Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Намаздың фазилеттері
28 тамыз, 2014 жыл 34 Басып шығару нұсқасы

Намаздың фазилеттеріРасулуллах с.ғ.с. бір хадис шәрифінде былай делінген:
«Намазда мынандай артықшылықтар бар:
1. Аллла Тағаланың ризашылығына ие болады.
2. Пайғамбарлардың сүннеті.
3. Періштелердің сүйіктісі болады.
4. Мағфирет нұр болады.
5. Иманы асыл болады.
6. Оқылуы уәжіп болған дұғалар оқылады.
7. Амалдар ол арқылы қабыл болады.
8. Малда табысты әрі берекетті болады.
9. Дұшпанға қарсы қару болады.
10. Шайтанды үркіту болады.
11. Иесі мен өлім періштесі арасынды жақсы бір көмекші болады.
12. Қиямет күніне дейін қабірде болады.
13. Қиямет күні иесіне көлеңке, басына тәж, үстіне киім болады. Сонымен қатар тозақтың оты мен оның арасында перде, Раббысының құзырында құтқарушы бір дәлел, таразы мизанына ауырлық, қыл көпірден өтуде оңайлық және жаннатың ашушы кілті болады»


Муаз ибн Жабил бин Абдуллах р.з. бірде айтты: Расулуллах с.ғ.с. аспанға меғражға шыққан кезде көктерде мынандай жағдайларға кезікті:
1) Бірінші қат көкте кейбір періштелерді көрді. Алла Тағала оларды жаратқан күнен бері олар Алла Тағаланы зікір етіп жатыр еді.
2) Екінші көкте бір періштелерді көрді. Алла Тағала оларды жаратқан кезден бері бастарын еш көтерместен Алла Тағала рукуғ етіп жатыр еді.
3) Келесі көкте бір періштелерді көрді. Алла Тағала оларды жаратқан күннен осы кезге дейін бастарын еш көтерместен Алла Тағала сәжде етіп жатыр еді. Бірақ бұл қатардағы періштелер Расулуллахқа с.ғ.с. сәлем берген кезде бастарын сәждеден көтереді. Расулуллах с.ғс. сәлемдеріне қарсы сәлем берген соң періштелер қайтадан сәждеге барады. Сол себептен намаз сәждесі екі рет жасалатын болды.
4) Келесі қатарда тағы бір топ періштелерді көрді. Олар ташаһһутте отыр еді.
5) Келесі қатарда тағы бір топ періштелерді көрді. Олар тасбих дұғасын оқып жатыр еді.
6) Келесі қатарда тағы бір топ періштелерді көрді. Олар такбир және таухид етуде.
7) Келесі қатарда тағы бір топ періштелерді көрді. Алла Тағала оларды жаратқан күннен бастап сәлем беріп жатыр еді.
Бұл істерді көрген соң Расулуллах с.ғ.с. жүрегімен армандап, бұл құлшылықтардың бәрі өзі үшін және үмбеттері үшін болғанын тіледі. Алла Тағала оның бұл тілегін берді. Алла Тағаланы жеті қабат аспандағы періштелердің ғибадаттарын бір араға келтіріп, Пайғамбарымызға сыйлады. Сосын былай бұйырды: “Әр пенде бес уақыт намазын оқыса, жеті қабат аспандағы періштелердің ғибадаттарындай ғибадат еткен болады”
Құрметті қауым жұмақтың кілті болған намазымызға бекем болайық.


Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары