басың кетпей тұрғанда қайт артқа», – деп сес көрсетті. Сол кезде мен оған былай жауап қаттым: «Жаратқан үшін, менің тек кітаптарымды қайтаруыңды сұраймын. Сіздер үшін оның құны бақыр тиын ал мен үшін олар өте құнды». Ол: «Не кітаптар?», – деді. Мен кідірместен былай дап жауап айттым: «Ана қоржындағы, мен ол кітаптармен көп жұмыс жасадым, жаздым, тыңдадым, оқыдым ондағылардың мағынасын түсіндім». Ол күлді де: «Сен онда не жазылғандарын қайдан білесің? Біз сенен кітаптарды тартып алып едік сен білімсіз қалдың!» артынша адамдарына кітаптарды қайтарып беруді бұйырды. Кейін Имам Әл-Ғазали осыны еске алып былай деп жазады: «Сол кезде мен өзіме қаратып былай дедім: «Шындығында мені білім жолында анық, тура жолға салу үшін қарақшының аузына сол бір сөзді Алланың өзі салды». Кейін Горгоннан қайтқан соң, маған тағы да қарақшылар шауып білімсіз қалдырмау үшін сол кітаптарды жаттап алғанша дейін үш жыл оқумен болдым». (Zhasqazaq.kz)

Әбу Мұхаммад әл-Ғазали Ислам ғылымдарының ең ұлыларының бірі. Өмірін Исламның әмірі мен тыйымдарын үйренуге және үйретумен өткізген имам Ғазали 1058 жылы Ирандағы Мешхед қаласының Ғазал ауылында дүниеге келген. 1111 жылы Жәмазил-әууәл айының 14-і дүйсенбі күні сол жерде қайтыс болған. Бөлмесінде намаз оқып жатқанда әдеттегіден ұзаққа созылғандықтан жақындары алаңдайды. Ішке кіргенде хазреті имам Ғазалидің кебінін киіп, жүзін Қыблаға қаратып, жан тапсырғанын көреді. Абу Мұхаммад ал-Ғазали мүжтәһид ғалым болған. Өте көп кітап жазған. Кітаптарының көптігі соншалық, өміріне бөлінетін болса, күніне 18 беттен түседі. «Ихьә улуму әд-Дин» және «Кимия-и Саадат» атты кітаптары өте құнды. Исламның үшінші қасиетті орны болып табылатын әл-Ақса мешітінде Имам әл-Ғазалидің қолымен жазылған ислам әдебиетіндегі ең танымал  «Ихьә улуму әд-Дин» кітабының біраз бөлігі жазылған. Мешіт ғимаратында имамның өмір сүріп, кітабын жазған ескі бөлмесі ерекшеленіп көрсетілген.

Имам Ғазалидың әкесі кедей өмір сүрген. Сол себепті бір ғалым досына былай деп өсиет қалдырып кеткен екен: «Осы екі балам: Ахмед пен Мұхаммедті өзіңе аманаттадым. Осылардың оқуын жауапкершілігіңе алып, ғылым үйренуіне көмегіңді бер». Әкелері қайтыс болғаннан кейін екі ұлы осы ғалымның қарамағында болып, біршама уақыт мектепке барған. Алайда әлгі ғалым өзі де кедей болғандықтан, «өздеріңе қарайтындай менің жағдайым жоқтығын көріп жүрсіңдер» деп Ахмед пен Мұхаммедті жатар орны тегін медресеге апарып тапсырады. Досының аманатына қиянат жасамай өзі жиі барып, екі ұлдың жағдайларын біліп тұрады. Бауырымен бір медресеге жазылып, оқи бастаған Мұхаммед кейіннен осы жағдайды әңгімелегенде былай деген: «Негізі біз медресеге білім алып, күн көрісімізді қамдау үшін барған едік. Алайда ілім сондай абыройлы нәрсе екен, бізді дүниеге қаратпады, бізді Алла үшін еңбектенуге бағыттады». (islam.kz)

Исламда имам әл-Ғазали туралы айтылса, сопылық тақырыбы көтеріледі. Өйткені, ол сопылықтың көптеген қыр-сырын зерттеп, бүкіл әлемге өзінің ықпалын жүргізетін Алланың қалауы шексіз еркі туралы негіз айтқан. Бай тарихы бар Ислам мәдениетінде ағартушылар Шығыс пен Батысқа адами асыл мұраттарды жеткізуде жаршы болды.

Имам Ғазалидің «Ихьә улуму әд-Дин» еңбегінің маңызы өте зор. Осы еңбегін жазудағы мақсатын автор былай түйеді: «Дін туралы білім өте керек, Алланы шынайы танығандар ғана оны анық білгендер. Бала үлкендер әрекеті туралы біле бермейді. Ересек адам болғанымен, ол ғалымның білгенін білмейді. Сол сияқты ғалым да сопыларға аян (илхам) арқылы берілетін білімнен бейхабар». Кейінгі ғалымдар имам Ғазалидің «Ихьә улуму әд-Дин» кітабын оқыған адам екі дүниеде де бақытты болады деген. Өйткені оның пайдасы ақыретке дейін таусылмайды. Барша мұсылман бүкіл әлем мойындаған имам Ғазалидің еңбегіне ден қойып, білім алуға ұмтылғаны абзал болмақ.

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары