Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Маскүнем көрші
08 шілде, 2014 жыл 251 Басып шығару нұсқасы

Маскүнем көрші Имам Ағзамға бір жас жігіт көрші болып тұратын. Жас жігіт күн сайын үйіне арақ ішіп келетіндіктен бейбастық дауыстардан имамның мазасы қашатын. Алайда имам қанша мазасызданса да шыдамдылық жасап, ешкімге шағымданып көрмеген-ді.
Бір күні басқа біреулер шағымданса керек, әлгі жігіт абақтыға түсіп қалады.
Ертесі күні жас жігіттің күнделікті дауысы естілмегенге имам Әбу Ханифа таңғалып:
-Көрші жақтан дауыстар естілмей қалды ғой. Жайшылық па?-деп сұрағанда:
-Ой, ол маскүнемді әкім абақтыға жапқызыпты,-деген жайсыз жауапты естиді.
Сол сәтте-ақ имам бірден әкімнің сарайына тартты. Имамның шәкірттері ұстазымыз маскүнем көршісін абақтыға жауып құлаққа тыныштық бергені үшін сірә әкімге рахмет айтар деп күткен еді.
Елге қадірлі үлкен имамның өзін іздеп келгенін көргенде әкім де жік-жапар болып ізет көрсетіп:
-Ия, қандай бұйымтаймен келдіңіз?- деп сұрады.
Имам абақтыға қаматып тастаған маскүнем көршісін дереу босатуын өтінеді.
Әкім:
-Ойбай-ау,соған бола өзіңіз келмей-ақ, хабар айтсаңыз да бірден орындар едік қой, несіне сонша әуре болдыңыз?-деді.
Сөйтті де қызметкерлеріне айтып абақтыда жатқан жігітті дереу босаттырды.
Жігіт имамамен кездескенде ұяттан қызарып кетті. Өйткені үйіне талай рет түн ортасында келіп оның тынышын алып, мазалаған кездері көп еді.
Әбу Ханифа болса:
-Көрдің бе, біз сені ұмытпаймыз,-деп үлкен ілтипат көрсетті.
Жігіт көп уақыт өтпей-ақ тәубаға келіп, имамның шәкірттерінің қатарына қосылды.
Ия, олар кінәсіне бола ешкімді де шеттетпейтін. Тек жамандыққа салынғандықтары үшін ғана оларға жанашырлықпен қарап, қолдан келгенше қол ұшын беруге тырысатын.


Дереккөзі: Тағылым тамшылары





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары