Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алла Тағала – шексіз әділ
04 маусым, 2014 жыл 12 Басып шығару нұсқасы

Алла Тағала – шексіз әділБаяғыда бір әулие болыпты. Бірде ол: «о, Аллаһ Тағала! Сенің шексіз әділ екеніңе сенем! Сонда да, осы қасиетіңді әйгілейтін бір мысалды көзіме көрсете көрші?» – деп жалыныпты. Сонда Аллаһ-Тағала оған бұлақтың басына баруды бұйырыпты. Шілденің ми қайнатар ыстық күндері болса керек. Жолаушылап келе жатқан бір бай атынан түсе қалып, әлгі бұлаққа еңкейе кетіп, шөлі қанғанша су ішіпті. Маңдайы шып-шып терлеп, жаны жайланған соң ол бай кетіп қалыпты. Ол еңкейген кезде қалтасынан алақандай алтын түсіп қалыпты. Одан кейін келген бір кедей бала ол да шөлін қандырып әрі олжалы болып ол да өз жөніне кетіпті. Оның соңынан іле-шала қолына таяқ ұстап, бір алақанымен ауаны қарманып бір зағип жан келіпті. Сылдырай аққан дыбыстан бұлақ екенін танып, сол араға тоқтап, шөлін қандарып, демалуға отыра кеткен сол, әлгі бай қайта айналып келіпті. Келе сала, жоғалған алтынын іздеп, таба алмаған соң әлгі зағиптың жағасына жармасыпты. «Мен сенің алтыныңды білмеймін. Мен үшін алтын да – тас, тас та – тас» Көзім көрмейді» дегеніне қарамай сілкілеп, ұрып жүріп әлгі жарымжан байқұсты өлтіріп қояды. Сол сәтте Аллаһ-Тағала: «Қазір ғана мен сенің көзіңе әділдігімді көрсеттім», – депті. Таңданған әулие: Қалайша?! Алтынды алмаған адам таяқ жеп, шын кінәлі құтылып кетті емес пе?» – десе, «Жаңағы бай кедей баланың әкесінің дәл сондай мөлшердегі ақшасын бермей кеткен. Соны бүгін баласына қайырдық. Ал, әлгі зағиптың әкесі байдың әкесін ұрып өлтірген еді. Баласы соның қарымтасын алды», – деп жауап беріпті.


Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары