Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Шайтанға алданбау
09 қыркүйек, 2014 жыл 287 Басып шығару нұсқасы

Шайтанға  алданбауАлла Тағала Нұр сүресінің 21 – аятында “Әй мүміндер, шайтанның басқан іздерін баспаңдар. Кім шайтанның іздеріне ерсе күдіксіз ол ұятсыздық пен жамандықты меңзейді. Егер сендерге Алланың игілігі, мейрімі болмаса еді, ешбіреуің әсте ағармайтын едіңдер. Бірақ Алла Тағала қалаған құлын ағартады Алла әр нәрсені есітуші, білуші”
Бұл аяттағы “шайтанның іздері” мынандай бір мағынаға келеді: “шайтанның жүрген жолы” шайтан кірген жолға кірменіз,оның ізіне ерменіз, айтқандарына ұйымаңыз.
Айрықша ақылдан тыс асқан зұлымдықтарды жою, жала жабу, өзгелердің құпия сөздерін тыңдау секілді.
Бір хабарда былай айтылған: намаз уақыты келген кезде ібіліс шайтан өз әскерлеріне әмір береді: “тарқаныздар, адамдарға барыңдар, оларды намазда мазалаңдар”
Бұдан кейін әр шайтан намаз оқып жатқан адамға келіп оны мазалайды, уақытында намаз оқуды оған ерте етеді. Бұл істерін істей алмаса, рукуғ, сәждесін кем қылуға тырысады, сондай-ақ оқылатын құранда, тәсбих дұғасында ол ойлағанын істеуге күші жетпесе адамның жүрегін дүние істерімен алдайды. Егер олар бұларды да істете алмаса қолы бос жағдайда оралып кетеді. Құр қол елгендеріне ібіліс шайтан “бұл икемсіз шайтан шынжырға ұрылып, теңізге тасталады” деп әмір етеді. Егер шайтан намазхан адамның намазына ең болмаса бір жолдан бөгет бола алғанда өзіне сыйлық беріліп, құрмет көрсетілетін еді.
Расулуллаһ с.ғ.с. бір хадис шәріпінде былай деген: “адам баласының, шайтанның және періштенің де бір міндеті бар. Шайтанның міндеті: - адам баласын жаман істерге бұру, шындықты жалған деп қабылдату.
Періштенің міндеті: - Адамның қайырға, жақсылыққа бетін бұру, шындықты туралау; Періштенің міндетін естіген кісі білсін, оның Алладан екенін және оған һамд (шүкір) етсін. Шайтанның міндетін естіген кісі Ұлы Алла Тағалның құзырынан құтылған шайтаннан Алла Тағаланың пана сұрасын. Әр бір пенденің төрт түрлі дұшпанымыз бар екенін білуіміз керек . Бұлардың әр бірімен жеке-жеке күресу керек.
Біріншісі: «Дүние». Алла Лұқман сүресіннің 33-ші аятында былай бұйырды: -«Дүние қызығы сізді алдамасын!» Екіншісі: «Нәпсің». Нәпсіге берілген армандардың ұйығына батсаң, дұшпанның да дұшпаны сол. Бұл мағынада Ибн Аббас (р.а) былай айтты:
-«Саған дұшпан болғандардың ең дұшпаны екі қабырғаңның арасында болған нәпсің»
Ұлы Аллаһ нәпсіні Юсуф алейһиссаламның тілінде Юсуф сүресінің 53-ші аятында былай делінген:
-«Мен нәпсімді басыма шығара алмаймын ғой, өйткені нәпсі бүкіл күшімен жамандық істеуге апарады»
Үшіншісі: «Жын-шайтан». Жын-шайтаннан Алла Тағаладан пана сұрап сыйыну керек. Бұл мағынада Фатир сүресінің 6-шы аятында былай бұйырады:
-“Шынымен шайтан сіз үшін дұшпан. Оны дұшпан тұтыңыз!”
Төртінші: “Адам шайтаны”. Бұндай шайтаннанда аса сақ болу керек, өйткені адамның шайтаны жынның шайтанынанда күштірек, жынның шайтанының аздыруы даусымен, ал адам шайтанының аздыруы көзбен көру арқылы және бетке беттің көмегімен болады.
Алла Тағала барша иманды пенделерін тас боран болып қуылған шайттаның азғыруынан сақтасын!
Теміртау қалалық мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы





Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары