Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Таһажжудтың пайдасы
13 наурыз, 2014 жыл 25 Басып шығару нұсқасы

Таһажжудтың пайдасыАнас ибн Маликтен жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Екі мұсылман адам кездесіп, бір-бірінің амандығын сұрасып Маған (с.ғ.с.) салауат айтса, ол екеуінің алдынғы және артқы күнәләрі қоштаспай жатып кешіріледі» деген.
Абдулла ибн Аббас (р.а.) Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) таһажжуд намазы парыз болды деген, бірақ имам Бағауи (р.ғ.) ол парыз кейін мансұқ етілген деп дәлел келтірген, себебі Айша анамыз (р.а.) Пайғамбарымызға(с.ғ.с.): «Сіз намазды не үшін оқисыз, Алла Тағала Сіздің (с.ғ.с.) алдынғы ж/е артқы күнәләрінізді кешірді ғой дегенде, Мен(с.ғ.с.) шүкір қылушы құлдардан болмаймын ба?»- деп Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) жауап берген.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) еркекке түннің бір уақытында намаз оқу үшін тұрып ж/е сол намазды оқу үшін бетіне су сеуіп болсын әйелін оятқан еркекті, сондай-ақ намаз оқу үшін түн ұйқысын бөлген ж/е сол намазды күйеуім оқысын деп бетіне су сеуіп болсын күйеуін оятқан әйелді Алла Тағала рақым етсін деп дұға қылған.
Омар ибн Хаттабтан (р.а.) жеткен хадисте: Пайғамбарымыз(с.ғ.с.): «Кімде-кім түн намазын яғни таһажжуд оқып журсе, ол адамға Алла Тағала тоғыз жақсылық береді, бесеуі осы дүниеде болса, төртеуі қияметте. Осы дүниедегі жақсылықтарын алсақ 1. Алла Тағала апаттардан сақтайды. 2.Құлшылықтарының әсерін жүзіне қояды. 3.Ізгі амалды құлдарының жүректеріне сол кісіге деген махаббат салады. 4. Хикметпен сөйлейтін хикмет иесі қылады. 5. Фиқһ ілімінің иегері қылады. Қияметтегі беретін жақсылықтарына келсек 1. Қабірінен жүзі нұр шашып шығады. 2. Есебі жеңіл болып, қыл көпірден найзағайдай жарқ етіп өтеді. 3. Амал кітабы он қолынан беріледі». Миғражға барғанымда Алла Тағала Маған (с.ғ.с.) бес өсиет айтты. 1. Жүрегіңді дүниеге байлама, ол үшін жаратқан жоқпын сені(с.ғ.с.) 2. Менен басқаға махаббатын болмасын, барлығын Маған қайтасыңдар. Жәннәтқа кіру үшін талаптаныңдар және де адамдардан үмітіңді үз, себебі олардың қолында еш нәрсе жоқ. 3. Таһажжуд намазына берік бол, көмегімізге себеп болады.
Ибраһим ибн Адһамның үйіне бір күні қонақтар түседі. Олардың тегін адамдар емес екенін сезген Ибраһим ибн Адһам олардан қандай амал қылсам сіздердей Алладан қорқатын болам деп өсиет сұрайды. Сонда қонақтары жеті нәрсені саған өсиет қыламыз. 1. Сөзі көп кісінің жүрегі ояу болады деп үміттенбе. 2. Тамақты көп ішетін адам хикмет иесі болады деп үміттенбе. 3. Адамдармен көп араласатын адам құлшылықтын дәмін татады деп үміттенбе. 4. Дүниеге жүрегі байланған адамның ақыры жақсы болады деп үміттенбе. 5. Надан адамның жүрегі тірі болады деп үміттенбе. 6. Залымдармен араласуды таңдаған адам дініне берік болады деп үміттенбе. 7. Адамдардың ризалығын іздеген адам Алла ризалығын табады деп үміттенбе.
Абу Имама (р.а.) Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) бізге таһажжуд намазына берік болуымызды, ол намаз алдынғы өткен ізгі амалды құлдардың жолы, сендерді Раббыларына жақындатып, күнәләрінді жойып, айыптарынды жасырып, жамандықтан тыяды, себебі Құран Кәрімде Алла Тағала «Шындығында намаз сендерді жамандықтан тыяды» деген, оқыған адамға Алланың рахметі бар деп өсиет қылған.
Омар ибн Абдулазиз заманында патша болған кісі. Осы заманда мұсылмандар үлкен жетістіктерге жетіп бай мемлекетке айналған. Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) осы заман болатынын Абу Суфиянға(р.ғ.) Мекке қаласын алғанда айтқан. Сен мұсылмандарды аз дейсін бе олар теніздің көбігінен де көп болады, сен мұсылмандарды кедей дейсін бе, оларға бір заман келеді зекет беретін базарда адам таба алмай қалады, осы айтқан заман Омар ибн Абдулазиздың патша болған кезінде келген. Бір күні Омардың күні келіп, мен түс көрдім, түсімде қиямет болып адамдарды таразыға салып тозаққа баратынды тозаққа, пейішке баратынды пейішке бөліп жатыр екен. Сіздің алдыңызда патша болған Абдмалик ибн Маруанды әкеліп қыл көпірмен жүргізгенде ол кісі қыл көпір үстінен екі адым жасап тозаққа құлап түсті, одан кейін оның баласы Уалид ибн Абдмаликті әкеліп көпірмен жүргізді, ол да бір екі аттап тозаққа құлап түсті, олардан кейін сізді алып келді дегенде Омар ибн Абдулазиз қатты жылап талып қалды, күн әйел сізді жәннәтқа бұйрды деп қанша айтса да жылаған Омар сөзін естімей есін жимай қайтыс болып кетеді.
Араб тілінен аударған:
Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамы Қосмағамбетов Бекболат, Дархан Асылтайұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары