Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Сыйлық
06 маусым, 2014 жыл 15 Басып шығару нұсқасы

СыйлықГлория мен Марк танысып үйленетіндерін шешкен кезде әлі жас студент болатын. Екі жақтың да туыстары өте кедей. Жастарға “үйлену тойларыңа ешқандай көмек көрсете алмаймыз” десе де, жастар айтқандарынан қайтпайды. Глория сабақтан тыс уақытта бір кітапханаға жұмысқа кірсе, Марк бір киім дүкеніне орналасады. Жинаған ақшаларына кішкентай болса да үй жалдап, бақытты отбасы құруды армандайтын. Бір екі айда неке қиып, бір бөлмелі, терезелері кіп-кішкентай бір пәтер жалдайды. Достарының біреуі үстел, тағы басқасы орындық әкеліп жаңадан құрылған жанұяға көмектеседі. Демалыс күні қаланың сыртындағы арзан базарға барып, қалған ақшаларына кішкентай қазан, алаша мен бірнеше ыдыс сатып алады.
- Перде ше! Алуымыз керек қой?! деді Глория. Марк біраз ойланып…
- Ескі газеттер бар ма? неге олардан перде жасамасқа?
Марктың тапқырлығына екеуі де күледі. Кейін,
- Әрбір нүкте үтіріне дейін жаттап алдық. Перделерімізді ауыстыратын уақыт келіп қалды-ау,- деп бір-бірімен әзілдесетін.
Үйленгендеріне бір жыл толғанда, кішігірім мерейтойларында Глория Маркқа не сыйласам екен деп қатты ойланады. Марктың атасынан мұра қалған сағатты есіне түсіреді. Ол сағат Марк үшін өте қымбат естелік екенін біледі. Сағатқа ылайықты әдемі бір бау сатып алуды шешеді. Марк сыйлығын ұнататынына сенімді түрде жақын жердегі дүкенге барады.
- Ең әдемі сағат бауларын көрсетіңізші. Ең әдемісі керек.
- 68 цент.
- (біреуін таңдап) Мен үшін осыны қалдыра салыңызшы, бір сағаттың ішінде келіп сатып аламын. Сатушы кісі жарайды деп басын изеді. Глория дүкеннен атып шығып, жақын маңайдағы шаштаразға кіреді.
- Шаштарымды кестіріп сатқым келеді. Қаншаға аласыз?
- .. шаштарыңыз… өте әдемі.. қалай ғана қиясыз..?
- Ақшаға тапшы болып тұрмын. Көмектесе аласыз ба?
- Жарайды ондай болса. Шаштарыңыз үшін қанша сұрап тұрсыз?
- Жетпіс цент көлемінде…
Шаштарын кестіреді. Ақшасын алып, дүкенге қайтып ұнатқан сағат бауын сатып алады. Маркты қуантатын жақсы бір сыйлық алғанына риза болады. Үйге келісімен, дастархан жайып, қолынан келгенше оны сәндеп қояды. Марк келгенде, қалған екі центке алынған шамдарды жағып қойып, жолдасының алдынан шығады. Глорияны көрген Марк не айтарын білмей, есік алдында тұрып қалады.
- Қош келдің! дейді Глория. Марк көргеніне сенер сенбесін білмей, үйге кіріп үстелдің қасындағы орындыққа жығылады.
- шаштарың!… не істеп қойдың?
Глория күлімдеп қойып:
- несі бар?… жараспады ма не!… Түү, ертең ақ ұзарады емес пе… деп өз сыйлығын жолдасына беріп:
- Мерейтойларымызбен, Марк! Сені кездестіргенім үшін сондай бақыттымын- дейді.
Марк дірілдеген саусақтармен сыйлықтың сыртын ашады. Қарапайым бір қораптың ішінде жатқан сағат бауына ұзақ-ұзақ қарайды. Басын көтеріп, әйелінің бетіне қарағанда көздері жасаурап тұрады.
- Марк, не болды? … неге жылап тұрсын?… не болып қалды?
Марк қалтасынан әдемі қағазға оралған сыйлығын шығарып, Глорияға созады. Глория жолдасының да бұл күнді ұмытпағанын көріп қуанса, Марк мұңайып үндемей тұрады. Сыйлығын ашып қараса – әдемі оралған қораптың ішінде шашқа қыстыратын піл сүйегінен жасалған қымбат екі түйреуіш жатыр. Глория жолдасының мұңын енді түсінеді.
- Өмірімде мен алған ең әдемі сыйлық! Өте әдемі! мен үшін ең қымбат! Шаш кестіргеніме қарама, олар тез өседі. Сыйлығыңды сол кезде қолданамын. Рахмет саған! Сыйлығың өте ұнады! Енді мұңайма жаным..
- Саған осы түйреуіштерді алу үшін сағатымды сатқан едім, Глория.


О’Генри


Сайтқа дайындаған: Тотия Енсебаева





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары