Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шайтанның серіктері
26 наурыз, 2014 жыл 12 Басып шығару нұсқасы

Шайтанның серіктеріРасулуллаһ(с.ғ.с.) Ібіліс Шайтаннан сұрапты:
-Үмбетімнен неше кісі сенің досың болады?
-Он кісі;
-Олар кімдер?
-Залым басқарушы;
-Менмен көкірек бір кісі;
-Қай жерден табысын тауып, нені жеп жүргенін айырмаған кісі;
-Залым басқарушыға сүйер болып дұрыстаған кісі;
-Қиянатшыл саудагер;
-Өтірікші саудагер;
-Зина жасаған кісі;
-Өсім жегендер (алса да, берсе де);
-Қай жолмен байып жатқанына бас ауыртпаған жебір;
-Ылғи ішімдік ішкен кісі.
Шайтаннан:
-Кімге ашулысың?-деп сұралды.
-Мұхаммедке (с.ғ.с.)ашулымын.
Екінші:Ілімімен амал еткен ғалымға.
Үшінші:Құранды (жаттаушы) хафиздарға.
Төртінші:бес уақыт Алла разылығы үшін азан оқушыға.
Бесінші:Мейірімді жүрек иесі болғандарға.
Алтыншы:Пақырларды, жетімдерді жақсы көретіндерге.
Жетінші:Алла ризашылығы үшін адамдардың араз болғандарын жақындастырушыға.
Сегізінші:Алла Тағалаға құлшылық етумен жүрген жасқа.
Тоғызыншы:Адал-ішіп жегендерге.
Оныншы: Алла Тағала үшін бір-бірін сүйгендерге.


Бұрынғы замандарда Ібіліс шайтан адамдарға көрінеді екен. Бір Адам одан сұрайды:
-Ей, Абамура. Не істесем сендей боламын?
-Ой, жүзіқара. Осы кезге дейін менен ешкім бұлай сұраған емес. Неге маған ұқсағың келді?
-Мен сендей болуды жақсы көремін.
-Онда тыңда. Мендей болғың келсе,намазға онша мән берме, өзіңді одан биік тұт. Болатынға да, болмайтынға да бәс тігіп, ант- су ішіп, куәлік қыла бер.


Дурратул уағйзин кітабынан аударған
Осакаров ауданының имамы Қанат Анасұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары