Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Іліммен амал етпеген ғалымдардың қиямет күніндегі жағдайы
17 сәуір, 2014 жыл 16 Басып шығару нұсқасы

Іліммен амал етпеген ғалымдардың қиямет күніндегі жағдайыАлла Елшісі (с.ғ.с.) былай бұйырды:
-Қиямет күні бір кісіні мына жағдайда періштелер әкеліп тозаққа тастайды. Тозаққа тасталынған адамның ішектері қарнынан шығып ол ішегінің айналасын айналып жүре береді. Тозақтағылар оның айналасына жиналып, одан сұрайды:
- Бұл сенің басыңа келген қандай бір пәлекет? Сен біздерге жақсы амал істеуімізді айтып, бізді жаман істерден тиятын едің.
Ол былай еді:
Мен сіздерге жақсы амал істеулеріңізді айтып, бірақ өзім ол жақсы
амалдарды істемеп едім. Расулулла (с.ғ.с.) басқа бір хадис-шәрифінде былай бұйырды:
«Мен миғраж түнінде бір кісілерді көрдім, еріндерін оттан болған
қайшалармен қиып жатыр еді. Бұлар кімдер? – деп Жәбрейілден сұрадым».
Былай деді:
Бұлар сіздің үмбеттеріңіздің уағызшылары. Өздері уағыздарда айтылғандай әрекет жасамағандар және бір хадис-шәрифінде былай бұйырды:
«Забан-и пасық ғалымдарды кәпірлерден бұрындау қолға түсіреді».
Олар былай деді:
Не болды соншама, біздер кәпірлерден бұрын азапқа душар болып
жатырмыз. Оларға былай жауап қайтарылады:
Ғалымдар және жахилдер тең емес. Сендер бүкіл бұйрықтардан
хабарларыңыз бола тұрып, күнә істерді жалғастыра бердіңдер.
Басқа бір хадис-шәрифінде Расулулла (с.ғ.с.) былай бұйырды:
Кейбіреулер тозаққа тасталынады. Олардың сасық жаман иістерінен
тозақтағылардың да жүректері айниды.
Олардан сұралады:
Сендер қандай бір қателіктер істедіңдер, мынадай жағдайға тап
болыпсыңдар. Біздердің қиыншылықтарымыз аз емес еді. Сендер де оған қосымша болдыңдар. Сіздердің мына жаман иістеріңізден өте қатты қиналудамыз.


«Дурратул уағйзин» кітабынан аударылған
Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары