Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қияметтің кейбір белгілері
09 шілде, 2014 жыл 244 Басып шығару нұсқасы

Қияметтің кейбір белгілеріПайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Кімде-кім Маған(с.ғ.с.) салауат айтуды тастаса, жұмақтың жолынан адасады». Демек, салауат айту жұмақтың жолына бастайды.
Әли ибн Әбутәліп Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисін жеткізген: «Адам баласына сондай бір заман келеді, Исламның аты ғана, діннің рәсімі ғана, Құранның дәрісі ғана және олар мешіттер салады. Бірақ, мешіттері құлшылықтан бос болады, сол заманның ең жаман адамдары ғұламалары, сол ғұламалар ұйықтап жатқан жанжалды оятады және сол жанжал өздеріне қайтады міне осы қияметтің белгілері деген екен». Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Қиметтің белгілерінен: үлестің қолды болуы, аманатқа қиянат қылу, зекет беруді зиянды санау, дін білімінен басқа білімді артық көру, күйеудің әйеліне бой ұсынуы, анасына дауыс көтеру, досын әкесінен жақын көру, мешіттерде адамдардың дауыс көтеруі, ру басқарып отырғандар сол заманның жаман адамдары. Себебі, адамдар Алладан жамандық келеді деп ойламайды, керісінше сол адамдардан жамандық келеді деп сол үшін сыйлайды.
Хузайфадан (р.а.) жеткен хадисте: «Біз Сахабалар әңгімелесіп отырған кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) келіп, не турасында сөйлесіп отырсыңдар?- деді. Біз қиямет турасында сөйлесіп отырмыз дедік. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қиямет он нәрсе болмайынша болмайды дейді:
1. Түтін
2. Дажжалдың шығуы
3. Дәббәтүларздың шығуы
4. Күннің батыстан шығуы
5. Иса ғаләйһиссәләмнің түсіуі
6. Яжуж-Мажуждің шығуы
7. Үш рет жердің сілкінуі, яғни бір рет шығыста, екіншісі батыста, үшіншісі араб даласыңда
8. Иемен жақтан от шығып, адам баласың бір жерге жинауы
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тағы бір хадисінде қияметтін белгілері базарда сауда қылып тұрған адам пайда көрмейді, жауын мен шөп азаяды, өсек пен ғайбат көп болады, өсім жеу кен тарайды, ойнастан туған балалар көбейеді, байлар құрметке ие болады, мешітте пасық адамдардың дауыстары қатты шығатын болады және жақсы ізгі амалды адамдардан бұзық адамдардың саны артады.


Арабшадан аударғандар:
Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары Бекболат Зулжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары