Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шағбанның шарапаты
06 маусым, 2014 жыл 14 Басып шығару нұсқасы

Шағбанның  шарапатыАнас ибн Маликтен жеткен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде «Шыныңда Алла Тағала Аршы астында нұрдан бір көл жаратты, содан кейін бір қанаты батысты алып жатса, екінші қанаты шығысты алып жатқан, басы аршының астында болса, аяғы жеті қат жер астында тұрған бір періштені жаратты. Егер бір адам шағбан айы келгенде Маған (с.ғ.с.) салауат айтса, Алла Тағала жаңағы періштеге сол нұрдан жаралған көлге кіріп шығып қанаттарын сілкілеуге бұйырады. Қанаттарын сілкілегенде шыққан әрбір тамшыдан періште жаратады, сол періштелер Маған (с.ғ.с.) салауат айтқан адамға қиямет күні келгенге шейін тілеуін тілеп тұрады».
Құран Кәрімнің Шура сүресінің 19 аятыңда «Алла Тағала құлдарына рақымдылық қылады, кімді қаласа ырзықтандырады. Ол зор күш иесі, өте үстем» - деп келеді. Ғұламалар Алла Тағаланың бізге рақымдылық қылғаны, ол біздің ырзығымызды бір дегенде бере салмай, бүкіл өмірімізге бөліп, өміріміздің аяғына шейін беріп тұрғаны. Алла Тағаланың бізге рақым қылғаны бізге иман беріп құлшылыққа деген ынта беруі, иман бермесе біз өзіміз өзімізді аямай бұл дүниеден өтер едік, ал дүниеден имансыз өтсек қайда барарымыз белгілі. Алла Тағаланың бізге рақымдылық қылуы, біздің күнәларымызға өкініп тәуба қылып жылағанымызды қабыл қылуы. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде келеді «Алла алдындағы ен жақсы дауыс, күнәһар пендесінің тәуба етіп жылағаны. Сонда Алла Тағала әй құлым сұра қалағаныңды дейді» Алла Тағаланың бізге рақым қылғаны, бізге жақсылық қылғаны, яғни бізді күнәларымыз үшін жазаламағаны. Кейбір ғұламалар Алла Тағаланың қиямет күнінде бізді есеп қисапқа алған кезде рақымдылық қылуы деген. Себебі қиямет күні бір адамды есепке алып келіп күнәләрін көрсеткен кезде Алла Тағала оған айтады екен. Ей құлым Менен ұялмадың ба осы күнәларды істеген кезде дегенде, жаңағы адам жан дауысымен айқайлап жылайды екен. Сұрақты жүргізіп жатқан періштелер дауысыңды бас Мұхаммед (с.ғ.с.) естіп қоймасын даусыңды дейді екен. Осындай халде тұрған адамға Алла Тағала ол күнәларыңды сол дүниеде жасырып едім бүгін Мен оларды кешіремін дейді екен. Бұл сөздерді естіген адам қуанғаннан әуелгісінен де қатты жылайды екен. Сол кезде дауысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) естіп, Алла Тағалаға дұға қылады: Я Рабби! Сен рақымдылардың рақымдысысың бұл адамды маған беріңізші деп. Сонда Алла Тағала Хабибім қайғырма бұл адамды Саған (с.ғ.с.) бердім дейді.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисіңде: «Шағбан айының басқа айлардан артықшылығы Менің (с.ғ.с.) басқа пайғамбарлардаң артықшылығымдай, ал Рамазан айының басқа айлардан артықшылығы Алла Тағаланың құлдарынан артықшылығындай».
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шағбан айың толық оразамен өткізген, және Алла Тағала осы айда құлдарының барлығы амалдарын қабыл қылады деп, сахабаларына сендер шағбан айының шағбан деп аталу себебін білесіңдер ме дегенде, сахабалар Алла және Сіз (с.ғ.с.) білесіз деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осы айда көптеген жақсылықтар беріледі деді. Шағбан сөзінің мағынасы - өсу, өну дегенді білдіреді. Мүслим риуаят еткен Абу һурайрадан жеткен хадисте «Алла Тағала рахметін жүзге бөліп, бірін осы дүниеге жіберіп, қалған тоқсан тоғызын қияметке алып қалып, қияметте сол тоқсан тоғызымен құлдарына рахмет қылады. Осы дүниеге жіберген бір рахметтің себебімен жануар өзі баласын баспайды, және ана баласына мейіріммен қарайды».


Араб тілінен аударғандар:
Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары Бекболат Зулжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары