Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Иманға келу
26 маусым, 2014 жыл 23 Басып шығару нұсқасы

Иманға келуДаһиатул Калби әлі иманға келмеп еді. Расулуллах (с.ғ.с.) оның иманға келуін қалайтын. Оның қол астында жеті жүз кісі бар болатын. Ол мұсылман болса қол астындағы жеті жүз кісіні де дінге кіргізген болар еді. Сол үшін Расулуллах (с.ғ.с.) былай тіледі: «Аллахым Даһиатул Калбиге ислам дініне кіруді нәсіп ет». Даһиатул Калби ислам дініне кіргісі келген кезде, Аллахтан Расулуллах (с.ғ.с.) жүрегіне: «Иә, Мұхаммед (с.ғ.с.) дахиатул Калбидың жүрегіне иманды орналастырдым. Қазір сенің алдыңа келеді» деген уәһи келді.


Дәл сол кезде Даһиәтул Калби мешітке кіріп келеді. Мұхаммед (с.а.у.) оған отыруы үшін мойнындағы шәлісін алып жерге жайды. Даһиәтул Калби Расулуллаһтың (с.а.у.) икрамының (сый- құрметін) көрген кезде көңілі толқып жылады. Шәліні жерден көтеріп алып сүйіп, маңдайына басты. Содан соң көз жасын сүртіп:


-Иә, Аллаһ елшісі! Исламның шарттары не нәрселер? Маған айтып берші,-деді


Расулуллаһ(с.а.у.) былай деді:


Мына кәлима-шаһадатты оқы. «Ла илаһа-илләллаһу- Мұхаммадур –Расулуллаһ (Алладан басқа иллаһ жоқ. Мұхаммад с.ғ.с.- оның елшісі)»


-Неге жылайсың, өкінесің бе?-деді оған


- Иә Расулуллаһ (с.а.у.) Үлкен күнәлар істеп едім, Раббым бұларды кешір ме? Егер өзіңді құрбан ет десе жанымды құрбан етейін. Не бұйырса соны істейін. Мен араб басқарушыларының бірімін. Қыздарымның күйеуге шығуын қаламай, жетпіс қызымды өз қолыммен өлтірдім,-деді.


Оның мына сөзі Расулуллаһты (с.а.у.) өте қатты таңқалдырды. Дәл осы кезде Жәбірейіл (а.с.) келіп:


-Иә Мұхаммед (с.а.у.) Аллаһым Даһиәтул Калбиге мына бұйрығын айтуды қалайды:


-Іззетіме, жалалыма ант етейін. Сен «Лә илаһа-иллаллаһу-Мұхаммадур-Расулуллаһ»,-деген сөзіңнен бастап алпыс жылдық күпір ісіңді кешірдім. Қыздарыңды өлтіргеніңді неге кешірмейін»


Расулуллаһ с.ғ.с Калбимен бірге жылап,Аллаһқа мінәжәт етті:


-«Аллаһым бір рет шаһадат кәлимасын оқығаны үшін бар күнәсін кешірдің. Өмір бойы шаһадат келтірген мүминдерді қалай жарылқамассың».


Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары