Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Құранда ағымға бөліну жайында не айтылған?
08 сәуір, 2014 жыл 46 Басып шығару нұсқасы

Құранда ағымға бөліну жайында не айтылған?Мұсылмандар ең алдымен қасиетті Құран Кәрімді басшылыққа алады. Құран мұсылмандарды тура жолға бастайтын ұлық кітап. Оның ақиқатына күмән жоқ. Мұсылмандар әрбір істе Құран үкіміне жүгінгендей, ағым мәселесінде де Алланың әмірі жазылған кітап аяттарына құлақ салары сөзсіз. Ал Құранға зер сала қарағанда ішінде ағымға бөліну немесе «Әй, мүминдер, бөлініңдер!» деген мағынада айтылған ешқандай аятты кездестіру мүмкін емес. Керсінше, Құран аяттары мұсылмандарды бірлікке, ынтымаққа, бауырмалдыққа шақыра отырып, басшыға бағынуды бұйырады. Бұл жайында Алла Тағала:
«Әй мүминдер, Аллаға бойұсынып, Елшіге және араларыңдағы әмір иелеріне бой ұсыныңдар», - дейді («Ниса» сүресі, 59-аят).Өткен мен келешектен, жасырын мен жарядан түгел хабардар Ұлы Алланың өзі жаратқан пендесінің жағдайларын өздерінен артық білетіндігі шүбәсіз. Пенденің қателікке бой алдырып, күнәһар, яки діндар болатындығын да бұл дүниеге келместен алдын шексіз ілімімен білді және біз солай сенеміз. Адам ет пен сүйектен жаратылғандықтан, нәпсі шіркін өз қалауын жасатпай қоймайды. Азғындық пен алауыздық әрбір қоғамда орын алатыны ешкімге жасырын емес. Мұндай кемшілік пен пендешіліктен мұсылман қоғамы да жырақ қала алмайды. Мәселен, Мәдиналық Әус пен Хазжар тайпалары Ислам діні келмей тұрып ұзақ жылдарға созылған тайпа аралық қақтығысты бастан өткізді. Мұсылмандықты қабылдағаннан кейін де ескі жараның беті ашылып қалатын Бірде екі тайпа өкілдері өз ара түсінісе алмай құрманың кеуіп қалған шыбықтарымен шегісіп қалады. Осы оқиғадан кейін мына аят түседі:
«Егер мүминдерден болған екі топ бір-бірімен соғысып қалса, тездетіп оларды татуластырыңдар! Егер олардың біреуі екіншісіне зұлымдық етсе,онда Аллаһтың әміріне қайтқанша сендер зұлымдық істеген топпен күресіңдер.Енді,егер ол топ (зұлымық етуден) қайтса сендер тездетіп олардың арасын әділетпен татуластырыңдар.Әр дайым әділдік жасаңдар.Өйткені Аллаһ әділдік етушілерді сүйеді»,(«Хужурат» сүресі, 9-аят.) Шындығында Хазреті
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көзі тірісінде мұсылмандар бір – біріне қару кезенеді
десе,сену қиын еді.Дегенмен қоғам болған соң кейбір жандар пенделікпен қателік жасауы әбден мүмкін.Ондай келеңсіздік жағдайында осы аятты басшылыққа алу керек.Аллаһ тағала қасиетті құран кәрімде:
«Білетіндер мен білмейтіндер тең бе? Шын мәнінде ақыл иелері ғана үгіт алады»,(«Зумар» сүресі, 9-аят).
«Сол жаратқан Раббыңның атымен оқы.Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан.Оқы!...»(«Алақ» сүресі,1-5 аят).
Демек, құранның талабы көзді жұмып, надандық жолын таңдау емес,ақылын дұрыс қолдана отырып білім іздену, жаратылыс сырын білмекке, Аллаһтың бұйрығын әмір-тыйымдарын түсінуге талпыну керек екен.Ислам иман ету мәселесінде кісіге толық еркіндік берген.Себебі Құран бізге былай дейді:
«Бұл ақиқат Раббыларыңнан де.Сонда қаласа ғана сенсін,қаламағаны қарсы келсін»,(«Кәһф» сүресі, 29-аят). Және де «дінде зорлық жоқ», (Бақара сүресі, 256-аят).Ақыл - төреші және дұрысты бұрыстан айыратын Аллаһтың пендесіне берген артықшылығы.Ақылға салған жерде мәселелер шешілгенімен, кейде түрлі пікірлердің айтылып қалары да заңды.
Дін ілімін меңгеру мен үйренуде ғалымдар өздерінің парасат-пайымына, зеректігі мен алғырлығына,ақылдылығымен көрегенділігіне сәйкес пәтуа береді немесе жол сілтейді.Кейде ғалымдардың пәтуаларымен шешімдері өзге ғалымдардың көзқарасына қайшы келіп жатады.Себебі мәселені түрлі қырынан қарап, дәлел келтіру барысында әркім өз әдісін қолданады.Олардың артынан ерген қарапайым мұсылмандар болса, біздің имамның дәлелі қуатты, өзгелері әлсіз, дұрыс емес деп, өзара пәтуаға келе алмай жатады.Мұндай келеңсіздіктің ақыры мәшһүр ғалымдардың артынан ерушілер мен саяси топтардың жетегінде кетушілердің қатары көбейіп түрлі ағымдардың пайда болуына алып келді.Ислам тарихына көз жүгіртіп,әһлу сүннет ғалымдары тарапынан адасқан деп үкім етілген ағымдарды зерттеп қарайтын болсақ,басым көпшілігі жеке бастың қамы немесе белгілі бір топтың билікке келу жолындағы саяси мүдде мен мақсаттың негізінен шыққандығы байқалады.Олар көздеген мақсаттарына жету үшін Құран аяттарымен сүннеттен дәлел іздеп, шариғатты бұрмалап, өз жолдарын ақтауға тырысқан.
Ағымға бөліну жайында Хазреті Муауиядан (р.а) жеткен хадисте; Хазреті Алла елшісі (с.ғ.с) былай дейді: «Хабарларың болсын, сендерден бұрынғы кітап иелері жетпіс екі ағымға болінді.Мұсылмандар жетпіс үш ағымға бөлінеді.олардың жетпіс екісі тозақта,тек бір тобы ғана жұмақта болады.жұмақта болатындар – жамағат» (Әбу Дауд,Сүннет1),(4597). Сахабалар Алла елшісі Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) жұмаққа баратын топ кімдер деп сұрағанда, Хазреті Расулаллаһ (с.ғ.с) былай деп жауап береді: «Мен сахабаларыммен қай жолда болсам, сол жолдағлар»(Тирмизи,(2643)иман18)
Жоғарыда хадистерде айтылғандай,жұмаққа баратын,адасудан құтылған,Хазреті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) және ардақты сахабаларының жолын ұстанушыларға «әһлу суннат уәл жамағат» (сүннет жолын ұстанушылар және жамағат) атауы берілген.Әһлу сүннет құқықтық жағынан 4 мәзһабтан тұрады: Ханафи,Мәлики,Шафиғи, және Ханбали.Қазіргі таңда қарапайым халықтың басын қатырып, сен сүннетпен жүресің бе? жоқ мәзһабпен жүресің бе? деп, ел ішінде бүлік шығарушыларда баршылық.Біз бұл сұрақтың дұрыс еместігін білгеніміз жөн.Себебі аталмыш мазһабтар мен сүннет екі бөлек нәрсе емес, аталған төрт мазһаб, сүннет жолын ұстанушылар болып есептеледі.Аллаһ тағала біздерді бұл өмірде шын мұсылман болып өзінің тура жолыннда болуымызды нәсіп етсін.


Абай ауданының найб имамы: Смағұлов Жасұлан Манапұлы.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары