Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Үмметтің артықшылығы
03 қыркүйек, 2014 жыл 251 Басып шығару нұсқасы

Үмметтің артықшылығыЗайд ибн Хаббабтан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Кімде-кім Аллоһуммә солли ғалә Мухаммад уа әнзилһу манзиләл-муқорробә ғиндәкә яумәл-қиямәти» Осы тәртіппен салауат айтқан адамға қиямет күні шапағатым уәжіп болады, деген екен.
Аллла Тағала Жебірейіл періштені (ғ.с.) жаратқанда алты жүз қанат берді, әрбір қанатының ұзындығын шығыспен батыстай қылды, өзінің әдемі, сұлу бейнесіне қарап, Алла Тағалаға сұрақ қояды: «Я Рабби! Мені (ғ.с.) сұлу қылып жараттың, басқа менен асқан сұлу жаратылыс бар ма?-деп сұрағанда Алла Тағала жоқ дейді. Сол кезде Жебірейіл (ғ.с.) Аллаға шүкір етіп, екі рікіғат намаз оқиды, әр рікіғатына жиырма мың жыл уақыт жіберіп оқиды. Сөйтіп Жебірейіл (ғ.с.) екі рікіғат намазын аяқтайды. Сонда Алла Тағала айтты: Ей Жебірейіл (ғ.с.) сен осы екі рікіғат намазыңды шын ықыласыңмен оқыдың, сен оқығандай ешкім оқи алмайды, бірақ қиямет жақындағанда Менің сүйікті құлым Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар келеді. Сол Пайғамбарымның (с.ғ.с.) әлсіз, намаз оқыса шатасып оқитын үмметі болады, солардың аз уақытта жаңылысып оқыған намазы сенің оқыған намазыңнан артығырақ себебі олар Маған әміріме бойұсұнып оқиды, ал сен болсаң шүкірлік қылып өз еркіңмен оқыдың дейді. Сонда Жебірейіл (ғ.с.) айтты: Я Рабби! Олардың сондай оқыған намазына нендей сыйлық бердің дейді. Алла Тағала айтты: Оларға Мен жәннәтүл-ма-уаны бердім дейді. Жебірейіл (ғ.с.) Я Рабби! Сол жәннәтүл-ма-уаны көруге рұқсат беріңіз деп сұрайды. Алла Тағала рұқсат бергенде, Жебірейіл (ғ.с.) қанаттарын ашқанда үш жүз мың жылдық жолды өте шығады және қанатын жапқанда тағы сондай жолды қысқартады осы жылдамдықен үш жүз мың жәннәтүл-ма-уаның ішінде ұшады сөйтіп Жебірейіл (ғ.с.) бір көрінген ағаштың көлеңкесіне әлсіреп сәждеге жатып Я Рабби! Жәннәтүл-ма-уаның жартысына ма? әлде 3/1-не немесе 4/1- не жеттім бе? деп сұрайды. Сонда Алла Тағала айтты: Ей Жебірейіл (ғ.с.) саған осынша қанат қосып, осы күш-қуатыңа тағы күш қосып жәннәтүл-ма-уаны үш жүз мың жыл ұшсаңдағы ол жәннәтүл-ма-уаның жүзден бір бөлігіне жете алмайсың міне ақыр заман Пайғамбар (с.ғ.с.) үмметінің екі рікіғат оқыған намазына берген сыйым осы деген екен».
Құрметті бауырлар! Алла Тағала біздерді ақыр заман Пайғамбары Мухаммедтің (с.ғ.с.) үмметі қылғанына сансыз шүкірлер айтуымыз керек. Алла Тағала барлығымызға таупық-һидаят берсін.



Арабшадан аударғандар: Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамдары Дархан Асылтыйұлы, Бекболат Зүлжаладдинұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары