Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дұғаның қабыл болуы
28 сәуір, 2014 жыл 12 Басып шығару нұсқасы

Дұғаның қабыл болуыҮндiстан ғалымдарының бiрi Мұхаммед бин Ахмед Заһид «Тарғибус салат» атты кiтабының 54 бөлiмiнде былай деген: «хадис шәрифте: «Дұғаның қабыл болуы үшiн екi нәрсе қажет. Бiрiншiсi, шын ықыласпен дұға ету керек. Екiншiсі, жеп-iшкенi және киген киiмi халал болуы керек. Мүміннің бөлмесiнде харам жолмен табылған бір жіп болса бұл бөлмеде сұралған дұға қабыл болмайды» - делiнген. Ықылас  – Аллаһу та’аладан басқа еш нәрсенi ойламай, жалғыз Аллаһу та’аладан ғана тiлеу. Сондықтан да әһли сүннет ғалымдары білдіргеніндей иман келтіру, Ислам шарттарына мойынсыну, бiреудiң ақысын жемеу және бес уақыт намаз оқу керек.
-Бір күні Ибраһим бин Адһам Басра көшелерінде, келе жатыр еді, адамдар оның жан-жағына жиналып былай айтты:
-Әй, Әбу Исхақ, Ұлы Аллаһ Құранда Мүмин сүресінің 60-шы аятында «маған дұға етіңіз, дұғаңызды қабыл етейін» деп бұйырды. Біз жылдар бойы дұға етеміз, алайда дұғамыз қабыл болмай жатыр. Сол кезде Ибраһим Адһам былай деді: -Әй Басра халқы, он нәрседен жүректерін өлген, бұл жағдайда дұғаларыңыз қалай қабыл болады? 1) Ұлы Аллаһты білесіздер, ол үшін істелуі хақ болған нәрселерді істемейсіздер.
2) ҚұранКәрімді оқисыздар, бірақ оның әмірлеріне қарап әрекет етпейсіздер.
3) Расулуллаһты (с.а.у.) жақсы көргендеріңізді айтасыздар, бірақ оның сүннеттеріне амал етпейсіздер.
4) Шайтанның дұшпан болғанын білесіздер де айтасыздар, сүйте тұра оған бас иіп, соның ыңғайын жасайсыздар.
5) Жәннатқа кірем деп айтасыздар, бірақ оның әрекетін жасамайсыздар.
6) Тозақ отынан құтылғаныңызды айтасыз, бірақ бір жағынан өзіңізді оған тастайсыз.
7) Өлім хақ деп айтасыздар да, ол үшін ешқандай бір дайындық жасамайсыз.
8)Дін бауырларыңыздың айыптарын айтасыздар, бірақ өз айыптарыңызды көрмейсіздер.
9)Раббыңыз берген нығметтерін жейсіздер, бірақ оған шүкіршілік етпейсіздер.
10) Өлгендеріңізді қолдарыңызбен көмесіздер, бірақ одан ешбір ғибрат алмайсыздар- деген екен.


Осакаров ауданы Тоқа Байғозықажы мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары