Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Жәннатпен сүйіншіленген 10 сахаба
22 тамыз, 2014 жыл 153 Басып шығару нұсқасы

Жәннатпен сүйіншіленген 10 сахабаБарлық мақтау әлемді жаратқан Алла Тағалаға және оның әлемге жіберген соңғы Пайғамбары Мұхаммедке (с.а.с) сансыз салауаттар болсын.
Аллаһ тағала жоқтан бар етіп, Адам атамызды топырақтан, Хауа анамызды оның қабырғасынан жаратып, жер бетіне жіберді. Осы уақытқа дейін қаншама адам баласы жалған дүниеге келіп, бақи дүниеге қайтты. Олардың есебі бір Алла Тағалаға ғана аян. Осы адамдардың барлығы жақсы өмірді қалап, Алла Тағаланың ризалығына бөленуді аңсады. Ал, осы өмірде болсын, ол өмірде болсын, екі өмір жақсылығына жетелейтін жол – ол Алла Тағаланың әмірін орындап, оның уәде еткен сыйлығына қол жеткізу.
Алла Тағаланың қасиетті Құранда:
«Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары – астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаттары. Олар онда мүлде қалады. Алла Тағала олардан разы, олар Алла Тағаладан разы. Осы сыйлық Раббынан қорыққан кісі үшін» – деп айтқан. (Байна, 8- аят).
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с):


أعمل لدنياك كأنك تعيش أبدا واعمل لآخرتك كأنك تموت غدا
«Дүниең үшін мәңгі өмір сүретіндей әрекет ет, ақыретің үшін ертең өлетіндей амал ет» – деген хадисімен үмбеттерін жақсы амалдар жасауға үндеген.
Ислам дінін ұстанған біздің ата-бабаларымыз да бұл дүниенің жалған екенін мойындап, адам баласының шын бақытты жәннаттан ғана табатынын білген. Оған жету үшін Алла Тағаладан қорқып, жаратушының әмір еткен парыздарын орындауды, яғни бұл дүниеде жақсылық іс істеуді ғана аманат етіп кеткен. «Жағың талғанша жақсылық жаса» деген мақал сол ата-бабалардан қалған өсиет.
Біздің ақындарымыздың бірі:
Алла Тағала береді екі жол:
Бірі – оң да, бірі – сол.
Ойланыңдар, бауырлар,
Дүние қысқа, ахирет мол, – деп өткен екен.
Енді осыларға зер салып қарашы. Екі өмірдің жақсылығын қаласаң, Пайғамбарымыздан үлгі-өнеге болып қалған ізгі амалдарды ғана орындауың абзал болады екен. Біз үлгі тұтатын Пайғамбарды (с.а.с) көзі көріп, онымен сұхбаттасып, соңынан ерген сахабалар Алла Тағаланың парыз еткен және пайғамбарымыздан сүннет болып қалған амалдарды ғана орындап, екі өмірдің жақсылығына қол жеткізген.
عشر مبشرين
Міне, солар жәннатпен сүйіншіленген 10 сахаба еді. Олар: Әбу Бәкір, Омар, Оспан, Әли, 3убәйр ибн Әуудм, Талха ибн Ұбайдуллаһ, Сағд ибн Әбу Уаққас, Әбу Ұбайда ибн Жаррах, Абдуррахман ибн Ауф, Сайд ибн Зәйд. Оларға Алланың рахметі болсын. Осы кісілер қандай амал етіп жаннатқа лайық болды. Алла Тағала Құранда:
«Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер, олар зиянға ұшырамайды» – делінген. (Ғасыр, 3- аят):


Осы құранда айтылған сияқты Әбу Бәкір (р.а) да адамдарды сабырлықпен шындыққа үгіттеп, ең алғаш иман келтіргендердің қатарынан табылып, Пайғамбардың (с.а.с) өзі оны «турашыл» деген есіммен атаған. Бар дүниесін дін жолында құрбан етіп, өмірін беруге дайын болған. Ең алғаш қағбаның қасына барып, дінге шақырғанда, діннен алыс адамдар қолдарына не түссе, сонымен ұрып, Ұтба ибн Рәбия деген шегесі бар аяқ киіммен Әбу Бәкірді тепкілеп, туыстары өлім аузынан әзер алып қалады.
Пайғамбарымыз (с.а.с): «менен кейін пайғамбар келер болса, ол Хаттабұлы Омар болар еді» – деген.
Ол кісі дінге келгеннен кейін дін қуаттана түсті. Қағбанын қасында ешкім кедергі келтірместен мұсылмандар намаз оқыды. Сол кезде оған Пайғамбарымыздың (с.а.с) өзі «ақиқат пен жалғанның ара жігін ажыратушы» есімін берді.


Пайғамбарымыз (с.а.с) әркімнің жәннатта бір досы бар, менің жаннаттағы досым – Оспан. Әр адам кімге қызын бергісі келсе оның бақытын ойлап , дұрыс адам деп санаған адамға береді Пайғанбарымызда (с.а.с) 2 қызын Осман (р.а) – ға беріп қос нұрдың иесі деген есімге ие болды. Ол кісі басқаларға қатты жаны ашитын еді, өте жұсақ , киімін шешсе көрпенің астына шешіп періштелерден ұялатын еді.
Ертең байрақты Алла Тағала және Расұлы жақсы көрген ол да, Алла пен елшісін жақсы көретін араларындағы біреуге беремін. Алла оның көмегімен жеңіске жеткізеді. Содан мұсылмандардын барлығы түні бойы көз қақпай ол туды кімге береді әр бірінің ойы маған берсе бірақ Али (р.а) ға беремін Пайғанбпрымыз (с.а.с) оны Алланың разы болған құлы деген есімге ие болды. Ол дінде табандылық танытып ұрыстарда ержүректік көрсетіп Алла Тағаланың арыстаны деген есіммен танылған.
Әрбір сахабаларды айтатын болсақ, олардың да барлығы дінде табандылық танытып ұрыста ержүректік көрсетіп, екі дүниенің жақсылығына қол жеткізген Сахабалар жеткілікті. Міне осы сахабалар Пайғамбарымыздың (с.а.с) тірі кезінде Алла Тағаланың үлкен сыйы жаннатпен сүйіншіленген. Сол себепті екі өмірдің жақсылығына қол жеткізу үшін осы сахабалардан үлгі тұтсақ , олар қандай амал ееті солар сияқты, амал етуге тырысу өйткені олар сондай амалдары себебтен екі өмірдің жақсылығына жетті. Абай атамыз айтпақшы «Болмасанда ұқсап бақ» демекші олар не істеді, соны істеп, неден тыйылса одан тыйылу. Сонда екі өмірдің жақсылығына жетеміз. Алла Тағала барлығымызды екі өмірдің жақсылығына жетелеп, іс- әрекет етуімізді нәсіп етсін.


Дайындаған: Түсіпбеков Асылхан қажы Рахымжанұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары