Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Дәджалдың келуі
05 мамыр, 2014 жыл 89 Басып шығару нұсқасы

Дәджалдың  келуіДӘДЖАЛ-ҮЛКЕН БІР БӘЛЕ. Адам (а.c.) заманынан қияметке дейін оған ұқсас үлкен бір бәле болмақ емес. Дәджал кейбір жолдармен өте маңызды істер істейді,оларды санауға келмейді. Бұл арада ұлы Һият айтады: Оның бір көзі соқыр. Маңдайында «міне кәпір» деген жазуы бар. Дәджал өтірік айту мен жала жабу мағыналарына келген «Дажл» кәлимасының айтылуындағы есім. Дін кітаптарымызда қияметтің үлкен белгілерінің бірі болып ортаға шығатын көп өтірікші және көп жаман кісінің есіміндей. Бұл туралы Расулуллаһтың (с.а.с.) қызы хазіреті Фатимамен (р.а. ) үйленгісі келген хазіреті Әбу Бәкірге (р.а.): - Мұқият бол. Қызымды Әлимен (р.а.) үйлендіруге уәде бердім. Әйтпесе, дәджал емеспін,- деп айтқан. Бұл арада «дәджал» алдаушы бір кісі емеспін деп айтқанға келеді. Айрықша «Дажл» араластыру мағынасын да береді. Бұл мағынадағы Дәджал хақ пен жалғанды, жақсы мен жаманды бір-біріне араластыратын кісі ретінде айтылады. Дәджал болып келген бұл кісі илаһилық тарапынан келгенінде айтады. Құрметті Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір емес бірнеше дәджалдың келетін хабарын берген. Бірақ, қиямет белгілерінен болған дәджал бұл дәджалдардың ең үлкені және ең қорқыныштысы. Хадис шәрифтердегі айтылып өткен дәджалда осы. Құран кәрімде айтылмаған бұл дәджал туралы Пайғамбарымыз (с.а.с.) ескертулер жасап хабар берген: «Дәджал шыққан кезде жанында су мен от болады. Бірақ халықтың от деп ойлағаны салқын су, ал салқын су деп ойлағаны күйдіруші от. Дәджалдың шыққан кезінде сіздерден кім бұларды естісе, от түрінде көрілген жағында болсын. Өйткені ол тәтті және салқын су». Бұл хадис-шәрифте берілген су мен от шындығы болмаған, бірақ көрсету мағынасы болған сақшылық. Бұл екеуі жаннат пен тозақтың көрінісі. Өйткені дәджал жаннат пен тозақты жарнама ететін кейбір маңызды нәрселерді көрсетеді. Бұл да Ұлы Алланың құлдарына сынақ ететін бір фитна болады. Нәтижесінде Ұлы хақ пен ақиқатты ортаға шығарады. Жалғанды жояды. Хадис –шәріптерде білдірілгеніне қарағанда дәджал шығыс тарапынан шығады. Мекке-Мукаррама және Мәдина-Мунаууарадан басқа бүкіл дүние жүзіне соғады. Жер бетіне фитна мен кесапат шығарады. Өте көп кісі оның кесірінен тура жолынан айырылып қалып, оның тарапына өтеді. Бірақ хақиқи иман иесі мүминдер болса Ұлы Алланың қорғауында және назарында өздерін бұл кесірден құтқарады. Бұл хадис-шәрифінде Расулуллаһ (с.а.с.) былай деген: «Адам алейһиссаламның жаратылысынан бастап қияметке дейін дәджалдың жамандығынан үлкен бір қиындық болмаған». Риуаятқа қарағанда дәджалдың кесірін хазіреті Маһди (а.с) мен хазіреті Иса Масиһ (а.с.) жер бетінен жояды. Содан соң жер бетінде қайтадан әділеттілік орнайды.



Осакаров ауданы Тоқа Байғозықажы мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары