Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Қабірдегі бірінші түн
16 қыркүйек, 2014 жыл 27 Басып шығару нұсқасы

Kabirdegi_surakЕкі түн. Оның біріншісі – адам өзінің үйінде бала-шағасының қасында ойнап-күліп, бақытқа толы сол түнді қаннен-қаперсіз өткізеді. Келесі түні өлім періштесі Әзірейіл عليه السلام келіп, Алла Тағаланың әмірімен ол адамның жанын алады. Міне, ол адам бірінші түні жанұясының қасында бақытқа кенеліп қаннен-қаперсіз өткізген болса, келесі түнді жалғыз өзі әлемдегі ең қараңғы жерде, жанұясынан, туысқандарынан өте алыста – қабірде өткізеді. Әрине, өлімнің барлығы рас және оны бүкіл адам баласы ерте ме кеш пе әйтеуір бір татары да анық. Осы тұрғысында Алла Тағала бізге Құран Кәрімнің Бақара сүресінде: «Барлық нәрсе құрып бітуші (жоғалушы). Тек Алла Тағала ғана қалушы» дейді. Қабірдегі бірінші түн. Иә ол түн жайында талай ғалымдар кітаптар жазды. Осы түнді есіне алып талай ғалымдар мен басшылар жылады. Бірде Пайғамбарымыз ﷺ сахабаларға жәннат жайлы және тозақ жайлы айтып, соңыра қабір азабы жайлы айтып отырғанда Осман رضي الله عنه жылап жібереді. Сонда жанында отырған сахабалар: «Я, Осман! Пайғамбарымыз ﷺ жәннат жайлы және тозақ жайлы айтқанында жыламадың. Неге қабір азабы жайында айтқанында жыладың?» - деп сұрады. Сонда Осман رضي الله عنه: «Е, онда мен жалғыз боламын ғой» деген екен. Адам баласы осы дүниеде өлмейтін сияқты өмір сүреді. Бірақ өлім жетіп, Алланың алдына барғанда үлкен өкініште болатыны жайлы Мүминун сүресінің 99-100-ші аятында: Ақыр олардың әрбіріне өлім келген сәтте: «Раббым! Мені дүниеге қайтар!» (99) Мүмкін мен дүниеде қалдырған жақсы ғамал істермін». Әсте олай емес. Рас бұл оның бір айтқан бос сөзі. Өйткені, олардың артында қайта тірілетін күнге дейін бөгет бар (100)». Қияметте Алланың алдында тұрып тәубе ету тым кеш. Кеше Алла Тағала сізге өмір берді. Бірақ сол өмірді, сол уақытты дұрыс пайдаға асырмадың. Ішкенің арақ болды, істегенің ұрлық, жегенің адамның қақысы, көрсеткенің зұлымдық болды. Енді өлім жетіп, Алланың алдында тұрсың. Енді Алладан тәубеңді қабыл алуын сұрайсың. Ана дүниеге қайта жіберуін өтінесің жалбарынасың. Бірақ тым кеш. Аллаға құлшылық етер болсаң бұрын қайда болдың? Сол Аллаға деген ғибадаттарды тастағанда жеткен жетістігің қандай? Өлім жеткенде саған сол жетістіктерің қандай пайда берді? Қияметтің отынан құтқара алды ма? Әрине, жоқ. Егер жетістіктерің саған көмектесер болса, сен Алладан ана дүниеге қайта жіберші, кезінде Өзіңе істемеген құлшылықтарымды істейін деп жалынбас едің ғой. Пайғамбарымыз ﷺ сахабалармен бірге «табук» соғысына қатысады. Ибн Масғуд айтады: Түнде тұрып Пайғамбарымыз ﷺ жатқан жерге қарап едім орнынан таппадым. Сосын Абу Бакр رضي الله عنه мен Омар رضي الله عنه -ды іздеп едім, олар да орындарында жоқ болып шықты. Әскер жатқан жердің шетінен бір жарық көрінді. Сол жарыққа жақындап барсам, қазылған қабірді көрдім. Қабірдің жанында кебінделген бір мәйіт жатыр екен. Мәйіттің қасында Абу Бакр رضي الله عنه мен Омар رضي الله عنه тұр. Қабірдің ішінде Пайғамбарымыз ﷺ Омар رضي الله عنه мен Абу Бакрге رضي الله عنه : «Достарыңды қабірге түсіріңдер» - деді. Пайғамбарымыз ﷺ мәйітті қабірге жатқызды. Оның екі көзі жасқа толы болды. Бетін қыбылаға қаратып, екі қолын көтеріп, Пайғамбарымыз ﷺ былай деді: «Я, Раббым! Мен оған разымын, сен де разы бол» - дейді. Ибн Масғуд: «Бұл қайтыс болған кім?» деп сұрайды. Бұл Абдулла Зулбажадайн деп жауап береді. Ия, расында барлығымыз қияметте бізге Пайғамбарымыз ﷺ разы болса екен деп үміттенеміз. Өйткені, қияметте Пайғамбарымыз ﷺ бізге шапағатшы болады ғой.Умуия мемлекетінің сұлтаны Омар бин Абдулазиз сұлтан болып тағайындалмай тұрғанда күніне киімін бірнеше мәрте ауыстыратын еді. Айналасында қызметшілері болды. Нені қаласа соны жасайтын. Бірақ, мұсылмандарға басшы болып сайланған күннен бастап осылардың бәрінен алыстады. Өйткені, ол енді басшы болды. Қиямет күні өзі үшін сұрақтың көп болатынын білді. Қабірдегі бірінші түнді есіне түсірді. Жұма күні минбарға шығып, көзіне жас алып былай деді: «Басшылықтарыңды қайтып






Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары