Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қара ниеттінің жазасы қандай?
16 тамыз, 2014 жыл 14 Басып шығару нұсқасы

Қара ниеттінің жазасы қандай? Мен бірде бір кемеге міндім. Үлкен саудагер кісілер де менімен кемеде бірге еді. Топанға тап болдық. Кемеміз сынып, бар адам суға батты. Бірақ мен сәбиім екеуміз бен бір қара адам ғана аман қалдық. Үшеумізден басқа кемедегілерден ешкім тірі қалмады. Таң атқан кезде әлгі қара адам мені көріп, су бетінде маған жақындады. Тақтайын менің тақтайыма жақындатып, менің тақтайыма мінді де, мені жолдан шығаруға тырысты.


Мен:


* Құдайдан қорық. Сіз бен біз апатқа кіріптар болып тұр емеспіз бе? Енді күнә жасасақ не болады? – дедім. Мен құшағымда ұйықап жатқан баланы жай шымшып оятып жібердім. Ол жылап жіберді де:


* Жарайды, кішкене күт. Мына баланы ұйықтатайын. Сосын дегенің болар,-дедім.


* Қара адам құшағымдағы баланы жұлып алып, дарияға лақтырып жіберді. Мен құдіреті күшті Аллаға жалындым:


* Әй, өте пәк Раббым! Адамдардың жүректерінің барлық сырларын, жағдайын білетін Раббым! Менімен мына қараның арасын алыстата көр, шәк жоқ, сен барлық нәрсеге қадірлісің.


Айтарымды әлі бітірген жоқ еді, дариядан бір жануар шықты да аузын ашып, қара адамға ұмтылды. Оны жұтты да суға сүңгіп кетті. Осы жағдайды көзбен көргенімде құдіреттің күшімен аман қалғаныма, оның пәк және өте мейірімді екеніне шәгім қалмады.


Содан соң дарияның толқыны Арал жаққа алып барып жеткізді. Мен ол жерде тақтайдан түсіп, Алла Тағаланың құдіретінен бір көмек келгенше осы жерде күн кешемін, жалғыз ғана оның құдіретімен жақсы жол табамын деп сендім. Сөйтіп ол жерде төрт күн өтті. Бесінші күні өтіп бара жатқан бір кеме көрінді. Үлкен бір төбеге шығып, үстімдегі бешпетімді шешіп, қолыммен бұлғадым.


Кеменің үстіндегілер үш адам болып менің қасыма келді. Мен ол қайықпен барып, кемеге міндім. Қара адамның дарияға тастаған өз баламды бір кісінің құшағынан көрдім. Көре сала жүрегім жарылып, құшақтай алдым:


* Бұл менің балам ғой, бұл менің жүрегім ғой.


* Қайдағы сенің балаң? Есің дұрыс па?! – деді біреуі.


* Ақылым орнында. Менің басымнан ғажайып бір оқиға өтті.


Тыңдаңдар деп, бастан кешкен оқиғаны айтып бердім. Олар тыңдап, таңғалысты:


* Сен ғажайып бір оқиға айттың. Енді біз айтайық. Сен оны естісең таңғаласың. Біз бір күні кеменің үстінде кетіп бара жатыр едік. Ауа райы жылы, күн ашық еді.


* Дариядан бір жануар шықты. Арқасында бір бала отыр. Бәріміз жануардың үстіндегі баланы алдық. Жануар қайта батып кетті. Содан бері бала бізде. Енді міне, бұл көргеніміз таңғаларлық жағдай еді. Бүгіннен бастап барлығымыз ешқашан да күнә істемеуге сөз берейік, - деп, барлығы тәубеге келді.


Алла Тағала – пәк, өте мейірімді. Барлық пенденің жағдайын біледі. Ең жақсы сыйлық –қайғыға тап болғанда тек қана Алла Тағаланы еске алып, жәрдем тілегендер үшін беріледі.


Сайтқа дайындаған: Мөлдір Қуандыққызы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары