Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Зулхижжа айының 10 күні
07 тамыз, 2014 жыл 108 Басып шығару нұсқасы

Зулхижжа айының 10 күніСалман ибн Сахим: «Түсімде Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) көргенде, Алланың елшісі! Сізге (с.ғ.с.) әр тараптан келіп қәбіріңізге барып сәлем беріп жатқан адамдардың сәлемі жетеді ме?»- деп сұрадым. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жауабы: «Әлбетте жетеді. Мен (с.ғ.с.) олардың сәлеміне жауап қайтарамын»,- деді.
Ғұламаларымыз айтты кімде-кім осы зулхижжа айының бастапқы күндерін, яғни құрбан айт күніне дейін оразамен өткізсе, Алла Тағала ол адамға он жақсылық береді деп.
1. Өміріне береке кіргізеді.
2. Байлығын арттырады.
3. Отбасына жамандық жібермейді.
4. Күнәләрін кешіреді.
5. Сауаптарын арттырады.
6. Өлім сәтін жеңілдетеді.
7. Қараңғы қабірін жарық қылады.
8. Мизан таразысында сауабы басым болады.
9. Қиямет қорқынышынан аман болады.
10. Дәрежесі биік болады.


Алла Тағала жыл ішінен үш он күнді тандап алды олар, рамазан айының ақырғы он күні себебі осы он күн ішінде Қадыр түні бар.
Екінші он күн ол зулхижжа айының он күні, себебі бұл он күнде таруия, арафа, құрбан айт, тәлбия, қажылық тағы басқа құлшылықтар болғаннан кейін.
Үшіншісі Мухаррам айының он күні, бұл айда Ашура күні болғаннан кейін.
Абу һурайрадаң жеткен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде Алла Тағала алдында осы он күнде істеген амалдан артық амал жоқ, осы күннің оразасы бір жыл оразаға тен, осы күннің түнің құлшылықпен өткізсе қадыр түні құлшылығымен тең.
Хабарда келеді Мұса (ғ.с.) я Раббым! Дұға қылдым қабыл болмады, маған (ғ.с.) бір дұға уахи қылшы мен (ғ.с.) сол дұғаны оқығанда тілегім қабыл болатын деді. Сонда Алла Тағала Мұсаға (ғ.с.) зулхижжа айы кіргенде Лә иләһә иллАлла кәлимасын айтсаң қажетіңді өтеймін деп уахи қылады. Бұл уахиды алған Мұса (ғ.с.) я Раббым! Бұл кәлиманы барлық құлдарын айтады ғой дейді. Сонда Алла Тағала егерде кім осы кәлиманы осы күндері бір мәрте болсын айтса, егер сол кәлиманы қиямет күні мизан таразысының бір жағына, жеті қат аспан мен жерді бір жағына салып өлшесе кәлима жағы басым түседі деп уахи етеді.
Абдулла ибн Аббас риуаят қылған Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисіңде, осы зулхижжа айының 1-ші күні Алла Тағала Адам (ғ.с.) атаның тәубасын қабыл қылды. Егерде кім осы күнді оразамен өткізсе күнәләрі кешіріледі.
2-ші күні Юністің (ғ.с.) дұғасы қабыл болып балық ішінен шықты, осы күнді оразамен өткізген адам жыл бойы құлшылық қылғандай сауап алады.
3-ші күні Зәкәрияның (ғ.с.) тілегі қабыл болған күн, осы күні ауызы берік болған адамның тілегі қабыл болады.
4-ші күні Исаның (ғ.с.) туған күні, осы күнді оразамен өткізген адам пақырлықпен қиындықтан аман қалады.
5-ші күні Мұсаның (ғ.с.) туған күні, осы күнді оразамен өткізген адамды; Алла Тағала екіжүзділіктен және қабір азабынан сақтайды.
6-шы күні Алла Тағала Пайғамбарына (с.ғ.с.) жақсылығын төккен күн, егерде кім осы күнді оразамен өткізсе, ол адам Алла Тағаланың рақметіне ілігеді және одан кейін еш азап көрмейді.
7-ші күні тозақ есіктері жабылып осы он күн өтпейінше ашылмайды, бұл күнді ауыз бекітіп өткен адамға қиындықтын отыз есігі жабылып, жеңілдіктін отыз есігі ашылады.
8-ші күні таруия деп аталады, бұл күнді оразамен өткізсе мөлшерін Алла Тағала ғана білетіндей сауап алады.
9-шы күні арафа деп аталады, кімде-кім осы күні ораза ұстаса алдынғы және артқы күнәләріна кәффарат (кешірім) болады. Осы күні Құранның ақырғы аяты нәзіл болды.
10-шы күні Құрбан айт күні, егерде кім осы күні құрбан шалса, құрбаннан аққан бірінші тамған қанмен Алла Тағала сол құрбан шалған адамның және туған-туысының күнәләрін кешіреді, егер сол құрбан етімен құдайы тамақ берсе, немесе садақа берсе Алла Тағала ол адамды қиямет күні қорқытпайды, саубының ауырлығы ухуд тауынанда басым болады.

Араб тілінен аударғандар: Қарағанды облыстық орталық мешіттің наиб имамдары: Бекболат Зулжаладдинұлы, Дархан Асылтайұлы.


Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары