Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жеті калиманың жетелейтіні Жәннат
17 наурыз, 2014 жыл 126 Басып шығару нұсқасы

Жеті калиманың жетелейтіні ЖәннатБір хабарда айтылған: «Қайсы бір адам мына жеті калиманы жаттап алып үнемі айтып жүрсе, Алланың алдында және періштелердің алдында ең ұлы адам болады. Алла Тағала оның барлық күнәларын кешіреді. Өмірі де өлімі де ол адам үшін хайырлы болады екен.
Бірінші: әр бір нәрсені бастар алдында Бисмилләһир рохманир рохим деп айту.
Екінші: әр бір істің соңында Әлхамду лилләһи деп айту.
Үшінші: егер жаман сөз сөйлеп қойсаң немесе естісең Астағфируллоһу деп айту.
Төртінші: жақын арада бір істі бастағың келсе Иншаллоһу деп айту.
Бесінші: бір жаман істі көрсең Лә хаулә уәлә қууәтә иллә билләһил ғалиюул ғазим деп айту.
Алтыншы: бір қайғы қасіретті естісең Инна лилләһи уа инна ләйһи роджиғун деп айту.
Жетінші: шамаң келсе күндіз түні Лә иләһә иллаллаһ калимасын айту деген екен.
Бір хабарда Алла Тағала Мұса (ғ.с.) пайғамбарды Ферғауын патшадан құтқарғаннан кейін Мұса (ғ.с.) Алла Тағалаға мінәжат етіп: «Иә, Жаратушы ием, Сенің берген нығметтеріңе шүкіршілік етіп, айтып жүретін бір сөз үйретіңіз» деген екен. Алла Тағала: «Ей Мұса (ғ.с.), Лә иләһә иллаллаһ деп айтып жүр» дейді. Мұса (ғ.с.): «Иә, Жаратушы ием, тағы да сөз қосып беріңіз» дегенде Алла Тағала: «Ей Мұса (ғ.с.), таразының бір жағына жеті қат аспан және жеті қат жерді қойып, екінші жағына Лә иләһә иллаллаһ калимасын қойсаң, осы калима тұрған жағы басып кетеді» деген екен.
Бір хабарда Мұса (ғ.с.) пайғамбар заманында үнемі Жаратушыға жалбарынып құлшылық ететін бір адам және мүлдем құлшылық жасамайтын бір адам өмір сүреді. Бір күні үнемі құлшылық етіп жүретін кісі өледі. Мұса (ғ.с.) түсінде ол кісінің Тозақ отына түскенін көреді. Арада көп уақыт өтпей мүлдем құлшылық етпейтін адам да өледі. Мұса (ғ.с.) түсінде ол кісінің Жәннатқа кіргенін көреді. Осыдан оянған соң Мұса (ғ.с.) қатты таң қалып құлшылық қылған кісінің үйіне келіп әйелінен: «Ол кісі қандай амал жасаушы еді?» деп сұрайды. Әйел: «Өзіңіз білетіндей үнемі құлшылық ететін» дейді. Мұса (ғ.с.): «Жоқ, одан басқа не істеді? дейді. Әйел: «Күнде жатар алдында Мұсаға (ғ.с.) келген нәрсеге тәубә қылдым деп айтатын» деді. Енді Мұса ғ.с мүлдем құлшылық жасамайтын кісінің үйіне келіп әйелінен: «Ол кісі қандай алал жасаушы еді?» деп сұрайды. Әйел: «Өзіңіз білетін амалдар, еш құлшылығы жоқ еді» дейді. Мұса (ғ.с.): «Тағы не істеді?» дейді. Әйел: «Күнде жатар алдында Лә иләһә иллаллаһ калимасын айтып, Мұса (ғ.с.)-ға келген нәрсеге шүкіршілік етемін деуші еді» деген екен.
Әнәс Бину Малик (р.а.)-дан жеткен риуаятта: «Қайсыбір адам шынайы жүрегімен Лә иләһә иллаллаһ Мұхаммадур росулуллаһ деп айтса сөзсіз Жәннатқа кіреді» делінген.


Арабшадан аударған:
Балқаш теміржолшылары мешітінің бас имамы
Әлімқұл Медет қажы Құралұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары