Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қиямет қайым және оның кіші белгілері
14 сәуір, 2014 жыл 24 Басып шығару нұсқасы

Қиямет қайым және оның кіші белгілеріКелесі мәңгілік өмірдің алдында бұл дүниедегі тіршілік атауы түгелдей тоқтайды. Мұны, яғни, тіршіліктің тоқтау мерзімін «қиямет қайым» дейді. Қиямет қайымның болатынын күллі діндер қабыл етеді. Себебі, Алла Тағала ерте ме, кеш пе қиямет қайымды болдырады. Құран аяттары да бұл мәселені ап-айқын растайды:
«Әй, адам баласы! Раббыларыңнан қорқыңдар. Расында қияметтің сілкінісі үлкен нәрсе. Ол күні әр емізушінің емізгенін ұмытатын және әрбір буаз жәндіктің іш тастағанын көресің. Адамдарды мас күйде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ, Аллаһтың азабы қатты». (Хаж сүресі, 1-2 аят).
«Ол күні аспан еріген кен сияқты болады. Таулар түтілген жүндей болады. Дос достың халін сұрамайды (Мағариж сүресі, 8-10 аят). Тағы да қиямет жайында Алла Тағала Құран Кәрімде:
«Көк жарылған сәтте. Жұлдыздар төгілген сәтте. Теңіздер тасыған сәтте. Қабырлар қопарылған сәтте. Әркім ілгері не жібергенін, кейін не қалдырғанын біледі» (Ынфитар сүресі, 1-5 аят). «Қияметтің күні қашан болады? – деп сұрайды. Қашан көз шағылысқан, ай тұтылған, Күнмен ай бір араға келтірілген кезде. Адамдар сол күні: «қашар жер қайда?» - дейді. Жоқ, әсте пана жоқ. Ол күнгі тұрақ Раббыңның алды». (Қиямет сүресі, 6-12 аят.)
Енді қиямет қайымның уақытына келер болсақ, бұл жайында ешбір пенденің, тіпті Хазреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар мен оған уахи әкелген Жәбірейілдің, сүр үрлеуші Исрафилдің де мағұлматы жоқ. Қиямет қайымның қашан болатындығын жалғыз Алла ғана біледі. Бұл жайында Құранда Алла Тағала былай дейді:
«Әрине, қиямет мерзімінің мәліметі Аллаһтың қасында» (Лұқман, сүресі 34-аят).
«(Мұхаммед (с.ғ.с)) Олар сенен қияметтің қашан болатынын сұрайды. Шынында оның мәліметі Раббымның қасында. Оның уақытын өзі ғана білдіреді Көктер мен жердегі ауыр жағдай сендерге кенеттен-ақ келеді де. Сен оны зертеп отырғандай сұрастырады. Шынында оның білімі Аллаһтың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді деп айт» (Ағраф сүресі 187-аят). Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Қиямет қайымның қашан болатындығын сұрағанда, ұдайы: «Оның уақытын Аллаһ біледі», - деп жауап беретін. Десек те, Пайғамбарымыз ақыр заманның уақытын айтпағанымен, оның белгілері жайлы көптеген хадистерінен «Мынадай оқиғалар болмайынша қиямет қайым болмайды» деген мағынада ғибратты кездестіруге болады. Ақырзаманның белгілерін ғұламалар осы хадистерге сүйене отырып екіге бөледі.
Үлкен және кіші белгілері:
Хазіреті Мұхамедтің (с.ғ.с) жер бетіне пайғамбар болып жіберілуінің өзі ақырзаманның алғашқы белгісі. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Қиямет пен мен бірге жіберілдім» - деп, сұқ саусағы мен ортаншы саусағын қимылдатып көрсеткені жайында деректер бар. «Қияметтің белгілерінің бірі дін ілімі азаяды, сауатсыздық көбейеді, зина жасау етек алады, әйелдер көбейіп еркектер азаяды. Тіпті елу әйелдің бір ғана қараушысы болады. Көп қабатты үйлердің салынуы, өз ісінің маманы емес кісілердің сөз сөйлеуі мен билік етуі. Адам өлтіру оқиғасының көбеюі. Жалаң аяқ, жалаңаш және кедей шопандардың да үй салудан жарысқандарын көресіңдер. «Мен Аллаһтың елшісімін» деп, өзін пайғамбармын деп жариялайтын отызға жуық жалғаншылар шығады. Зілзаланың көбеюі.
Көптеген бүліктердің етек алуы. Жөнсіз жерде адам өлтіру көбейеді. «Екі үлкен Ислам әскерлері бір-бірімен шайқаспайынша, қиямет болмайды», - деген. Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) адамдар арасында мынадай жайттардың етек алатынынан хабар береді. Адамдар намаздарын қаза етеді, тіпті оқымайды. Нәпсіге бой алдыру мен ойына келгенін жасайды. Аманатқа қиянат етеді. Харам нәрселерді халал деп санайды. Өсімнен түскен ақшаны ойланбастан жейді. Пара алушылық көбейеді. Зәулім үйлер салынады. Туыстық қатынастар үзіледі. Төрешілер мен қазылар үкімді сататын болады. Жабайы аңдардың терілерінен киімдер тігіліп киіледі. Ерлі зайыптылардың ажырасуы көбейеді. Жала жабу мен жалған куәгерлер көбейеді. Жауыннан апат селдер болады. Зекет берілмейтін болады. Ішімдік ішу көбейеді. Ол кезде кейбір фасық, өтірікші, күнаһар өкімет ел басыларымен әкімдер болады.


Абай ауданының найб имамы: Смағұлов Жасұлан Манапұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары