Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Арақ ішкеннің ары ақ емес...
10 қаңтар, 2014 жыл 30 Басып шығару нұсқасы


Арақ ішкеннің ары ақ емес...Ислам дінінің елге тарай бастауымен арақ-шарапқа тыйым бірте-бірте күшіне ене бастады. Ең бірінші, ішімдіктің пайдасынан зиянының көптігі халыққа түсіндірілді. Одан кейін мас күйінде намаз оқуға тыйым салынды. Ақырында түбегейлі харам болды. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұтқа табыну, оқпен бал ашып, бәсекелесу – шайтан ісі, жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем дегендер шайтан ісінен аулақ болыңдар. Сол арақ, құмар ойнау арқылы шайтан сендердің араларыңа дұшпандық – Ғадауат тудырады, сендердің намаз оқуларыңа кедергі жасамақ болады. Тәңірді естеріңнен шығаруға тырысады. Арақ пен құмар ойнаудан сонда да безбейсіңдер ме?» – дейді (Маида сүресі, 90-91 аяттар). Бір адам Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) балдан, бидай мен арпадан жасалатын күшті ішімдіктер туралы сұрағанында, ол былай деп жауап берген: «Шарап – мас қылады, сондықтан шараптың барлығы да харам».


Хадистер не дейді?


Мені пайғамбар етіп жіберген Алланың атымен ант етіп айтамын: Алла Тағала арақты Тәурат, Забур, Інжіл, Құранда лағынеттеген.


Кімде-кім біреуге арақтың бір тамшысын ішкізсе, Алла Тағала оның денесін жылан, шаянға тастайды.


Кімде-кім біреудің арақ ішуіне жәрдемдессе, онда ол Исламның бұзылуына жәрдемдескен болады. Егер оған арақ ішу үшін қарыз берсе, онда ол бір мүминді өлтіруге жәрдемдескен болады.


Сондай-ақ, кімде-кім арақ ішушімен бірге отырса, Алла Тағала оны қияметте көзі көрмейтін көр соқыр етіп тірілтеді.
– Арақтан сақтаныңдар, өйткені, ол – барлық жамандықтардың кілті.
– Мас қылатын ішімдіктерді аз ішуге де рұқсат жоқ.
– Ішімдікке салынған адам жәннатқа жіберілмейді.


Таңертең ішкілік ішкен адам күн батқанға дейін Аллаһ Тағалаға серік қосқан сияқты болады, ал күн батқаннан кейін ішкілік ішкен адам таңертеңге дейін Алла Тағалаға серік қосқандай болады. Аллаһ Тағала ішкілік ішкен кісінің қырық күндік намазын қабыл етпейді.



Ішімдік пен есірткі өндіру


Қасиетті Ислам діні мұсылманның шарапқа байланысты барлық іс-әрекетіне (жасау, сату сияқты) тыйым салған. Егерде кімде-кім оны тыңдамай, бұл харам іске қатысты болса, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар оларға қарғыс айтқан. Арақ-шарап пен бірге есірткі өндіру де Ислам дінінде – ауыр күнә. Ол есірткінің апиын, гашиш тәрізді барлық түрлеріне де қатысты. Яғни, есірткіні өндіру, сату, оған делдалдық жасау, есірткі қолданып жатқан адаммен бірге отыру – харам саналады.


Арақ-шарап сату


Ұлық Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылмандардың арақ-шарап сатуына, оны сатып алуына, арақ-шарап саудасына делдалдық жасауына, ішуі мен құюына тыйым салған. Мұхаммед (с.ғ.с.) шарапқа байланысты мынандай он нәрсеге қарғыс айтқан:
1. Шарап жемісін сығуды талап еткенге;
2. Оны сығушыға;
3. Шарап иесіне;
4. Шараппен сауда жасаушыға;
5. Шарапты сатып алуды талап етушіге;
6. Шарапты сатып алған адамға;
7. Шарап саудасынан пайда тапқанға;
8. Шарап ішкенге;
9. Ішушімен дастарқандас болғандарға;
10. Арақ-шарапқа;



Ішімдікке салынғандардан аулақ болу


Абдулла ибн Омар пайғамбардың мынандай сөзін келтіреді: «Мас болып, намазын бір рет қаза қылған кісі үлкен қиыншылыққа ұшырайды, құдды бүтін дүние оның мүлкі еді, ол содан мақрұм болды. Мас болу себепті намазды төрт реет қаза қылған адамды Алла Тағала ахиретте фасад суымен сусындырады, яғни ондай адамдарға фасад суын ішкізеді.
– «Фасад суы» деген қандай су? – деп сұрапты сахабалар.
– Тозақ отына күйдірілген адамның денесінен ағатын іріңді «фасад суы» дейді, – деп жауап беріпті пайғамбар».



Арақтың он зияны


Әбу Лайс Самарқанди (р.ғ.) былай деген: «Арақ ішпе! Өйткені, онда он жаманқасиет бар». Ал олзияндармынандай:
1. Арақ
ақшаныысырапетедіжәнеақылданайырады.
2. Араққор
арақішкендежындығаайналады, жасбалаларғакүлкіболады, ақылдыадамдардансөзестиді.
3. Араққорлық
ағайын-туыс пен достардыңарасынаараздықкіргізеді.
Аллаһ
ТағалаҚұранКәрімдебылайдейді:
«Негізінде шайтан арақта, құмарда
араларыңадұшпандықәрікексалудықалайды» (Маидасүресі, 91 аят).
4. Әлбетте, арақ
ішу Алланыңзікіріненжәненамазданқайтарады. 
5. Арақ
адамды арсыздыққа,зинақорлыққаалыпбарады. Өйткені, арақішіп, массболып, өзібілмейәйелінталақетеді. 
6. Арақ
барлықжамандықтыңкілті. Арақішкенадамкез-келгенкүнәіскебейімболады. 
7. Азғындық
жолына 
кіріп, арақ
ішкенадамныңсасықиісіненбарлыққорғаушыперіштелерқашады. 
8. Шариғат
бойыншаарақішкенадамға 80 дүресоғу – уәжіп. Егердебұдүниедеұрылмаса, ахиреттеата-анасыныңжәнедостарыныңалдындаоттанболғанқамшыменұрылады.
9. Арақ
ішуіменаспанесіктерінжауыпқояды. Өйткені, бірмәртеарақішкенкісініңжақсылықістеріжәнеқылғандұға-тілектері, оқығаннамаздарықырықкүнгедейінқабылболмайды.
Бұл
туралыМұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардыңбірхадисіндебылайдепайтылған: «ҮмметімніңішіненішкілікішкенадамныңқырықкүнгінамазынАллаһТағалақабылетпейді». Осы хадискеқатысты имам Суитибылайдеген: «Адам бойынатарағанішкіліктіңтолықжойылумерзімі – қырықкүн».
10. Арақ
ішушіадамуайым-қайғығатүседі. Өйткені, олөлеруақытындаимансызкетуімүмкін. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар: «АллаТағалаішкілікішкенкісініңқырықкүндікнамазынқабыл етпейді. Осы қырықкүнішіндеөліпкетсе, оладамтозаққатүседі. АллаТағалаоғанназар да салмайды».



Данагөйлер не дейді?


Мас болу – өз еркіңмен жындану.


Аристотель


Маскүнемдік – ақылдан алжасуға жаттығу.


Пифагор


Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі не жақсы, не жаманды білмейді. 


Абай


Шараптыкөпішкенніңауруы да көп.


(Көне ұйғыр жазу ескерткіші).



Маскүнемдер дүниеге маскүнемдерді әкеледі.


Плутарх.


Шарап ішпей, бәледен жүр қашықта,


Байқа, атанба зинақор да, пасық та.


Сақ бол, шарап, зинақорлық күйгізер,


Олар тонын кедейліктің кигізер.


Жүсіп Баласағұни.


Арақ жайлы халық не дейді?


Арақтан өлгенге дұға дарымайды.
→ Ыдысыңда арақ тұрса, ырысың қарап тұрады.
→ Арақтың жанында адалдық пен адамдық жатпас болар.
→ Арақпен жолаяқ жасағанның жолы болмайды.
→ Маскүнем қатыннан маймыл туады.
 
→ Қызың арақ ішсе – қызығыңның кеткені.
→ Ұлың арақ ішсе – ырысыңның кеткені.
→ Аждаһаның басы жетеу, Арақтың басы жетпіс.
→ Жұттың жеті атауы бар, Арақтың 700 атауы бар.
→ Арақ ішіп өлген адам да бір, арам өлген мал да бір.



Медицина не дейді?


Емшек безі қатерлі ісігімен ауыратын әйелдер арақ-шарап ішетін қыз-келіншектер арасында жиі кездеседі.Мамандардың айтуынша, еліміздегі маскүнемдердің үштен бірі түрлі психикалық ауытқуларға ұшырағандар.


Іштегі балаға зияны


Арақ-шарап ішпейтін әйелдерге қарағанда оны аз болса да татып алатын әйелдердің дүниеге әкелетін сәбилерінің 100 пайызының:
1. 89 пайызы әлсіз болып туады.
2. 84 пайызы болашақта психикалық қиындықтарға ұшырайды және басы тиісті мөлшерінен кіші болып бітеді.
3. 80 пайызының сөйлеу мүшелерінде кемістік орын алады.
4. 80 пайызының терісі зақымдалған болады.
5. 51 пайызының аяқ-қол саусақтары қисық болып жаратылады.
6. 46 пайызының жыныстық мүшелерінде, 41 пайызының есту мүшелерінде кемістік байқалады.
 
7. 29 пайызы жүрек ауруына шалдыққан күйде дүниеге келеді.


8. 25 пайызында көру қабілеті төмен болады.
9. 10 пайызының бүйрегі толық істемейді.
 
10. Бір шыны сыраның өзі ана құрсағындағы сәбидің миына әсер етеді.


Адам ағзасына зияны


1. Бастың қатты ауруы.
2. Көздің бұлдырауы.

3. Ақыл-сана, абырой, намыстан айыруы.
4. Ағзаның ауруларға қарсы тұратын күш-қуатының жойылып, әлсіреуі.
5. Отбасы мен адамдар арасындағы дау-жанжалға қалдыруы.
6. Ми, бауыр, жүректің зақымдануы. Ұзақ уақыт араққа салынған адамның бауыры қалыптағыдан 14 есе артық жұмыс істейді, бауыр циррозы, бауыр қатерлі ісігі дамиды.
 
7. Алкоголь ас қорыту мүшелерін қатты зақымдайды, асқазан жарасы, өңеш жарасы тәрізді дерттерге ұрындырады.


8. Ішек қатерлі ісігі араққа салынғандар арасында басқалармен салыстырғанда үш есе көп кездеседі.
9. Ішкіліктің әсерінен зорлық-зомбылық, ұрлық, кісі өлтіру тәрізді қылмыстар орыналады, адам рухани күйзеліске ұшырайды.


10. Көп ішкенде адамның көзалдына жын-шайтан елестейді.


Құремтті қауым! Арақ атадан қалған ас емес екендігін біліп, жан-жағымыздағы, өкінішке қарай маскүнемдікке салынып, есірткі қолданып тура жолдан адасқан жандардың «ойнап жүріп от басқандарының» нәтижелерінен ғибрат алайық. Бұл адамды аздырып, жүрегінен иман, жүзінен нұр кетіріп, көңіліне қара дақ салатын арақ, есірткіден сақ болыңыздар. Анадан адам болып туылған соң, адам қалпымызда қалуға тырысайық.



Осакаров ауданы Тоқа Байғозықажы мешітінің Бас имамы


Қанат Анасұлы,


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары