Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Зекет берілмесе…
16 шілде, 2014 жыл 15 Басып шығару нұсқасы

Зекетті кімдер береді?Анас ибн Маликтен жеткен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде осы жаңа маған (с.ғ.с.) Жәбрәил (ғ.с.) хабар берді Алла Тағала қандай бір мұсылман адам Хабибіме (с.ғ.с.) бір салауат айтса, сол адамға Мен және Періштелерім он салауат айтады, жұма күні Маған (с.ғ.с.) құрметпен көп салауат айтыңдар деген.
Әбу Һурайрадан (р.ғ.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Кімде-кімге Алла Тағала байлық берсе, сол байлығынан зекет бермесе, қиямет күнінде сол байлығы қара жылан бейнесінде келіп мен сенің дүниеде зекет бермей жинаған байлығыңмын деп азаптайды». Құран Кәрімде Алла Тағала былай дейді: «Алла Тағала берген нығметтерге сараңдық қылғандар ойламасын ол жақсылық деп, сараңдық қылған нәрселері оларды азаптайды». (Әл-Ғимран 180-ші аят)
Әбу Һурайрадан (р.ғ.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Кімде-кімге Алла Тағала байлық берсе және сол байлығынан зекет бермесе, қиямет күні келгенде оттан жаралған ыдыстарға байлығы салынып, байлықтың иесі әлгі тозақ отына қыздырылған ыдыспен сол адамның алды-артына, жан-жағына от жағылып адамдардың есебі біткенше азапталады».
Алла Тағала үш жағдаятты үш нәрсемен байланыстырған.
1. Намазды зекетпен.
2. Алла Тағалаға бойұсынуды, оның елшісі Мұхаммедке (с.ғ.с.) бойұсынумен.
3. Алла Тағалаға шүкірлікті ата-анаға құрмет қылумен. Демек, осы үш нәрсе бірінсіз-бірі қабыл болмайды.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Байлықтарыңды зекетпен қорғаңдар, ауруларыңды садақамен емдеңдер, бастарыңа келе жатқан бәле-жаладан дұға-тілекпен сақтаныңдар».
Кімде-кім өзін бес нәрседен тыйса, Алла Тағала одан бес нәрсені тыяды.
1. Байлығынан зекет бермесе, Алла Тағала ол адамның байлығын апаттардан сақтамайды.
2. Кімде-кім егін жайынан үшір садақасын бермесе, Алла Тағала кәсібінің берекесін алады.
3. Кімде-кім садақа бермесе, Алла Тағала ол адамнан рақымын алады.
4. Кімде-кім Алла Тағалаға дұға қылуды тастаса, Алла Тағала ол адамның дұғасын қабыл қылмайды.
5. Кімде-кім жамағат намазына қатыспаса, иманы кәміл болмайды.


Арапшадан аударғандар: Облыстық орталық мешітінің наиб имамдары: Дархан Асылтайұлы, Бекболат Зүлжаладдинұлы.





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары