Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) дүниеге келуі
10 ақпан, 2014 жыл 34 Басып шығару нұсқасы

Хазіреті  Мұхаммедтің (с.а.у.) дүниеге келуіПайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) 571 жылы сәуір айының 20-сына сәйкес келетін Рабиул Әууәл айының 12-сінде дүйсенбі күні таң ағарып келе жатқанда Меккеде дүниеге келді.
Әкесі Абдуллаһ оның дүниеге келуін 2 айдай бұрын қайтыс болғандықтан жалғыз ұлын көре алмады. Атасы Абдулмутталиб үлкен ас беріп, той жасап, сүйікті немересіне «Мұхаммед» деп ат қойды.
Немереңе қандай ат қойдың ?– деп сұрағанда,
Мұхаммед деп қойдым,- дейді.
Олар:
Аталарының арасында мұндай ат жоқ еді, бұл атты қоюының мәнісі не.- деп сұрайды.Абдулмутталиб:
«Көкте Хақ Тағаланың, жерде халықтың мақтанышы болсын деген үмітпен қойдым»,-деп жауап береді. Ибн Аббастан (р.а былай риуаят етілген:
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у) дүйсенбі күні туылды, дүйсенбі күні пайгамбар болды, дүйсенбі күні Меккеден Мәдинаға хижрет етті, дүйсенбі күні Мәдинаға кірді, дүйсенбі күні дүниеден өтті. Дүйсенбі күні (Қағбада төрешілік жасап) Хажарул Әсуадты орнына қойды. Дүйсенбі күні Бәдірде жеңіске жетті. Дүйсенбі күні Иаума әкмәлту ләкум динәкум уа әтмамту ғәләйкум ниғмати уа родииту ләкумул исләмә диинән...
«...Бүгін сендердің діндеріңді толықтастырдым және нығметимді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым...» деген аят түсті. (Майда сүресі 3-аят).
Айша (р.а) айтуы бойынша Меккеде сауда-саттықпен айналысатын бір яһуди Расуллаһ (с.а.у) туылған күні, Аллаһ Расулінің дүниеге келгенін білдіретін жұлдыздардың туғаның көріп, Құрайыш мәжілісіне барып:
Ей, Құрайштықтар! Араларында бүгін түнде ұлды болған бар ма?.-деп сұрады.
Уаллаһи білмейміз,-деп жауап берген соң, яһуди:
Ей, Құрайыш жамағатыІ Сендердге айтқан нәрсемді жақсылап анықтандар. Бүгін түнде ақыр заман үмбетінің пайғамбары туылды. Оның екі жауырының арасында үстін түк басқан қара сары аралас қалы бар,- деді.
Мәжілістегілер яһудидің айтқандарына таң қалып тарқады. Үйлеріне барған соң яһудидің айтқан сөздерін үйіндегілерге жеткізді. Кейбірінің отбасындағылары:
-Абдуллаһтың дүниеге ұлы келді. Оған Мұхаммед деп ат қойды,-деді. Осыдан соң олар яһудидің үйіне барып:
- Меккеде бір бала дүниеге келіпті, мұнан хабарын бар ма?- деді. Яһуди:
- Мен сендерге хабар бергеннен кейін бе, әлде бұрын ба?-деп сұрады.
-Одан бұрын туылған екен, есімі де Ахмет, -деді.
Өтінген соң оны Хазіреті Әминаның үйіне алып барады. Әмина мубарак ұлын оларға көрсетті. Яһуди әлемдердің Сұлтанының (с.а.у) арқасындағы пайғамбарлық мөрін көргенде есінен танып қалды. Есін жиған соң одан:
-Не болды? -деп сұрады. Яһуди:
-Уаллаһи , енді Исраил ұлдарынан пайғамбарлық кетті. Қолдарынан кітап та кетті. Арабтар пайғамбарлықпен ұлы құрметке және абыройға ие болады. Уа, Құрайыш қауымы! Қуана беріндер, сөзсіз сендер аты шығыстан батысқа дейін жететін құдіретке ие боласындар, -деді. ( Ибн Сағд І, 162-163; Хаким ІІ,657/4177)
Расулуллаһ (с.а.у) дүниеге келгенде бүкіл Мекке халқы қуанды. Тіпті Әбу Ләһаб мубарак інісінің дүние есігін ашқаны жайында қуанышты хабарды әкелген күңі Сүәйбәні азат етіп,оған сый-сыйапат берді. (Халәби І, 138)
Кейіннен Аббас (р.а) осы оқиғаға байланысты мыналарды айтқан:
Әбу Ләһәб өлгеннен соң бір жылдан соң кейін оны түсімде көрдім. Жағдайы нашар еді. Одан:
-Саған қалай әрекет етуде?-деп сұрадым. Әбу Ләһәб:
«Мұхаммед туылған кезде қуанғанымнан Суәйбәні азат еткенім үшін дүйсенбі күні азабым жеңілдетілді. Сол күні бас бармағым мен сұқ саусағымның арасындағы мына кішкене тесіктен шыққан сумен біраз салқындап қаламын,-деп жауап берді». (Ибн Кәсир, әл-Бидая ІІ, 277; Ибн Сағд І, 108,125).
Хазіреті Пайғамбарымыздың есімдері
Расулуллаһтың (с.а.у) бірнеше мүбарак есімдері бар. Бұлардың ең бастылары Құран Кәрімде айтылған «Мұхаммед» және «Ахмед». Мұхаммед мақтаған, Ахмед болса көп мақтау айтқан деген мағыналарды білдіреді.
Құран Кәрімде Мұхаммед есімі төрт жерде, Ахмед есімі бір жерде кесдеседі. Інжілде осы есімдердің мағынасына келетін «Параклит» сөзі айтылған.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадис шәріпінде былай дейді:
«Мен Мұхаммедпін әрі Ахмедпін. Мен Махимін, Аллаһ менің пайғамбарлығым арқылы күпірлікті жояды. Мен Хаширмін,( қиямет күнінде) адамдар менің артымнан ілесіп бір жерге жиналады. Мен Ақибпін, Хатамул Әнбиямын, менен кейін ешкім пайғамбар болмайды». (Бұхари, Мәнәқиб 17; Муслим, Фадаил 125).
Расулуллаһтың (с.а.у) мүбарак есімдері мен сипаттары көптеген еңбектерде кездеседі. Бұлардың екі жүздейі «Дәләйлул Хаят» атты кітапта баяндалған. Бүгінде Рауза Нәбидің Құбыла жақ қабырғасын тамаша хатпен осы мубарак есімдер мен сипаттардың бір бөлігі әшекейлеп тұр. Олар:
Ахмед, Махмуд, Мұхаммед, Мұстафа, Хабибулаһ,Нәби, Расулуллаһ, Умми, Нур,Хамид, Бәшир, Нәзир, Бурхан, Әууәл, Ахир, Духа, Хади, Хатәм, Мұхтар,Муттаххар,Мужтаба, Рауф, Рахим, Расулус, Сәқаләйн, Рахматул лил-аләмин, Сәиидул Мурсалин, Сәиидул Кәунәйн, Имамул Харамайн, Муттақин, Шафиул Музнибин, Шәмс, Та-һа, Я-син...
Сүт анаға берілүі


Әлемдердің Сұлтаны дүниеге жетім болып келеді. Құранда былай баяндайды:
«Ол сені жетім күйінде тауып, қамқорлығына алмадыма?». (Дұха сүресі 6-аят).
Сүйікті Пайғамбарымызды алғашқы бірнеше күнде анасы Әмина емізді. Сосын Суәйба ханым Ұлы Мәсрухпен бірге Аллаһ Расулін (с.а.у)ды емізіп, әлемдердің Сұлтанына сүт ана болды.( Ибн Сағд І, 108)
Адалдықтың белгісі болған Расулуллаһ (с.а.у) өмірінің кейінгі жылдарында сүт анасы Сүәйбәға көніл бөліп, оған қарайласып тұрды. Меккеде болған кезде Аллаһ Расулі де, Хадиша анамыз да оған жақсылық жасап, сыйлық сыйлап тұрды. Сүйікті Пайғамбарымыз хижрет еткен соң Сүәйбә ханымға үнемі азық-түлік пен киім-кешек жіберіп, тиісті қажеттіліктерін беріп отырды. Аллаһ Расулі хижреттің жетінші жылында Хайбар жорығынан қайтып келе жатып оның дүние салғаның естігенде:
Оның ұлы Мәсрух не істеп жатыр?- деп сұрады.
Ол анасынан бұрын қайтыс болды,- деді.
Сонан соң Расулуллаһ (с.а.у) оның туыстарының тірі қалғандардың бар жоғын сұрастырып еді, ешкім қалмаған екен.( Ибн Сағд І, 108,109)
Әлемдердің Сұлтанына сүт ана болу құрметіне содан кейін Халима ханым ие болды.
Ол дәуірде арабтарда бір әдет бар еді. Жаңа туылған балаларын сүт ему үшін шөлде тұратын тайпаларға беретін. Шөл климатына адамдардың денсаулығын мықты әрі ержүрек қылатын, сонымен қатар ол жердегі адамдардың тілдері дұрыс әрі әдеби болатын. Осылайша балалар дені сау болып, әдеби сөйлеп өсетін.


Нұра ауданы мешітінің бас имамы: Б. Узденбеков


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары